7. Тақырыбы: 1950-60 жж Қазақстан мұрағатының дамуы. Мақсаты



бет2/2
Дата23.04.2020
өлшемі27,93 Kb.
#64262
түріНұсқаулар
1   2
Байланысты:
Семинар 7
Семинар 6 архив, Семинар 6 архив, ЭССЕ инклюзия
Әдебиеттер:

1. Архивоведение, археография. М. 1989. №2

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

3. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

4. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.
1. 1954 жылы 24 шілдеде аудандық және қалалық мемлекеттік мұрағаттарды Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жергілікті кеңес атқару комитеті мен Қазақ ССР ІІМ жетекшілігіне беру туралы ұйғарымы бойынша, ІІМ аудандық және қалалық бөлімдердің таратылуына байланысты сәйкес келетін мемлекеттік мұрағаттардан әкімшілік-шаруашылық жетекшілігін жандандырып, Қазақ ССР аудандық және қалалық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетіне жүктеді. Оларға құжаттық материалдарды сақтауда жағдаймен қамтамасыз етіп, сол сияқты құжаттардың көшірмесі мен анықтамасын пайдалануға өтініш білдірген азаматтар мен мекемелерге беретін болды. Мемлекеттік мұрағатта құжаттарды сақтайтын орындарға күрделі жөндеу жүргізіліп, оларға қажетті стеллаж, шкаф, сейфтер,өрттен сақтайтын техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, құжаттарға ревизия мен систематикалық бақылау жүргізуді облыстық атқару комитеті өз міндетіне алды. Аудандық және қалалық, мемлекеттік мұрағатта аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің мөрін пайдалану енгізілді. Республикамыздың аудандық және қалалық мұрағаттарына ұйымдық – методикалық жетекшілік жасау Қазақ ССР ІІМ- не міндеттелінді.

1956 жылы 7 қаңтарда № 246 ССРО Министрлер Кеңесі мен КПСС ОК- нің қаулысы бойынша партия ұйымдарында министрлер мен ведомстволарда мұрағат материалдарын сақтаудың ретсіз және өте төмен жағдайда екедігін ескертті. Бұл кемшіліктер Қазақ ССР мұрағатынан бой көрсетті. Мұрағат құжаттарының кейбір мөлшері негізсіз құпияланып, ведомстволар мен мекемелердің және ғылыми қызметкерлердің пайдалануына мүмкіндік болмады. Содан бері Қазақ ССР- нің біршама мұрағаттарына қазіргі таңда бұл құжаттарды құпия қорда сақтау сонша қажет болмаса да революцияға дейінгі, Қазан революциясы кезеңіндегі, азамат соғысы мен одан бергі жылдардағы құжаттық материалдардың біршама бөлігі құпия сақталды.

Көптеген мұрағат мекемелерінде мұрағат құжаттарын зерттеу жұмысына жіберуге қатаң бақылау орнатылды. Дәл қазіргі кезең үшін практика жүзінде партия және кеңес мекемелерінің құжаттары пайдаланылды. Мұрағат құжаттарының публикациялану жағдайы да қанағаттанғысыз болды. Республикадағы мұрағат, кітапхана және ғылыми мекеме жұмыстарында микросурет көшірмесі мен жаңа техниканың көмегімен микрофильмдік құжаттар шығарылмады. Министрлер мен ведомстволарда шаруашылық мекемесі мен концелярияда сирек кездесетін құжаттарды мұрағатқа жайғастыруды ойламады. Осы уақытқа дейін ірі мұрағат қорларын ретке келтірмеді, жарамсыз жерлерде сақталынып, бұзылуға ұшыраған кейбір құжаттардың тозығы жетті, олар да уақытылы өңдеу көрмеді. Мұрағат маман кадрларымен нашар толықтырылды. Мұнда жұмыс істеуге басқа жұмыстардан еңбек белсенділігін көрсете алмай келгендер жіберілді. Тіпті ІІМ мұрағат ұйымдарында рұқсатсыз мұрағат материалдарын макулатураға өткізіп жіберген жағдайлар да кездесті.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Кеңес мұрағаттары мен революцияға дейінгі мұрағатта материалдарды пайдалану мен ретке келтіруді жақсарту мақсатында қаулы шығарды. Осы қаулының негізінде 1956 жылы 7 ақпандағы № 246 ССРО Министрлер Кеңесі мен КПСС Орталық Комитетінің сақтауды реттеу мен министрліктер мен ведомстводағы мұрағат материалдарын пайдалануды жақсарту  туралы басқару мен орындауды жүзеге асыруды қолға алмақ болды. 1956-1957 жылдары облыстық, қалалық, аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінде мұрағат материалдарын ретке келтіруді, мұрағаттарды маманданған кадрлармен қамтамасыз етуді, құжаттық материалдарды пайдалануға жан-жақты мүмкіндік жасауды Қазақ ССР Министрліктері мен ведомствосына міндеттеді. Революцияға дейінгі мұрағат материалдарын публикациялап, сол сияқты Кеңестік дәуір материалдары мен мұрағат құжаттарын осы кезеңге дейінгі құпияланып жатқан Кеңес мемлекетінің құжаттарын жариялауды Қазақ ССР ІІМ- не міндеттейді. Осы қаулыны болашаққа ала отырып, құжаттарды ашық түрде басып, публикациялап, ғылыми мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіліп, Партия, Кеңес ұйымдарының коллегалды басқару қорытындысын тарихи және саяси мәні бар құжаттардың мазмұнын шығарған мекеменің атын көрсетіп жариялайтын болды.

50 жылдардағы өкімет орындарының мұрағат ісі жөніндегі арнаулы қаулылары. 1957 жылы 12 қазанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің республиканың Орталық мемлекеттік мұрағатының және Алматы қалалық мемлекеттік мұрағатының қарамағына беру туралы қаулы қабылданды. Ол қаулы бойынша Орталық мемлекеттік Қазан революциясы мұрағаты, Қазақ ССР социалистік құрылыс мұрағаты, Қазақ ССР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Қазақ ССР Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттары мұрағаты республиканың бір мемлекеттік мұрағатына беріліп,  Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағаты  деп аталынды. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты мен Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты біріктіріліп,  Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты  деп аталынды. Және мемлекеттік мұрағаттардың реорганизаторлық жұмыстары 1957 жылы 20 қазанға дейін аяқтау Қазақ ССР ІІМ- не тапсырылды. Осы қаулы бойынша 1943 жылғы 27 қаңтардағы № 25  Алматы қаласында Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттары мұрағатын ұйымдастыру  туралы Қазақ ССР ХКК- нің шығарған қаулысының күші жойылуы тиіс болды.

Кеңес Одағының Орталық мемлекеттік мұрағатынан бастап республикалық, облыстық, аудандық мұрағат ұйымдарын басқару мен бақылау Халық Комиссарлар Кеңесінен кейін министрлер кеңесінің құзырында болды. Бұл жүйе содай- ақ вертикалды түрде іске асырылды және әкімшіл - әміршіл жүйенің бір саласы болды.

Мұрағат ұйымдары, оны басқару тәртібі, оған өзгерістер енгізу тек орталықтың шешімі бойынша ғана іске асырылып отырды. Орталықтың Одақтық Министрлер Кеңесінің шешімі, үкімі мен нұсқаулары мүлтіксіз орындалуы тиіс болды. Республикалық, облыстық және аудандық мұрағат мекемелерінің басшылары сондықтанда Одақтық басқару, бақылау мекемелерінің шешімдерін қадағалап, оны іске асырып отыруға міндетті болды. Өз кезегінде аудандық мекемелер облыстыққа, облыстық мекемелер республикалыққа, ал республикалық мекемелер Одақтық басқару ұйымдарына есеп беріп отырды. Мұнын барлығы мемлекеттік бақылаудың қатаң түрде жүргендігін көрсетеді. Бұл қатаң тәртіп партиялық қадағалаумен басқарудың барысында бұрынғыдан да күшейе түсті. Жоғарыда аталған атқарушы органдары КПСС Орталық Комитеттің съездерінің, конференцияларының шешімдерімен бас секретарының үкімдерін басшылыққа алуға міндетті болды.

Кеңес дәуіріндегі мұрағатты басқару және оның қызметінің іске асуы тікелей мемлекеттік партия ұйымдарының құзырында жүзеге асып отырды. Коммунистік идеологияның шеңберіндегі құжаттарға ерекше көңіл бөлінді.


2. 1951 жылы 31 наурызда Жоғарғы Кеңес Президумы  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне сайлаудағы сайлаушылар комиссиясының материалдары мен құжаттарын сақтау тәртібі  туралы қаулы шығарды. Осы қаулыға байланысты учаскелік сайлаушылар комиссиясының сайлаушылар бюллетені, дауыс беру хаттамасы, сайлаушылар комиссиясының басқа материалдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары толық өкілеттілік ретінде танығанға дейін Кеңестердің Атқару Комитеттерінде сақталатын болды, бұдан кейін бұл құжаттық материалдар Қазақ ССР ІІМ- нің мұрағатына сақтауға жіберіледі.

Өлкелік сайлау комиссиясының дауыс беру хаттамасына байланысты ұсынылған Өлкелік сайлау комиссиясының хаттамасы, Өлкелік сайлау комиссиясының Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттыққа кандидаттарды тіркеу хаттамасы, қоғамдық ұйымдар мен сайлау комиссияларының басқа да материалдары Қазақ ССР ІІМ- нің облыстық мұрағатына сақтауға берілді. Еңбекші Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетінде сақтауға берілген сайлау бюллетендері, саяси ұйымдарға өткізілген материалдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі толық өкілетті депутаттығын таныған соң, барлық құжаттары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президумының концеляриясының келісілген нұсқауымен жойылып отырылды. Сайлаушылар құжаттарының қолданылмай қалғандары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің кезекті жаңа сайлауына дейін Еңбекші Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетінде сақталады. Бұл бланкілер басқа қажетке қолдануға берілмейді. 1954 жылы 24 шілдеде аудандық және қалалық мемлекеттік мұрағаттарды Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің жергілікті Кеңес Атқару Комитеті мен Қазақ ССР ІІМ жетекшілігіне беру туралы ұйғарымы бойынша, ІІМ аудандық және қалалық бөлімдердің таратылуына байланысты сәйкес келетін мемлекеттік мұрағаттардан әкімшілік-шаруашылық жетекшілігін жандандырып, Қазақ ССР аудандық және қалалық Еңбекші Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетіне жүктеді. Оларға құжаттық материалдарды сақтауда жағдаймен қамтамасыз етіп, сол сияқты құжаттардың көшірмесі мен анықтамасын пайдалануға өтініш білдірген азаматтар мен мекемелерге беретін болды. Мемлекеттік мұрағатта құжаттарды сақтайтын орындарға күрделі жөндеу жүргізіліп, оларға қажетті стеллаж, шкаф, сейфтер, өрттен сақтайтын техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, құжаттарға ревизия мен систематикалық бақылау жүргізуді Облыстық Атқару Комитеті өз міндетіне алды. Аудандық және қалалық, мемлекеттік мұрағатта аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің мөрін пайдалану енгізілді. Республикамыздың аудандық және қалалық мұрағаттарына ұйымдық – методикалық жетекшілік жасау Қазақ ССР ІІМ- не міндеттелінді.



1956 жылы 7 қаңтарда № 246 ССРО Министрлер Кеңесі мен КПСС ОК- нің қаулысы бойынша партия ұйымдарында министрлер мен ведомстволарда мұрағат материалдарын сақтаудың ретсіз және өте төмен жағдайда екедігін ескертті. Бұл кемшіліктер Қазақ ССР мұрағатынан бой көрсетті. Мұрағат құжаттарының кейбір мөлшері негізсіз құпияланып, ведомстволар мен мекемелердің және ғылыми қызметкерлердің пайдалануына мүмкіндік болмады. Содан бері Қазақ ССР- нің біршама мұрағаттарына қазіргі таңда бұл құжаттарды құпия қорда сақтау сонша қажет болмаса да революцияға дейінгі, Қазан революциясы кезеңіндегі, азамат соғысы мен одан бергі жылдардағы құжаттық материалдардың біршама бөлігі құпия сақталды.

Көптеген мұрағат мекемелерінде мұрағат құжаттарын зерттеу жұмысына жіберуге қатаң бақылау орнатылды. Дәл қазіргі кезең үшін практика жүзінде партия және кеңес мекемелерінің құжаттары пайдаланылды. Мұрағат құжаттарының публикациялану жағдайы да қанағаттанғысыз болды. Республикадағы мұрағат, кітапхана және ғылыми мекеме жұмыстарында микросурет көшірмесі мен жаңа техниканың көмегімен микрофильмдік құжаттар шығарылмады. Министрлер мен ведомстволарда шаруашылық мекемесі мен концелярияда сирек кездесетін құжаттарды мұрағатқа жайғастыруды ойламады. Осы уақытқа дейін ірі мұрағат қорларын ретке келтірмеді, жарамсыз жерлерде сақталынып, бұзылуға ұшыраған кейбір құжаттардың тозығы жетті, олар да уақытылы өңдеу көрмеді. Мұрағат маман кадрларымен нашар толықтырылды. Мұнда жұмыс істеуге басқа жұмыстардан еңбек белсенділігін көрсете алмай келгендер жіберілді. Тіпті ІІМ мұрағат ұйымдарында рұқсатсыз мұрағат материалдарын макулатураға өткізіп жіберген жағдайлар да кездесті. Әсіресе, Қазақ ССРсауда министрлігінде, Қазақ ССР совхоз министрлігінде, Қазақ ССР мәдениет министрлігінде, Қазақ ССР ет-сүт өнімдері өнеркәсібі министрлігінде, Қазақ ССР автотранспорт және жол министрлігінде, Қазақ ССР коммуналды шаруашылық министрлігінде, Қазақ ССР жергілікті және отынмен жабдықтау өнеркәсібі министрлігінде, Қазақ ССР социалистік қамсыздандыру министрлігінде және басқа да мекемелерде мұрағат құжаттарын ретке келтіру мен сақтау өте төменгі дәрежеде болды. Көптеген облыстық, қалалық, аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитеттерінде мұрағат құжаттарын пайдалануда ведомстволық мекемелерде, ұйымдарда, өндіріс орындарында қателік жібергендерге шара қолданылмады. Бұл мұрағат жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. Осыған байланысты Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет Кеңесі мұрағаттары мен революцияға дейінгі мұрағатта материалдарды пайдалану мен ретке келтіруді жақсарту мақсатында қаулы шығарды. Осы қаулының негізінде 1956 жылы 7 ақпандағы № 246 ССРО Министрлер Кеңесі мен КПСС Орталық Комитетінің сақтауды реттеу мен министрліктер мен ведомстводағы мұрағат материалдарын пайдалануды жақсарту  туралы басқару мен орындауды жүзеге асыруды қолға алмақ болды. 1956-1957 жылдары облыстық, қалалық, аудандық Еңбекші Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетінде мұрағат материалдарын ретке келтіруді, мұрағаттарды маманданған кадрлармен қамтамасыз етуді, құжаттық материалдарды пайдалануға жан-жақты мүмкіндік жасауды Қазақ ССР Министрліктері мен ведомствосына міндеттеді. Революцияға дейінгі мұрағат материалдарын публикациялап, сол сияқты Кеңестік дәуір материалдары мен мұрағат құжаттарын осы кезеңге дейінгі құпияланып жатқан Кеңес мемлекетінің құжаттарын жариялауды Қазақ ССР ІІМ- не міндеттейді. Осы қаулыны болашаққа ала отырып, құжаттарды ашық түрде басып, публикациялап, ғылыми мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіліп, Партия, Кеңес ұйымдарының коллегалды басқару қорытындысын тарихи және саяси мәні бар құжаттардың мазмұнын шығарған мекеменің атын көрсетіп жариялайтын болды.

50 жылдардағы өкімет орындарының мұрағат ісі жөніндегі арнаулы қаулылары. 1957 жылы 12 қазанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің республиканың Орталық мемлекеттік мұрағатының және Алматы қалалық мемлекеттік мұрағатының қарамағына беру туралы қаулы қабылданды. Ол қаулы бойынша Орталық мемлекеттік Қазан революциясы мұрағаты, Қазақ ССР социалистік құрылыс мұрағаты, Қазақ ССР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Қазақ ССР Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттары мұрағаты республиканың бір мемлекеттік мұрағатына беріліп,  Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағаты  деп аталынды. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты мен Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты біріктіріліп,  Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты  деп аталынды. Және мемлекеттік мұрағаттардың реорганизаторлық жұмыстары 1957 жылы 20 қазанға дейін аяқтау Қазақ ССР ІІМ- не тапсырылды. Осы қаулы бойынша 1943 жылғы 27 қаңтардағы № 25  Алматы қаласында Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттары мұрағатын ұйымдастыру  туралы Қазақ ССР ХКК- нің шығарған қаулысының күші жойылуы тиіс болды.

1958 жылы 2 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесі  мемлекеттік аппарат пен республиканың қоғамдық ұйымдарында өндірісті қазақ тілінде жүргізуді жақсарту туралы қаулы қабалдады. Қазақ ССР Министрлер Кеңесі министрліктер, ведомстволар, облыстақ атқару комитеттері, республиканың аудандық және қалалық еңбекші депутаттар кеңесінде соңғы жылдары өндірісті жүргізу ісінде қазақ тілінің рөлінің төмендеп бара жатқанын ескертеді, сол сияқты республикамыздың сан-саналы қоғамдық өмірінде, азаматтармен қатынас, басылымдар тек қана орыс тілінде ғана жүргізілді. Осы құлдырауға байланысты шығарылған бұл қаулы өзінің нақты нәтижесін көрсете алмады. Өкімет басшылары бұл тұйықтан шығудың тіпті басқа жолы болмаса екі тілде жұмыс жүргізуді көздеді. Әсіресе, баспа жұмысында мүмкін болса қазақ тілінде немесе екі тілде де шығаруды көздеді.

Қаулы бойынша Қазақ ССР-нің барлық министрліктері мен ведомстволарында, олардың жергілікті ұйымдарында, қазақтар кең қоныстанған аймақтарда, жазба жұмыстары, бұйрықтар, азаматтардың хаттарына жауаптары олардың ана тілінде берілуі тиіс еді. Мекемелер мен ұйымдардың көрсеткіштері, географиялық карталары, әртүрлі бланкілер, өнеркәсіп өнімдерінің этикеткалары тек орыс тілінде ғана дайындалды. Бұның бәрі орыс тілін меңгермеген қазақтар үшін қиын болды. Осы мақсатпен алдағы уақытта: қаулы, шешімдер, бұйрықтар, республикалық көрсеткіштердің барлық түрлері, облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарда отырған халықтың ұлттық құрамына қарай, қазақ- орыс тілдерінде яғни, екі тілде көрсетуге еңбекші депутаттар кеңесі сессияларында, конфереция және жиналыстарда екі ұлттың өкілдері қатысқан кеңестерде екі тілде жүргізуге, шағымдар мен еңбекші сұрақтарына жауап екі тілде, өндіріс, мекеме, ұйымдардың хаттарына жауап, хат қай тілде жазылып келсе, сол тілде жауап берілуі тиіс болды. Тіпті, жарнама, хабарландырулардағы плакаттар да қос тілдікті қажет деп тапты. Осы ниетпен 1959 жылы республиканың өндірісті жүргізу ісінде толығымен жаңа реттеу үшін тез арада дайындық ісін қолға алу министрліктер мен халық шаруашылығы кеңестеріне, облыстық атқару комитетінің меңгерушілеріне жүктелді. Байланыс мекемелерінде республика территориясындағы почта, телеграф корреспонденциясы, посылкаларды тасымалдау жұмысын қазақ тілінде жүргізуге бір ай уақыт берілді. Бұл жұмыс Қазақ ССР Байланыс Министрі - Носковқа жүктелінді. Бұның жемісіне өзіміз куә болып отырмыз. Сол сияқты, қазақ тілін үйренуге тілек білдірген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқып- үйренуді ұйымдастыруды Оқу Ағарту Министрлігі өз мойнына алды. Және өздігінен оқып үйренем деушілерге арнап оқулық пен сөздік дайындап шығармақ болды. 1958 жылдың маусым айынан бастап республикада қазақ тілінде стенографистер дайындау үшін екі жылдық республикалық курсқа 75 адам, қазақ тілінде машина басушылар дайындау үшін алты айлық курсқа 50 адам жіберуді Қазақстан еңбек резерві басқармасы міндетіне алды, ал оларды қамсыздандыру финанс министрлігінің міндетіне бөлінді. Қазақ әріпімен жазылатын жазба машинасын бір айда жеткізу Қазақ ССР мемлекеттік жоспарлау комитетінің міндетінде болды. Осы қаулының шешімдеріне сәйкес 1959 жылдың 1 қаңтарына дейін хабарлама жасауды Қазақ ССР Халық шаруашылығы министрлігі мен облыстық атқару комитетінің ведомстволық жетекшілеріне міндеттелінді. Бірақ жоғарғы өкімет орнының басшылар қаншама мәні зор мәселелер көтергенімен бұл қаулы тек қағаз жүзінде қалып қойды деуімізге толық болады. Бұл мәселе осы күндердің өзекті мәселесі болып жатыр, бірақ жемісінің қаншалықты боларына уақыт куә болары даусыз.

1958 жылы 25 маусымда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қазақ ССР мемлекеттік мұрағатының аудан мен қаладағы жағдайы туралы қаулысы шықты. Осы қаулыны бекіте отырып, мемлекеттік мұрағат жұмысына жетекшілік жасауды жақсарту мен тереңдетуді, маман- кадрлармен қажетті керек- жарақтармен қамтамасыз етуді аудандық атқару комитеті мен қалалық атқару комитетіне міндет етті. 1958 жылы 25 маусымдағы Қазақ ССР- нің аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағат жөніндегі ереже шықты. Қазақ ССР- нің аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағаты аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің жанынан ССРО мемлекеттік мұрағат қорының уақытша құжаттық материалдарын сақтау мен концентрациялау үшін құрылды. Қазақ ССР мемлекеттік аудандық мұрағатының жұмысына аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитеті жетекшілік жасап бақылайды. Аудандық мұрағаттың методикалық және ұйымдастыру шаралары мен кадрлардың іскерлігін арттыруда Қазақ ССР ІІМ- нің мұрағат басқармасы, жергілікті жерлерге – облыстық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің ішкі істер мұрағат бөлімі басқармасы жетекшілік етті. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағаттың жұмысына еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің шешімдері  Қазақ ССР ІІМ мұрағат басқармасы мен ССРО ІІМ Басмұрағат басқармасының инструкциялары мен методикалық көрсеткіштеріне сүйенді. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағаттың құжаттық материалдардың дұрыс пайданалуы мен сақталуына меңгеруші жауапты. Мұрағат меңгерушісінің еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитеті сайланды. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағаттың анықтамалары мен құжаттық материалдардың көшірмесіне аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағаты аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің меңгерушілері немесе орынбасары жауап береді, оларға мөрлерін қоюы керек. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағат аудандық (қалалық) бюджет қорының есебіне негізделген. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағатта болған шаралар  аудандық (қалалық) еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің бухгалтериясының есебінен шығарылып отырды. Аудандық (қалалық) мемлекеттік мұрағат мыналарды өз басшылығына алды: мекемеден, ұйымдардан, өндіріс орындарынан қабылданған құжаттар сол мұрағатқа қатысты болуын, мұрағаттағы құжаттардың сақталуын, оларды топтап, ретке келтіру мен есептеуді.

Мекемедегі сұраныстың орындалуы мен ССРО азаматтарының өтінішіне сай, оларға мұрағат анықтамасын беріп, құжаттың көшірмесін есептен шығаруды, ғылыми экспертиза қорытындылары мен тәжірибелік бағалы құжаттар мен мұрағаттағы мерзімі біткен материалдар, экспертизаның дұрыстығын тексерген қағаздар, мекеме, ұйымдарда, өндіріс орындарында сақталуға кірмейді. ССРО мемлекеттік мұрағат қорының құжаттық материалдарының ұрлануы мен заңсыз жойып жіберуге қатысқандар заңды түрде жауапқа тартылды. Аудандық (қалалық) мұрағат мекемесіне Қазақстан КП мен Қазақстан ЛКЖО ұйымдарынан, әскери бөлімдер мен мекеммелерден, арнаулы мекеме бөлімдерінен құжаттар қабылданбайды. 1958 жылғы 13 тамыздағы ССРО мемлекеттік мұрағат қоры туралы ережеден:



ССРО мемлекеттік мұрағат қоры  ғылыми және практикалық құжаттық материалдарды пайдалануды, оларды есептеу мен сақтауды қамтамасыз ету мақсатын құрды. ССРО мемлекеттік мұрағат қорына Кеңес мемлекетінің ғылыми, саяси практикалық мәнге ие барлық құжаттар кіреді. Атап айтқанда мемлекеттік өкімет ұйымы мен мемлекеттік басқару жүйесінің ережелері, бұйрықтары, есебі, хаттамалары, жоспалары, техникалық құжаттар мен жеке тұлғалардың жазбаларының көшірмелері және тағы басқалар. ССРО мемлекеттік мұрағат қорының құжаттық материалдарын пайдаланумен олардың сақталуына ССРО ІІМ мұрағат басқармасы жауапты. ССРО өкімет орындарының қаулылары, шешімдері мұрағат қорында үнемі сақталады. Сол сияқты ССРО Ғылыми Академиясының құжаттық материалдары мен жекеленген ғалымдардың ғылым үшін маңызы бар еңбектері мұрағат қорында үнемі сақталынады.

Соғыстан кейінгі 1946-1960 жылдары республикадағы мұрағат ісі біршама дәрежеде жақсы денгейде жүргізілді. Мұрағат ісінің дұрыс жүргізілуіне құжаттардың өз дәрежесінде сақталуына, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бүлінген құжаттардың қайта қалпына келтірілуіне басты себеп  өкімет орындарының қаулылары болды. Осы қаулылардың жүзеге асырылуы нәтижесінде мұрағат материалдарын пайдалануда біршама тәртіп орнады. Бұл орайда, 1950 жылғы 1 наурыздағы министрліктер мен мекемелерде, шаруашылық ұйымдарда, колхоз, совхоздар, МТС- тарда мұрағат материалдарын сақтауды толығымен ретке келтіру мен есепке алу туралы қаулыны атауға болады. Жалпы, 1946-1960 жылдары республика бойынша жетістіктер болды. Осы жылдарғы қаулының негізінде мұрағат мекемелеріне басшы қызметкерлер тағайындалып, жемісті еңбектер атқарылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет