7-сынып.
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:
Масса, m1(г)
|
Иін, ℓ1(см)
|
Күш,
F1 (Н)
|
Күш моменті,
М1 (Н·м)
|
Масса,
m 2 (г)
|
Иін, ℓ2(см)
|
Күш,
F2 (Н)
|
Күш моменті,
М2 (Н·м)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2·100%
Достарыңызбен бөлісу: |