7 сыныптың алгебра сабағында мәтіндік есептерді шығаруда дидактикалық принциптерді қолдану әдістері



бет16/17
Дата29.12.2021
өлшемі210,29 Kb.
#106159
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Аббасов А.

Қорытынды
Қорыта келе, мектеп математикасында, оның ішінде 7 сынып алгебра пәнінде кездесетін мәтіндік есептерді шешуде дидактикалық принцтерді қолданудың маңызды екені көрсетілді. Мәтіндік есептерді оқушылардың қиындықсыз шешуі үшін мұғалімдердің білімділігінің қажеттілігі мен сабақ өту барысында қолдануы тиіс ережелері бар екендігін байқадық. Сонымен қатар оқушылардың мәтіндік есептердің берілуіне қарап есептегі шартты тұжырымдай алуына ықпал ететін негізгі әрекеттің түрі мәтіндік есептерді шығару әдістерін көбірек қолдану болып табылады. Дипломдық жұмыста мәтіндік есептердің мектеп оқулықтарында көп кездесетін түрлері: қозғалысқа, жұмысқа, қоспалар мен пайыздарға арналған есептердің шартын анықтау және оны шешудің жолдары көрсетілді. Есептерді шығара отырып, математиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің орындалатынынна көз жеткізуге болады.

Мәтіндік есептерді теңдеу құру арқылы шығарудың жолдарын қарастыруда оқушыларды теңдеуді дұрыс құруға бейімдеу, дағдыландыру мақсатында есептерді шығару жолдары келтірілді.

Есептер ішінде пайызға берілген қолданбалы есептерге ерекше көңіл бөлінеді. Математиканы оқыту үдерісінде пайыздық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту проблемасын теориялық жағынан төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туды:

Мектепте математиканы оқыту үдерісінде пайыздық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың қажеттілігі негізделді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған есептерді іріктеуге қойылатын талаптар айқындалып, сол талаптарға сәйкес есептер жүйесі құрылды. Пайыздық есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырады.

Есептер ішінде қолданбалы есептерге ерекше көңіл бөлінеді. Олардың көмегімен оқушыларға нақты өмір мен оның математикалық үлгілерінің арақатынасы таныстырылады, өйткені дерексіз математикалық үлгі заттың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Қорыта келгенде оқу үрдісінде мәтіндік есептерді шығаруда дидактикалық принциптердің әр түрлі тәсілдерін пайдалану сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға, ең негізгісі – оқушылардың білім сапасының артуына апаратын бірден-бір жолы деп түсінемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет