Бағалау.
Қорытындылау.
7-сынып.
Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал-жабдықтар: динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка, тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс.
Жұмыстың барысы:
Динамометр көмегімен денеге әсер ететін Ға ауырлық күшін өлшеңдер.
Мензурканы пайдаланып, дененің көлемін анықтаңдар.
Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер:
Ғы=ρgVд
Ға ауырлық күші мен Ғы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жү.зінде тексеріңдер.
Кестені толтырыңдар.
№
|
сұйық
|
Ға,Н
|
Vд, м3
|
Ғы, Н
|
Ға мен Ғы
қатысы
|
Батады, жүзеді немесе қалқып шығады
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау.
Қорытындылау.
7-сынып
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: кішкентай денелердің өлшемін анықтау.
Мақсаты: қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.
Құрал-жабдықтар: сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы, астауша, бұранда.
1-тапсырма. Шариктің диаметрін анықтау.
Жұмыстың барысы:
Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір-біріне түйістіріңдер. Сызғыштың екі тиектің ара қашықтығын өлшеп алыңдар. Оны астаушадағы шариктердің санына бөліп, бір шариктердің диаметрін анықтаңдар:
Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар:
-
Зерттелетін дене
|
Қатардағы бөлшектің саны (N)
|
Қатардың ұзындығы
(L, мм)
|
Диаметр
(d, мм)
|
Диаметрді өлшеу қателігі
(h, мм)
|
Шарик
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |