678. Барометр-анероидтың шкаласындағы цифрлар (80, 78, 76, т.с.с.) нені көрсетеді? Оның шкала бөлігінің құны қандай? Ол қандай атмосфералык қысымды көрсетіп түр?
661. Ашық тұщы су тоғандарда қандай тереңдікте қысым қалыпты атмосфералық қысымнан екі есе артық болады?
662. 8 м керосин бағанасының қысымымен қалыпты атмосфералық қысымды теңестіруге бола ма?
663. Төңкерілген шөлмектен су неге ышқынып бүлкілдеп шығады, ал дәрігердің «грелкасынан» бірқалыпты шапшиды?
664. Салмаксыздық жағдайында ғарышкер кемеде тұрып, поршеньді автоқаламға сия толтыра ала ма?
668. Ашық жатқан дәптердің бетіне ауаның түсірген күшін есептеңдер.
669. Ғарыш кемесінде салмақсыздық жағдайында тамызғыны пайдалануға бола ма?
671. Шахтаның түбіндегі барометр 109 297 Па, ал жер бетінде — 103 965 Па қысым мөлшерін көрсетсе,шахтаның тереңдігін анықтаңдар. Орта есеппен әрбір 10 м-де қысым 111 па-ға өзгереді.
672. Жер бетінде қалыпты атмосфералық қысым болса, шахтаның 840 м тереңдігіндегі атмосфералық қысымды есептеп шығарыңдар.
673. Тау етегінде барометр 98 642 Па, ал оның шыңында - 90 317 Па қысым мөлшерін көрсетеді. Таудың биіктігін анықтаңдар.
676. Атмосферасы бар орбиталық стансада Торичелли тәжірибесі орындала ма? Нәтижелері қандай болар еді?
679. Ыдыстағы газдың қысымы атмосфералық қысымнан артық па, кем бе (150-сурет)? Қаншаға? Оны қалай анықтадыңдар? Егер атмосфералық қысым қалыпты болса, газдың қысымы неге тең?