7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет1/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция-7


7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері
Мақсаты: Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздерімен танысу. Мазмұны: Дәл егiн шаруашылықтың мәнi. Орнын анықтау жүйелерi. Өрiстiң құнарлылығының параметрлерiнiң кеңiстiктiк және уақытша құбылмалылықтың зерттеу үшiн әдiс, құралдар және жабдықтар. Топырақтың түрi бойынша аймақтарға өрiстiң бөлінуi. Өрiс бойынша қоректенудiң элементтерінің үлестiрiлуiнiң картограммалары. Электрондық карталарды минералды тыңайтқыштарға енгiзу. Тыңайтқыштардың дифференциалдық тың енгiзуi әр түрлi әдiстерiнiң тиiмдiлiгiнiң бағасы. Дәл егiн шаруашылығын ауыл шаруашылығында дамыту және кiрiспесiнiң перспективалары. Күтілетін нәтиже: Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері туралы білім алу.
Лекция№1 Егін шаруашылығының негіздері.
Кіріспе. Егіншілік жүйелері – шаруашылықты жүргізудің бір саласы. Сондықтан оларды бір-бірінен бөлек қарауға болмайды. Шаруашылықты жүргізу жүйесі – ауыл шаруашылығы құрылымында егін жəне мал шаруашылығы өнімдерін неғұрлым мол, жоғары сапалы, өзіндік құны төмен өндіру үшін шаруашылық салаларын экономикалық тиімді үйлестірудің нəтижесінде ғылыми тұрғыдан дəлелденген ұйымдастыру-экономикалық, технологиялық (агротехникалық, зоотехникалық), экологиялық шараларлың жəне техникалық құралдардың жиынтығы. Жүйенің негізгі салалары болып егін жəне мал шаруашылығы саналады. Бұлармен бірге өндірістің негізгі құралдарын ұйымдастыру жүйесі (машиналар мен механизмдер, өндірістік ғимараттар ж.т.б.) жəне қосалқы (көмекші) өндіріс пен кəсіпшілік орындары да жүйенің құрамына кіреді. Соңғысы шаруашылықтың пайдалылығын арттыру, жергілікті шикізаттарды жəне еңбек қорын толық жəне тиімді пайдалану үшін негізгі салаларға қосымша ашылатын қосалқы жұмыс орындары. Егін жəне мал шаруашылығы өзара тығыз байланысты болып келеді, бірінбірі толықтырып отырады. Дегенмен ауылшаруашылығының негізін өсімдік шаруашылығы құрайды, өйткені тіршілікке керекті органикалық заттар тек жасыл өсімдіктерде түзілетіні белгілі. Сондықтан өсімдік шаруашылығын дұрыс, жүйелі түрде жүргізу бүкіл ауыл шаруашылығының тиімділігіне үлкен əсер ететіні сөзсіз. Егін шаруашылығын жүйелі жəне кешенді түрде, ғылыми негізде жүргізу агрономия ғылымының бір саласы егіншілікке жүктелген. Негізгі түсінік Егіншілік жүйесі дегеніміз – аз шығын жұмсау арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан тұрақты жоғары жəне сапалы өнім алу үшін жерді тиімді пайдалануға дəне топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған техникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру-экономикалық жəне экологиялық шаралардың жиынтығы. Келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай егіншілік жүйесіне көп шаралар кіреді. Олардың бəрі шаруашылықтағы егістік жерді толық жəне тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын ұдайы арттырып отыру, табиғаттың залалды құбылыстарын бəсеңдету немесе жою мақсатында жүргізілуі керек. Егіншілік жүйелерін жоспарлағанда жергілікті агроклиматтық, су жəне басқа қорларды, топырақ құнарлылығының деңгейін, дақылдардың биологиялық мүмкіншілігін, шаруашылықтың экономикалық даму дəрежесін, оның материалдық мүмкіншілігін еске ала отырып жасау керек. Бұл жұмыс толық мəнінде жасалса бағытталып, нақтылы агроландшафтқа бейімді болуы тиіс. Егіншілік жүйесінің жалпы ортақ белгілері (нышандары) – жерді тиімді пайдалану жолары (пайдалантын жердің арақатынасы, егіс көлемінің құрылымы) мен топырақ құнарлылығын арттыру тəсілдері болып келетінін есте сақтау қажет. Ал егін шаруашылығының тарихы топырақтың құнарлылығын орнына келтіру мен арттырудың негізгі 4 тəсілін біледі. Олар – жерді тыңаю үшін аз-көп уақытқа пайдалануды доғару арқылы табиғи факторлардың əсеінен оның құнарлылығын жоғарылаты; пар қолдану (парлау) арқылы егіндіктің құнарлығын арттыру; топырақ құнарлылығын арттыру үшін көпжылдық шөптерді пайдалану; алға қойған мақсатты орындау үшін, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолдану жəне осы аталған тəсілдерді өзара əртүрлі арақатынаста үйлесімді түрде қолдану. Еігіншілік жүйесі адам баласының тарихи дамуының туындысы, қоғам дамуының əрбір саласындағы агрономия ғылымы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің ең жоғарғы көрсеткіші болып саналады. Егін шаруашылығының даму тарихы ерте заманда ақ басталған. Адам егінщілікпен айналыса бастағаннан кейін оның негізі қалана бастайды. Алғашқы қауымдық, құл иелену жəне феодалдық қоғамның алғашқы кездеріне егіншіліктің қарапайым жүйелері сəйкес болды. Олар топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген болатын. Қарапайым егіншілік жүйелері деп өңдеуге жарайтын жердің аз ғана бөлігі пайдаланатын, өнімділігі төмн болатын, көбіне астық дақылдары егілетін, топырақ құнарлылығын көтеру адамның қатысуынсыз, табиғи процесстердің көмегімен ұзақ уақыт жүзеге асырылатын, өнім алуға жұмасалтын шығынның мөлшері жоғары болатын егіншілік жүйелерін айтамыз. Ең қарапайым егіншілік жүйелерінің қатарына алғашқы қауымдық заманында жерге жеке меншік болмаған кезде далалық аймақта қолданған тыңайған жер, орманды аймақта кесіп-өртейтін егіншілік жүйелері жатады. Тыңайған жер егіншілік жүйесі - өңделетін жер құнарлығы төмендегенде оны тастап, басқа құнарлы тың алқапты игеру жəне бастапқы учаскеге қайтып оралмайтын қарапайым егіншілік жүйесі. Топырақ құнарлығының төмендеуі, ал оның салдарынан өнімнің өз шығынын ақтамайтындай азаюы топырақтың беткі қабатының құрылымының бұзылып шаңдануы, арамшөптер зиянкестер мен өсімдік ауруларының көбеюіне, өте қарапайым құралдармен топырақты өңдеумен байланысты болып келеді. Жер телімін пайдалану мерзімі əртүрлі (6-10 жыл) болып келген. Бұл аталған қарапайым егіншілік жүйесіне орманды аймақтарда кесіп өртеу егіншілік жүйесі сəйкес келеді. Кесіп өртеу егіншілік жүйесі – ормандағы ағаштарды кесіп, томарлардан тазартып, қалдықтарын өртеп, орнына мəдени өсімдіктерді өсіретін, ал құнарлылығы төмендегенде бұл жерді тастап, қайта оралмайтын егіншілік жүйесі. Егістікке арналған орман алқаптары 2-3 жыл бойы дəнді дақылдар, зығыр етуге пайдаланылған. Бұл жерді тастап, басқа жерге көшуге жоғары айтылған себептерден басқа, ағаш өркенінің көбеюі мəжбүрлеген. Қоғамның даму барысында жерге жеке меншік пайда болғанын білеміз жер, ал орманды аймақтарда тыңайтылған жер, ал орманды аймақтарда ағаштанапты егіншілік жүйелері деп аталады. Бұдан бұрынғы қарапайым егіншілік жүйелерінен негізгі айырмашылығы – құнарлылығы орнына келгеннен кейін алғашқы егістікке қайтадан оралуы. Сонымен тыңайтылған егіншілік жүйесі дегеніміз – құнарлылығы төмендеуге байланысты əр түрлі уақыт бойы пайдаланбаған, ал тыңайғаннан кейін қайтадан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделе бастайтын қарапайым егіншілік жүйесі. Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері Топырақ құнарлылығының орнына келуі табиғи факторларға тікелей байланысты болып келеді. Ол үшін жер иесі өзінің телімін бірнеше бөлімге бөліп, оның бір бөлігі, негізінен дəнді дақылдар егуге пайдаланып, көпшілігі өндірілмей, тыңаюға қалдырылып отырды, тыңаю кезеңі əр түрлі болады (10-20, 30 жылға дейін). Осы уақытта топырақ күш алып, өнімділік қабілеті жоғарылайды. Содан кейін бұл жерде қайта игеру басталып отырды. Табиғи жағдайда топырақ құнрлылығының өзгеруі ең алдымен осы жерде өсетін өсімдіктерге (өсімдік қауымдастығына) байланысты екені белгілі Мысалы, далалы аймақтарда өңдеусіз қалған жерде келесі жылы аз жылдық, тез өсетін биік арамшөптер қаптап өсе бастайды. Соған қарап бұл кезеңді қурайлы алқап деп атаған. Топырақта ылғал мөлшері көбеюі, тез өсетін өсімдіктердің тамырының көмегімен топырақ қуыстылығының молаюын, аэробтық процестердің дамуын күшейтеді, қорытындысында топыраққа сіңімді қоректік заттардың қорлана бастауына жол ашады. Міне, топырақтағы орын алған осы факторлар көпжылдық сабақтамырлы өсімдіктердің өсіп-дамуына əкеліп соғады. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы бидайық болады. Содан жылдан жылға оның саны мен салмағы көбейе бастайды. Бұл кезеңді бидайықты шалғын деп атайды. Бидайықтың тамырларының арқасында топырақтың органикалық заттары көбейеді, құрылымы дұрыстала бастайды, көбіне шабындық ретінде пайдаланады. Сонымен қатар топырақ біртіндеп тығыздала бастайды, аэробты процестер əлсірейді, ылғал тез шығынға ұшырай бастайды. Оның салдарынан топырақтың жоғарғы қабатында орналасқан бидайықтың сабақтамырларына қолайсыз жағдай туғандықтан ол келе-келе сирей бастайды, оның орнына өсімдіктердің басқа қауымдастығы келеді. Бұл кезең 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған дейін жеткен жерді жұмсақ тыңайтылған деп атайды. Табиғи жағдайда бидайықты түптенуі селдір (сирек түп) анаэробты жағдайға бейімделген астық тұқымдастар алмастырады. Олардың басым көпшілігі шисабақ қоңырбастан тұрады да, одан басқа атқонақ, арпабас, еркекшөп сияқты өсімдіктер кіреді. Бұл тыңаю кезеңі ең көп өсетін өсімдіктің атымен қоңырбасты алқап делінеді. Əрине бұл аталған кезең оның алдындағымен (бидайықты) салыстырғанда өнімділігі төмен болады, көбіне жайылым ретінде пайдаланады. Тек өсімдік қауымдастығында еркекшөп пен арпабас басым болғанда ғана шабындыққа пайдалануға болады. Бұл кезең 10-15 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыттың барысында топырақтың тығыздалуы, органикалық заттардың көбеюі, ылғалдың тұрақты болмауы салдарынан анаэробтық процесстер күш алып, қоректік заттардың сіңімді түрі азая береді де, селдір түпті Олардың ішіндегі негізгісі бетеге болғандықтан, бұл кезеңді бетегелі алқап деп атайды. Көктемде бұл жерде көптеп эфемерлер өседі, бұршақ тұқымдастардан таспашөп əжептəуір кездеседі. Оның нəтижесінде топырақтың азот қоры молаяды. Бетегелі алқап – кəдімгі жайылым. Бұл кезде топырақта шым пайда болады. Топырақтың көптеген қасиеттері тың жерге жақын болып келеді, оны тыңайған жер деп атайды. Бетеге қанша ылғал тапшылығына төзімді болғанымен, біртіндеп сирей бастайды да, оның орнына селеу (қау, боз) келеді. Селеу құрғақшылыққа өте шыдамды өсімдік, бір жерде табиғи жағдайда ұзақ уақыт (шексіз) өсе беруі мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет