Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
|
Теңдік бағаның өзгеруі
|
Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
|
Сұраныстың өсуі
|
Өсуіне
|
Өсуіне
|
Сұраныстың азаюы
|
Төмендеуіне
|
Азаюына
|
Ұсыныстың азаюы
|
Өсуіне
|
Азаюына
|
Ұсыныстың өсуі
|
Төмендеуіне
|
Өсуіне
|
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
7.6 графигі. Икемді сұраныс.
|
7.7. графигі. Икемсіз сұраныс.
|
Р
Р1
Р2
D
Q1 Q2 Q
|
Р
Р1
Р2
D
Q1 Q2 Q
|
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі.
|
ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.
|
7.8.Графигі. Бірлік икемділік.
|
7.9. Графигі. Абсолютті икемді сұраныс.
|
Р
Р1
Р2
D
Q1 Q2 Q
|
Р
P D
Q1 Q2 Q
|
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді.
|
ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді.
|
|
7.10 графигі. Абсолютті икемсіз сұраныс.
|
|
Р
D
Р1
Р2
Q Q
|
ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді.
|
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
ЕPD = ∆ Q%
∆ Р%
Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;
Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q%
∆ I %
Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,
Q % - сұраныстың өзгеруі,
І % - табыстың өзгеруі.
Егерде ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар
ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі:
ЕхуД = ∆ Qх%
∆ Ру%
Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;
∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі;
∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.
Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.
Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін - бірі толықтыратын тауарлар.
ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
ЕРS = Qх%
Ру%
Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,
Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі
Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
7.11. график. Икемді ұсыныс.
|
7.12. график. Икемсіз ұсыныс.
|
Р
S
Р1
Р2
Q2 Q1 Q
|
Р
Р1 S
Р2
Q2 Q1 Q
|
Егер ЕРS >1, ұсыныс икемді. >>
|
Егер ЕРS <1, ұсыныс икемсіз.
|
График 7.13. Бірлік икемді ұсыныс
|
|
Р
S
Р1
Р2
Q2 Q1 Q
|
Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады.
|
7.14. г рафик. Абсолюттік икемсіз ұсыныс
|
7.15. график. Абсолюттік икемді ұсыныс
|
Р S
Р1
Р2
Q
|
Р
S
P
Q1 Q2 Q
|
ЕРS =0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді.
|
ЕРS = ∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді.
|
Икемділік
Қиылысқан икемділік
Сұраныс
Сұраныстың бағалық икемділігі
Сұраныстың заңы
Сұраныстың қисығы
Сұраныстың табыстық икемділігі
Ұсыныс
Ұсыныстың заңы
Ұсыныстың икемділігі
Ұсыныстың қисығы
Бақылау сұрақтары
Сұраныс: түсінігі, заңы және кисық сызығы.
Сұранысқа әсерін тигізетін бағасыз факторлар.
Ұсыныс: түсінігі, заңы және қисық сызығы.
Ұсынысқа әсерін тигізетін бағасыз факторлар.
Сұраныстың бағалық және табыстық икемділігі.
Ұсыныстың икемділігі.
Нарықтағы тепе-теңдік.
Достарыңызбен бөлісу: |