7-сынып Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл Құрметті мұғалім! Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы»


«XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет6/12
Дата13.11.2022
өлшемі0,93 Mb.
#158004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ОШ БЖБ Дуниежузи тарихы 7 сынып

«XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып



Ресей мен Ұлыбритания Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?

Оқу мақсаты

7.3.2.2 XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
7.4.2.1 Түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді көрсетеді

  • Түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты



20 минут



Тапсырма


1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. ХV ғасырдың ортасында Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық Византия аумағын жаулап алған мемлекетті көрсетіңіз.

  1. Англия

  2. Араб халифаты

  3. Қасиетті Рим империясы

  4. Осман мемлекеті

  5. Солтүстік Иран

1.2. 1684 жылы османдарға қарсы құрылған “Қасиетті Лига” коалициясына кірмеген мемлекетті атаңыз.



  1. Австрия

  2. Мальта

  3. Польша

  4. Ресей

  5. Франция



2. Берілген мәліметтерді пайдаланып, кестені толтырыңыз.
Англия мен Ресейдің ХІХ ғасырдағы экономикалық дамуының ерекшеліктерін анықтаңыз. (Әр мемлекетті шойын балқыту, көмір өндіру бойынша берілген жылдармен талдау жасаңыз)
Шойын балқыту (мың тонна)

Жыл

Англия

Ресей

1860

237168

20467

1900

549630

176828

Көмір өндіру (млн. тонн)

Жыл

Англия

Ресей

1860

117

1

1900

225

12


жылдар

Шойын балқыту

Көмір өндіру

1860 жыл Ресей







1900 жыл Ресей







1860 жыл Англия







1900 жыл Англия







Англия мен Ресейдің осы жылдардағы өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктеріне қорытынды жасаңыз







Бағалау_критерийі__Тапсырма_№__Дескриптор'>Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді көрсетеді

1

ХV ғасырдың ортасында Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық Византия аумағын жаулап алған мемлекетті көрсетеді;

1

1684 жылы османдарға қарсы құрылған «Қасиетті Лига» коалициясына кірмеген мемлекетті көрсетеді;

1

Түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтайды



2

1860 жылғы Англияның шойын балқыту ерекшелігін анықтайды;

1

1860 жылғы Ресейдің шойын балқыту ерекшелігін анықтайды;

1

1900 жылғы Англияның шойын балқыту ерекшелігін анықтайды;

1

1900 жылғы Ресейдің шойын балқыту ерекшелігін анықтайды;

1

1860 жылғы Англияның көмір өндіру ерекшелігін анықтайды;

1

1860 жылғы Ресейдің көмір өндіру ерекшелігін анықтайды;

1

1900 жылғы Англияның көмір өндіру ерекшелігін анықтайды;

1

1900 жылғы Ресейдің көмір өндіру ерекшелігін анықтайды;

1

Англия мен Ресейдің осы жылдардағы өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктеріне қорытынды жасайды.

1

Жалпы балл

11



«XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы» бөлімі жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:_________________________



Бағалау
критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді көрсетеді



ХV ғасырдың ортасында Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық Византия аумағын жаулап алған мемлекетті,1684 жылы османдарға қарсы құрылған «Қасиетті Лига» коалициясына кірмеген мемлекетті
көрсетуде қиналады

ХV ғасырдың ортасында Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық Византия аумағын жаулап алған мемлекетті,1684 жылы османдарға қарсы құрылған «Қасиетті Лига» коалициясына кірмеген мемлекетті көрсетуде қателіктер жібереді

ХV ғасырдың ортасында Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық Византия аумағын жаулап алған мемлекетті,1684 жылы османдарға қарсы құрылған «Қасиетті Лига» коалициясына кірмеген мемлекетті көрсетеді



Түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстырады



1860 және 1900 жылғы Англия мен Ресейдің шойын, көмір балқытудағы ерекшелігін анықтауда, Англия мен Ресейдің осы жылдардағы өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктеріне қорытынды жасауда қиналады

1860 және 1900 жылғы Англия мен Ресейдің шойын, көмір балқытудағы ерекшелігін анықтауда, Англия мен Ресейдің осы жылдардағы өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктеріне қорытынды жасауда қателіктер жібереді



1860 және 1900 жылғы Англия мен Ресейдің шойын, көмір балқытудағы ерекшелігін анықтап, Англия мен Ресейдің осы жылдардағы өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктеріне қорытынды жасайды






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет