49. Арбаша үстел үстімен жылжығанда оның тамызғысынан 15 тамшы тамып, бірінен-бірі 20 см қашықтықта із қалдырды. Әрбір 4 с сайын бір тампіы таматын болса (32-сурет), арбашаның жылжу жылдамдығын есептеп табыңдар.
150. Қағаз таспаларға арнайы белгілеуіш аркылы үш дененің қозғалысы жазылды. Денелердің орны бірдей уақытта белгіленіп отырды . Сызғышты пайдаланып, қай дене бірқалыпты, қайсысы бірқалыпты емес қозғалғанын анықтаңдар, 2-дене қозға-лысының 3-дененің қозғалысынан қандай айырмашылығы бар?
151°. Қолдағы сағатқа қарап, езің отырған пойыздың жылдамдығын: телеграф немесе шақырымдык бағаналарды бақылап; доң-ғалақтардың рельс түйіскен жердегі соғылуын тыңдап, қалай анық-тар едіңдер?
152. Жердің жасанды серігін үшыру үшін ғарыш зымыраны-ның жылдамдығы « 7900 м/с болуы тиіс. Осы жылдамдыкты км/сағ-пен көрсетіңдер.
153. Үшақтың жылдамдығы дыбыстан жоғары деу үшін оның жылдамдығы (км/сағ) қандай болуы тиіс?
154*. Бір елді мекеннен екіншісіне барар жолды мотоциклші 60 км/сағ жылдамдықпен, қайтар жолды ол 10 м/с жылдамдықпен жүрген. Барлық қозғалыс уақытында мотоциклші қандай орташа жылдамдықпен жүрген? Екінші пунктте аялдаған уақытты ескермеуге де болады.
155*. Жүк теплоходының Ертістің бір бөлігінде ағыспен жүзу жылдамдығы 600 км/тәулік, ал ағысқа қарсы жылдамдығы 336 км/тәулік. Осы тұстағы Ертіс өзен ағысының жылдамдығын анықтаңдар.
156. 25 м/с жылдамдықты м/мин және км/сағ-пен жазыңдар. Әр түрлі өлшемдермен берілген жылдамдықтың сан мәндеріне көңіл аударыңдар.
157. Мына екі жылдамдыктың қайсысы: 90 км/сағ және 22,5 м/с көп? Екі дененің қайсысынын қозғалу жылдамдығы аз: 30 м жолды 10 секундта және 12 м — 3 секундта жүрсе?
158°. Циркуль, сызғыш, жіпті қолданып шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасын анықтаңдар. Есепті шығару үшін радиусы әр тұрлі шеңберлер сызыңдар. Тәжірибеден алынған мәліметтерді пайдаланып, шеңбердің үзындығын, оның диаметрі немесе радиусы арқылы бейнеленген формуласын үсынындар.
159°. Қажетті өлшемдер жүргізіп, сағаттың минуттық және секундтық тілдері ұшының қозғалу жылдамдығын есептеп шығарыңдар.
160. Метро эсқалаторының жылдамдығы 0,8 м/с. Қозғалыс бағытында эскалатормен байланысты санақ жүйесінде 0,2 м/с жылдамдықпен жүрген адамның жерден 40 метрге көтерілу уақытын табыңдар.
161*. Эскалатор бір орында тұрған жолаушыны бір минутта көтереді. Ол тоқтап тұрған эсқалатормен жаяу 3 минутта көтеріледі. Қозғалып тұрған эсқалатормен жоғары жүріп келе жатқан жолаушы қанша уақытта көтеріледі?
162. Екі пойыз қарама-қарсы 36 км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші пойызда тұрған адам екінші пойыздың 6 секундта өте шыққанын байқады. Екінші пойыздың ұзындығы қандай?
163. Бірінші, екінші, үшінші ғарыш жылдамдықтары тиісінше 7,8; 11,2; 16,5 км/с. Осы сандарды м/с және км/сағ өрнектеп жаз.
164. Қоянның жылдамдығы 17 м/с, дельфиндікі - 900 м/мин, тасбақаныкі - 830 см/мин, қабыландыкі - 112 км/сағ. Бұлардың қайсысының жылдамдығы ең үлкен, қайсысы ең баяу жүреді?
165*. Екі пойыз 54 км/сағ бірдей жылдамдықпен арасына 10 мин салып, Алматыдан Астанаға қарай шықты. Қарсы келе жатқан пойыз олармен 4 минуттан кейін кездессе, оның жылдамдығы қандай?
166*. 63 км/сағ жылдамдыкпен келе жатқан мотоциклшінің тұсынан ұзындығы 300 м, жылдамдығы 45 км/сағ автоколонна қанша уақытта жүріп өтеді?
167*. 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан пойыздың вагонын оның жүрісіне перпендикуляр бағытта атылған оқ тесіп өтті. Вагон
қабырғасындағы бір тесік екіншісіне қарағанда 3 см жылжыган. Вагонның ені 2,7 м. Сонда оқтың жылдамдығы қандай?
168*. Әрқайсысының ұзындыгы 360 м, жылдамдығы бірдей 54 км/сағ екі пойыз түзу параллель жолдармен біріне-бірі қарсы жүріп келеді. Пойыз бастарының кездесуі мен соңғы вагондарының айырылуына қанша уақыт кетеді?
169. Пойыз 3 сағ 15 мин аялдамасыз сағатына 80 км жылдамдықпен жүрді. Көрсетілген уақытта ол қанша жол жүрді?
170. Жердің жасанды серігінің жылдамдығы 7 900 км/сағ. Егер оның траекториясының ұзындығы 42 660 км болса, ол қанша уақытта Жерді бір айналып шығады?
171. Жер Күнді 30 км/с жылдамдыкпен айналады. Сонда Жер өз орбитасында бір сағатта қандай қашықтыкқа орын ауыстырады?
172. Жарылыс техниқасында баяу жанатын бикфорд бауы қолданылады. Оны тұтандырысымен 300 м қашықтыкқа қашып үлгіру үшін ұзындығы қандай бау алу керек? Адамның орташа жүгіру жылдамдығы 5 м/с, ал жалын бауды бойлап 0,8 м/с жылдамдықпен тарайды.
Орташа жылдамдық
173. Іріктеу орнынан ылдиға қарай вагон 120 м қашыктықты 10 с өтеді де, жазықта жүрісін жалғастырып, әбден тоқтағанша 360 м жолды 1,5 мин жүреді. Вагонның барлық қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.
174. Мотоциклші алғашқы 10 минутта - 5 км, ал 9,6 км- 8 минутта жүреді. Мыналарды: а) осы екі аралықтың әрқайсысында оның орташа жылдамдығы қандай болды? ә) жүрістің барлық уақытындағы мотоциклдің орташа жылдамдығын км/сағ-пен анықтаңдар.
175. Қабырғаларын тазалау үшін ақвариумға жіберілген ұлу сейсенбіде 16 сағ 30 мин-тан бастап бейсенбіде сағ 9-ға дейін қабырғамен 42 см жорғалап өткен. Ұлудың орташа жылдамдығы қандай ?
176. Бірінші велосипедші 12 с бойы 6 м/с жылдамдықпен, екіншісі сол жолды 9 с жүріп өтті. Екінші велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай?
177. Автомобильмен жүріп келе жатқан бақылаушы, минуг сайын спидометрдің керсетуін жазып отырған. Соған қарап, автомобиль жүрісінің орташа жылдамдығын анықтауға бола ма?
178. Жүгірудің нормасын «өте жақсыға» орындау үшін қыз 60 метрді 9,6 секундта жүгіріп өтуі керек. Сонда қыз қандай жылдамдықпен жүгірген?
179. Шанғышы тауға көтерілгенде 3 км жолды 5,4 км/сағ жылдамдықпен, ал таудан түскенде ол 10 м/с жылдамдықпен 1 км жол жүрді. Шаңғышының барлық жолдағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |