1. Сапалық есептерді шығару



Дата18.12.2021
өлшемі179,5 Kb.
#102824
Байланысты:
e93e20a503254bb9a902e6b7132ff4a9


1. Сапалық есептерді шығару

  1. Темір және қорғасын білеушелердің массасы бірдей. Қай білеушенің көлемі үлкен?

  2. Су мен керосиннің көлемдері бірдей. Қай сұйықтың массасы көп? Неге?

  3. Металл детальді пеште қыздырады. Сонда металдың массасы, көлемі, тығыздығы қалай өзгереді?


2. Сандық есептер шығару

  1. К өртышқан – алақандары үлкен сыртқа иілген кішкентай аң. Ұзындығы 10 – 15 см және массасы 100 г, ол жылына 1 га қайыңды орманның 10 т топырағын қазып шығарады. Ол жылына тығыздығы 2000 кг/м3 топырақтың қанша көлемін өңдейді?

  2. К әдімгі сиыр жылына 3–5 мың литр сүт береді, ал сүтті сиырлар 20 мың литрге дейін сүт береді. 1941 жылы тәулігіне 82,15 л сүт берген сиыр рекордқа енді. Осы сиырдың бір тәулікте берген сүтінің массасын анықтаңыз. Сүттің тығыздығы 1 028 кг/м3.

  3. Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз.

  4. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз.

  5. Көлемі 15 дм3 шыны пластинаның массасы қандай болады?

  6. Массасы 949 г металл детальдің көлемі 130 дм3. Бұл қандай металл?

Есептің сұрағына жауап беру үшін осы заттың тығыздығын есептеп оны кестедегі тығыздықтармен салыстыра отырып, қандай затқа сай келетінін анықтаңыз.

  1. Шойын шардың массасы, ал көлемі 10 дм3. Бұл шардың іші тұтас па, әлде қуыс па?

  2. Шойын плитаның массасы - 64 кг. Өлшемдері дәл осындай болатын мәрмәр плитаның массасы қандай болады?

  3. Керосині бар бөтелкенің массасы 4 кг. Бос бөтелкенің массасы 400 г.
    Бұл бөтелкеге қандай массадағы су сияр еді?

  4. Сүт таситын машинаның цистернасының сыйымдылығы 10 м3. Массасы 30 тонна сүтті тасу үшін машина неше рейс жасау керек?

  5. Құрылыс алаңына машина 400 м3 құм әкелді. Барлық құмды тасу үшін машина 50 рет барып келген болса, машина бір жолда қанша жүк көтере алады?

  6. Қарағай тақтайлар платформаға тиелген және массасы 12 тонна. Бір тақтайдың көлемі 500 х 20 х 10 (см3) болса, платформада неше тақтай бар?

  7. Көлемі 0,35 м3 қорғасын дененің массасын анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет