273. 63-суреттегі шарлардың массасы өзара тең. Заттардың тығыздығы бірдей ме?
274. 3 м3 пенопластың массасы 600 кг, ал 1,5 м3 тоздың (пробканын) массасы - 360 кг-ға тең екендігі мәлім болса, тоздың пенопластан тығызырақ екенін дәлелдеңдер.
275. Ас тұзының ірі кесектерінің тығыздығы 2160 кг/м8, ал майдаланған ұнтақтарының тығыздығы 800 кг/м3. Неге?
276°. Газ күйдегі сутектің тығыздығы 0,09 кг/м3, ал сұйык күйінде 69 кг/м3, қатты күйінде 80 кг/м3. Сутек тығыздығынын өзгеру себебі неде?
277°. Қорапта езен құмы бар. Сызғыш және әр түрлі гірлері бар таразымен күмнын тығыздығын қалай білуге болады? Сәйкес тәжірибені орындаңдар.
278. Газ қысканда неге тығыздалады? Мо-лекулальщ күрылысы негізінде түсіндіріңдер.
279. Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х 40х55 см. Осы престелген шөптің тығыздығын табыңдар.
280. Ауыз су құйылған шелек пен теңіз суын құйған дәл сондай шелектің массасы бірдей ме?
281. Ағаш, алюминий және болат шарлардың мәлшері бірдей. Олардың кайсысының массасы ең үлкен, кайсыныкі ең кіші?
282. Табақтары теңелген таразының үстінде кубиктер орналастырылған (64-сурет). Кубиктер жасалған заттардың тығыздығы бірдей ме?
283. Екі бірдей ыдыстың біреуіне (сол жағындағысына) су, екіншісіне - массасы сондай күкірт кышқылының ерітіндісі (65-сурет) құйылды. Сұйықтың қайсысының тығыздығы артық? Қандай нәтижеге сүйеніп корытынды шығардыңдар?
284. Таразының бір табағында (66-сурет) бір кесек қорғасын, екіншісінде - қалайы кесегі бар. Қорға-сын кесегі қай табақта?
285°. Ағаштан жасалған параллелепипедтің тығыздығын анықтаңдар. Есепті шығаруға кажет құрал-жабдықты өздерің таңдаңдар.
286°. Ыдысқа кұйылған сұйықтың тығыздығын анықтаңцар. Есепті шығаруға кажетті құралдарды өздерің таңдап алыңдар.
297. Бірдей металдан көлемдері 18; 90 және 162 см3 үш шар жасады. Бірінші шардың массасы 153 г. Екінші және үшінші шарлардың кг-мен өлшенген жалпы массасын аньщтаңдар.
298. 125 л сүйықтыктың массасы 100 кг. Оның тығыздығын та-быңдар.
299. Өлшемі 30 х10х 10 см3 қалайы білеушенің массасы 21,9 кг. Қалайының тығыздығын анықтаңдар.
300. Болаттан жасалған шатыр жабатын каңылтыр табағыньщ үзындығы 1 420 мм, ені 710 мм, калыңцығы 0,51 мм, болат қаңылтырдың массасы 3,98 кг. Болаттың тығыздығын анықтаңдар.
301. Судың ең үлкен тығыздығы 4°С температурада, ал кестеде көрсетілген 100°С-да судың тығыздығы 958 кг/м3. Соңғы тығыздық 4°С-дегі судың тығыздығынан қанша процент кем?
302.1 м3 көміркышқыл газының массасы бірде 8,5 кг, басқа жолы 0,002 т. Газ қай жолы кебірек қысылды?
303. Көлемі 1 м3 гелийдің массасы сол көлемдегі сутектің массасынан кднша есе артьщ (ауызша)?
304. Көлемі 1 м3 алюминийдің массасы сол көлемдегі корғасын массасынан қаншаға кем (ауызша)?
305. Көлемі 1 м3 мөрмәр кесегінің массасы сол көлемдегі балауыздан неше есе артық (ауызша)? 306. Көлемі 1 см3 алтынның массасы сол көлемдегі қорғасынның массасынан каншаға ауыр (ауызша)?
307. Өлшемі 1x0,8x0,1 м3 мәрмәр тақтаиың массасын анықтаңдар.
308. Үзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
309. Ені 3 м, биіктігі 2,5 м, калыңдығы 0,6 см шынының масса-сын анықтаңдар.
310. Алюминийден жасалған үшбұрыштың (67-сурет) массасын анықтаңдар. Өлшемдері миллиметрмен берілген. Үшбұрыштың калыңдығы 5 мм. Өлшемдері дәл сондай темір үшбұрыштың массасы қандай болар еді?