7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ


Массасы 82 кг адам массасы 4,5 кг тоздан (тығыннан) жасалған кұтқару белдігінің көмегімен суда тұра ала ма? 729*



бет31/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


728. Массасы 82 кг адам массасы 4,5 кг тоздан (тығыннан) жасалған кұтқару белдігінің көмегімен суда тұра ала ма?

729*. Егер әр бөрененің орташа көлемі 0,8 м3, ал тығыздығы 650 кг/м3 болса, 25 қарағай бөренеден байланыстырылған сал қандай салмақтағы жүкті суда ұстап тұра алады?

730. Белгілі бір баржаның жүк көтерімділігі өзен немесе теңіз суының қайсысында жоғары? Неге?

731*. Мүнай құйылған мүхит танкерінің су ығыстырымдылығы 828 000 кН. Танкердің жүгімен бірге салмағы қандай? Оның су астындағы бөлігінің көлемін есептеңдер.

732°. Судан тығызырақ заттан (мысалы, пластилиннен) жасалған денені суда қалқытып қоюға бола ма? Қалай? Жорамалдарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
733. Суретте көрсетілген шыны түтік суда қалқып тұрса, цилиндрдегі су қай деңгейге дейін көтеріледі?

734°. Динамометрді және массасы 200 г жез гірді пайдаланып, берілген сұйықтың тыгыздығын анықтаңдар.

735°. Таразыда қорғасын және алюминийден жасалған денелер теңестірілген. Екі денені де суға толық батырғанда таразы табақтарын қайта теңдестіру үшін қай табаққа жүк қосу керек? Неге? Жауапты тәжірибемен тексеріңдер.

736°. Масштабты сызғыш, массасы 50 г гір, резеңке бау, су құйылған стакан және штативті пайдаланып, картопты толық суға батырғанда, оның кері итеруші күшін анықтаңдар.

737*. Су кұйылған ыдыста мұз кесегі қалқып жүр. Егер су үстінен керосин кұйса, мұз кесектің бату тереңдігі қалай өзгереді?

738. Шөлмек ішінде түбін жоғары қаратып кішкентай шыны түтік қалқып жүр . Егер алмұрт тәрізді резеңке арқылы шөлмек ішінде ауа қысымын көбейтсе, шыны түтіктің бату тереңдігі өзгере ме? Жауапты тәжірибемен дәлелдеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет