Ауру анамнезінен: ЖИА бірнеше жылдар шамасында ауырады. 2001 жылы ЖИМ өткерген. АҚҚ 180/100 мм рт.ст. 20 жыл шамасында, бас айналумен бірге. Дәрілік препараттарды уақытылы қолданбайды. Әкесі 50 жасында инфаркт миокардынан қайтыс болған.
Объективті: бойы 163 см, салмағы 88 кг. Жағдайы орташа ауырлықта. Гиперстеникалық қалып. Перифериялық ісінулер жоқ. Тынысы қалыпты, ТЖ 18/рет минутына. Аускультативті: тынысы везикулярлы, төменгі бөлікте майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң жағы төстің оң жақ сызығынан 1 см оңға қарай, жоғарғы-төменгі шекарасы ІІІ қабырға деңгейінде, сол жағы- ортаңғы төс маңы линиясынан 1 см солға. Жүрек тондары тұйық, аортада ІІ тон акценті, ритм дұрыс емес- ЖСЖ 88/рет минутына, пульс аритмиялық, әлсіз тамыр соғысы, 78/ рет минутына.
АҚҚ 140/90 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыр мен көкбауыр үлкеймеген.
Кіші, үлкен дәреті ерекшеліксіз.
Достарыңызбен бөлісу: |