7 сынып «География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата26.12.2023
өлшемі14,98 Kb.
#199561
Байланысты:
7 сын «География» п нінен 2-то сан а арнал ан жиынты ба алау та
6-сынып әдебиет 14 сәуір

7 сынып
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


1. Тропосферадан жоғары 50 км биіктікке созылатын атмосфера қабатын атаңыз.
А) экзосфера В) тропосфера С) стратосфера
D) мезосфера Е) термосфера [1]
2. Тропосфераның жыл сайын қайталанып келетін жай күйін атаңыз.
А) климат В) ауа райы С) атмосфералық қысым
D) ауа температурасы Е) атмосфералық құбылыс [1]


3. Құрлық суына жатпайтын нысанды көрсетіңіз.
А) атмосферадағы су буы В) өзендер
С) мұздық D) көл Е) жер асты сулары [1]
4. Суының қасиеті, жануарлар дүниесі ерекше болып келетін мұхит бөлігін белгілеңіз.
А) шұңғыма В) шығанақ С) бұғаз
D) арал Е) теңіз [1]
5. Атмосфераның тропосфера қабатының ерекшелігін сипаттаңыз 2б


6. Мұхит суының қасиеттерінің бірі – тұздылық. Әлемдегі ең тұзды теңіз – Қызылтеңіз. Осы теңіздің тұздылығына әсер ететін факторлардың ішінен екеуін сипаттап жазыңыз.[2]


7. Мұхиттың беткі суы толқын жасап қозғалатынын білесіз. Осы толқындардың пайда болуының екі түрлі себебін сипаттап жазыңыз. [2]


8. Ауа райының қолайсыз құбылыстарын атап, сипаттаңыз.
a. Ауа райының қолайсыз құбылыстары ішінен өзіңіз өмір сүретін аймақта жиірек болатын біреуін таңдап атаңыз..............................[1]
b. Осы құбылыс өзіңіз тұратын аймақта қаншалықты жиі болатынына дәлел келтіріп жазыңыз....................................[3]
c. Аталған қолайсыз ауа райы құбылысының адамға теріс әсерін сипаттаңыз......[2]
d. Осы құбылыстың әсерінен сақтану жолдарын ұсыныңыз................[2]


9. Дүниежүзілік мұхит проблемаларының ішінен біреуін атап, олардың себептерін, салдарын сипаттап, сол проблемаларды шешу жолдарын ұсыныңыз.
Себебі .......................................................................[1]
Салдары.................................................................... [2]
Проблеманы шешу жолдары ...................................[2]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет