7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ



бет7/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


195. Ұзындығы 300 м автокеруен көпірмен бірқалыпты 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Егер көпірдің ұзындығы 600 м болса, керуен оны қанша уақытта өтеді?

196. Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғала отырып, көпірден

2 минутта өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай?



197. Трактор орнынан белгілі бір жылдамдықпен қозғалып, 15 с-тен кейін трақторшы жылдамдығын өзгертті. 37-суретте трақтордын қозғалысының уақытқа байланысты графигі сызылған. Содан трақтордың бірінші жағдайдағы жылдамдығын анықтаңдар. Ол жылдамдық аспабын ауыстырғанда қандай болды? Жүріс басталғаннан кейін 35 секундтан соң трактор қанша жол жүрді? Осы жолдағы трактордың орташа жылдамдығын табыңдар.



199. 37- суретте автомобиль жүрісінің сызығы салынған. 2,5 сағаттан кейін автомобиль бастапқы пункттен қай жерде болды? 80 км-ді ол қанша уақытта жүрді? Автомобиль қанша уақыт тоқтап тұрды? Жолдың ОА бөлігінде ол қандай жылдамдықпен жүрді?

200. 38-суретте екі пойыздың жол жүру сызығы көрсетілген. Пойыздардың жолға шыққан пункттерінің арасы қандай? Екінші пойыз қаншалықты ерте шықты? Бірінші пойыз жүрісін бастағаннан бастап қанша уақыттан кейін пойыздар кездесті? Екінші ппойыз қандай жылдамдықпен жүрді?



201. Егер бастапқы координата – 10 м, қозғалу жылдамдығы 5 м/с болса, бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың координатасының сызығы қандай болмақ?

202. 39-суреттен бірқалыпты қозғалысқа сай бөліктерді таңдап алып, сондағы жылдамдықтарды табыңдар. ОА бөлігіндегі қозғалыс сипатының ВС бөлігінен айырмасы қандай?


203. 40-суретте екі дененің қозғалыс жолының сызығы берілген. Екінші дененің жолға шыққан уақытынан қандай қашықтықта денелер кездеседі? Екінші дене қанша уақыттан кейін қозғала бастады? Оның қозғалу жылдамдығы қандай?



204. Түзу сызықты қозғалыс жылдамдығының графигі (41 сурет) бойынша дененің орын ауыстыру графигін салыңдар.



205. Түзу сызықты қозғалыс жылдамдығының графигі (42-сурет) бойынша орын ауыстыру графигінің және қозғалыс теңдеуін жазыңдар.



206. 43-суретте ОХ осімен қозғалған нүкте координатасыныңк уақытқа тәуелділігінің графигі берілген. Нүкте қалай қозғалады? Уақытқа тәуелді жылдамдық пен жолдың графигін салыңдар.



207*. 44-суретте ОХ бойымен қозғалған нүктенің координаты уақытқа тәуелділігі графигі берілген. Нүкте қозғалысының ерекшелігін түсіндіріңдер, әр түрлі уақыт аралығында ОХ осімен салыстырғанда нүкте қандай бағыттарда қозғалады? Уақыттың әр аралықтарында жылдамдық неге тең болады? Уақытқа байланысты жылдамдықтың және жолдың графигін сызыңдар.



208. Екі мотоциклші түзу сызықта бірқалыпты жүріп келеді. Біріншінің жылдамдығы екіншіге қарағанда артық. Олардың а) жолдары; ә) жылдамдықтары графиктерінің айырмашылығы неде? Есепті графикпен шығару керек.

209. 45-суретте графигі берілген денелер қозғалысының теңдеуін жазыңдар.



210. 46-суретте графигі берілген денелер қозғалысының теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет