Лекция№9 Дәнді дақылдар. Дәнді бұршақтар Дəндi дақылдарға көптеген мəдени өсiмдiктер жатады. Оларды бiрнеше топқа бөледi: ұн алынатын, жармалар алынатын жəне бұршақты дақылдар деп бөледi. Ұн алынатын дақылдарға жұмсақ жəне қатты бидайдың (мягкая и твердая пшеница – Triticum vulgare, T. durum), кəдiмгi арпаның (ячмень обыкновенный – Hordeum vulgare) , егiстiк сұлының (овес посевной – Avena sativa) , қарабидайдың (рожь посевная – Secale cereale) күздiк жəне жаздық сорттары жатады. Бұлардың ұнынан нан пiсiредi жəн макарондар жасалынады. Жармалар алынатын өсiмдiктерге ақ тары (просо посевное – Panicum miliaceum), италия итқонағы, чумиза (италянское просо – Setaria italica), кəдiмгi құмай (соргo обыкновенное — Sorghum vulgare), африка тарысы (пенциллярия — Pensillaria), екпе күрiш (Рис посевной – Oryza sativa) , жүгерi (кукуруза, маис — Zea mays) , егiстiк қарамық (гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum) жатады. Бұлардың дəнiнен алынатын жарманы тiкелей тамаққа пайдаланады. Бұршақты дақылдарға егiстiк асбұршақ (горох поссевной – Pisum caticum), үрмебұршақ (фасоль обыкновенная – Phaseolus vulgaris), ас жасымық (чечевица пищевая – Lens culinaris), дала ноқаты (нут полевой – Cicer aretinum), мəдени қытайбұршақ (Соя культурная – Glycine hispida), қытай лобия (лобия китайская – Vigna sinensis) тағы басқалар жатады. Осы аталған дəндi дақылдардың барлығының тағамдық мəнi зор. Олардың бiрқатары аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Бұлардың iшiнде тағамдық өсiмдiк ретiнде ең маңыздысына бидай жатады. Бидай – өте ертеде мəденилендiрiлген өсiмдiк. Оны адам баласы 10 мың жылдан аса уақыттан берi сеуiп келедi. Бидай дəндерi адамның алғашқы қоныстанған жерлерiн қазып, зерттегенде табылып жүрдi. Египет пирамидаларынан да қазiргi кездегi бидай дəндерiне ұқсас дəндер табылған. Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дəндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т.б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дəндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мəселесi де қолға алынуда. Нан – бiздiң баға жетпес байлығымыз. Нан – диқандар қауымының, механизаторлардың, ауыл шаруашылық мамандарының, ғалымдардың ересен еңбегiнiң жемiсi. Жер бетiнде бидайдың 20-дай түрi кездеседi, əрбiр түрдiң көптеген сорттары бар. Олардың өздерiне тəн тұрақталған белгiлерi болады. Бидайдың сабағы – сабан. Оның буындары мен буынаралықтары айқын көрiнедi. Бiр өсiмдiк 2-4 – тен 12-ге дейiн, кейде одан да көп сабақтар бередi.Бидай жапырақтары ұзын, жiңiшке таспа тəрiздi болып келедi жəне параллель жүйкеленедi. Сонымен бiрге жақсы жетiлген жапырақ қынапшасы болады. Гүлшоғыры- күрделi масақ, ол көптеген масақшалардан тұрады. Əрбiр масақтың осiнде екiден масақтық қабыршақтар орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында 2- ден 7-ден гүлдер жетiледi (41-сурет). Бидай гүлiнiң құрылысы, астық тұқымдасына тəн болып келедi: 2 гүл қабыршығы, 3 аталығы 1 аналығы болады. Аналығының сыртын түктер жауып тұрады, оның аузы қостелiмдi болып келедi, мойны болмайды. Əле толық ашылмаған бидай гүлдерiнде өзiн-өзi тозаңдаңдыру жүредi. Жемiсi — дəн. Ең маңыздылары қатты жəне жұмсақ бидайлар. Қатты бидайдың эндоспермi тығыз болады. Қатты бидайды ерте көктемде себедi. Ол топырақ жəне климат талғайды. Қатты бидай ауа райы жылы, жарығы мол, топырағы құнарлы Оңтүстiк жəне Оңтүстк шығыс аудандарда себiледi. Қатты бидайдың сортарын Қазақстанның солтүстiк аймақтарының астықты аудандарында көптеп себедi. Қатты бидай эндоспермiнiң төрттен бiрiн ақуыз (белок) түзедi. Ақуыз (белок) — сапаның көрсеткiшi. Егер эндоспермдегi ақуыздың мөлшерi 14-15% жетсе, онда бұл дəннiң сапасының жоғары болғаны. Эндоспермнiң маңызды бөлiгiнiң бiрi желiмтек (клейковина)