7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ


Айналма әткеншек тепкен балалардың қозғалу траекториясының пішіні қандай? 135



бет4/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


134. Айналма әткеншек тепкен балалардың қозғалу траекториясының пішіні қандай?

135. Мына қозғалыстар түзусызықты ма, әлде қисықсызьқты ма: а) стадион жолымен 3000 м жүгіріп келген спортшы; ө) лифтінің қабинасы; б) желсіз ауадағы жаңбыр тамшысы; в) жазу кезіндегі қарындаш?

136. Түзу жолмен келе жатқан велосипедтің қай бөлшектері түзусызыкты траекториямен, қайсысы қисық сызықпен қозғалады?

137. Жермен салыстырғанда біркелкі және түзу сызықпен ұшып келе жатқан ұшақтың пропеллері ұшының траекториясы қандай? Есепті санау жүйесі: а) пропеллермен; ә) ұшақтың корпусымен; б) жермен берік байланысқан болуы тиіс.

138. Жермен байланысты санақ жүйесінде кісі метроның жүріп келе жатқан эсқалаторында тұрып тыныштық күйде бола ала ма?

139. Мембрана инесі ұшының қозғалу траекториясы қандай болмақ: а) ойнап тұрған пластинқамен салыстырғанда; ә) мембранамен салыстырғанда?

140. Неге Күн шығады, батады дейміз? Бұл жағдайда нені санақ денесі етіп алады?

141. Горизонталь орналасқан, айналып тұрған дискінің ортасынан оның бетімен кішкентай болат шар жіберілген. Шардың Жермен және дискімен салыстырғандағы траекториясы қандай?

142. Шынжыр табан трақтордың жылдамдығы 3 м/с. Жермен салыстырғанда және трақтордың корпусына қарағандаА нүктесі (шынжырдың жоғарғы жағында орналасқан) және Β нүктесі (шынжырдың төменгі жағында орналасқан) қандай жылдамдыкпен қозғалады?

143. Велосипедші 20 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Сонда велосипедтің доңғалағы тағандарының жылдамдығы қандай болмақ?

144. Бала тақтайдың бір ұшын ұстап тұр, екінпіі ұшы цилиндрде жатыр . Бала тақтайды алға қарай жылжытады, цилиндр тақтай бетімен домалайды. Тақтай цилиндр бетімен сырғанамайды. Егер тақтайдың үзындығы I болса, цилиндрге жету үшін бала қандай жол жүруі керек?



145. Велосипедтің доңғалағы υ жылдамдықпен бірқалыпты түзусызықты до-малайды (сырғанамайды). Доңғалақтың тогының жермен жанасқан Ο бастапқы нүктесін оның жер бетімен салыстырғандағы қозғалу траекториясын сызыңдар. Егер доңғалақ 2υ жылдамдықпен қозғалса, оның траекториясының қандай болатынын көрсетіндер.

146. Жүрдек пойыз 120 км жолды 3 сағатта, еш жерге аялдамай жүріп өтті.

Пойыздың жүрісін бірқалыпты қозғалыс деуге бола ма?



147. Дене бірінші секундте 1 мм-ге козгалды, екіншісінде 1 мм, үшіншісінде 1 мм-ге, төртіншіде тағы 1 мм-ге, т.с. Мұндай қозғалысты бірқалыпты деуге бола ма?

148. Аспандағы ақшыл із болып көрінген ұшақтың траекториясынан (31-сурет, масштабы 1 см - 10 км), жіп пен сызғышты пайдаланып, Α нүктесінен β нүктесіне дейінгі жолын анықтаң-дар. Осы екі нүктенің арақашықтығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет