Байланысты: 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055
2-тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу. Жұмыстың барысы: Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін қатарлау тәсілі қолданылады.
Бұранданың орам оймалары орналасқан бөлігінің ұзындығын сызғышпен өлшеп аламыз. Одан кейін оймалардың орам санын мұқият санап шығыңдар.
Бұранда қадамын анықтауда бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен бояп алу керек.