73.«Сократ және қазіргі уақыт»


«Әр адамның бойында барлығына бірдей адамгершілік заңы бар деген Канттың пайымдауы дұрыс па?»



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі26,26 Kb.
#144025
1   2
Байланысты:
73 74 75 ooт
Мой город будущего, Асан қайғы толғауларында көрінетін ел мұраты эссе
. «Әр адамның бойында барлығына бірдей адамгершілік заңы бар деген Канттың пайымдауы дұрыс па?»
Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен-өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Бірақ бір мәселенің шешілмей тұрған жайы бар. “Мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін?”. Бұған жауап ретінде Кант барлық адам баласына ортақ болып есептелетін тұжырымды императив ұсынады. Бұл адамгершіліктің заңы.
Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет. Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама. Сондықтан, Кант мақсат – оған жету жолындағы құралдарды ақтайды деген теріс принципке жан-тәнімен қарсы шықты. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды. Адамға, ең алдымен, құдайдың болмысын және мәңгі өшпейтін, өлмейтін идеяны беру керек. Бұл адамгершіліктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенімге қарай жол ашады. Оның айтуынша, Құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес, бірақ Құдайға сену адамгершілікке бастайды. Канттың осы идеясы, зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті. Канттың философиясына талдау жасай отырып, қысқаша мынадай қорытындыға келуге болады. Ол өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты.
75. М. Монтеннің «Тәжірибелер» еңбегін оқу,«Тәрбие туралы» бӛліміне арналған «Адамгершілік - әсем және пайдалы нәрсе»,«Кітаптан жаттап алынған ілім – аянышты ілім», «Рух күші шектен тыс азапқа салынушылыққа және шектен тыс ляззат алушылыққа қарсылық кӛрсетуі тиіс...»
Мишель де Монтень (28. 2. 1533, Бордо маңы, —13. 9. 1592, сонда) — француз философы, жазушы. «Тәжірибелер» деген еңбегімен мәлім. Философиясында өзек етіп ұстаған негізгі принципі — скептицизм (күдіктену). Мишель адамдар өзгеріп-жаңарып отырады, сонымен бірге оның сана-сезімі де, ой-пікірі де жаңаланады, себебі олар оның жеке басына тән қасиет дейді. Сондықтан адам біткеннің бәрінің айтқандарын асыра бағалап, оларға талғаусыз бас ие беру қате деп түсіндіреді.Қ ұдай мен дінге қарсы шықпай-ақ адам өлгенімен «жаны өлмейді» деген негізгі қағидасының күдікті екендігін дәлелдейді. Мишель дүниені танып-білуге болмайды дейтін агностицизм бағытынан өзін аулаққа салады. Мишель Монтень, өзінің атақты шығармасы «Тәжірибелерінің» әлқиссасын өзіміздің ұлы ақынымыз Абай «Қара сөздерін» бастағандай бастайды: «…Бұл – шын жүректің сөзі, оқырман. Ол әп дегеннен сені, менің отбасылық және жеке басқа қатысты мақсаттан басқа ешқандай мақсат көздемегенімнен хабардар етеді. Мен сенен келер пайда туралы, басыма қонар бақ пен бөленер даңқ туралы ойлаған емеспін. Ондай мұратқа қол сермеуге бойымда қажыр-қайрат та қалмады… Былайша айтқанда, кітабымның мазмұны – мен өзім, ал бұл дегеніміз, әр сәт алтыннан да қымбат уақытыңды үрген қарыннан да жеңіл әрі қара бақырлық құны жоқ нәрсе үшін қиюға татымайтын нәрсе. Қош, бұратала!» Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» мен Мишель Монтеньнің «Тәжірибелері» – сыртқы типологиялық структурасы ұқсастығында ғана емес, адам өмірі, тұрмысы, Құдай туралы нанымы, уақыт туралы толғауларының ішкі лексикалық-семантикалық мән-мағынасы және философиялық пайым-түсініктерінің тонның ішкі бауындай жақындығында. Қос еңбек те мұң-мұқтаж, торығу, түңілу, шарасыздық секілді мехнат кешкен өз замандастарының жан қиналысын жүрекпен қабылдап, бірге азап шегулерімен егіз дүниелер. Бұл шығармалар – авторларын адамзат тұрғанша бірге жасардай әйгілеген іргелі еңбек болуымен қатар, адам баласының әдеби және философиялық ойының дамуына ерекше серпін берген еңбектер. Абай өз дәуірінің аса ірі пассионарлық тұлғасы ретінде, Монтеннің еңбегімен танысқаннан кейін (өзі зерттеген орыс, европа ақындары, жазушылары, философтарының шығармалары арқылы) өткір хауас күшімен, өз бетімен, рухани кемелденіп көкірек көзі ашылуынан және креативті жаңалық ашулары арқылы, қазақ ұлттық әдебиетінде соныдан соқпақ салып – эссе жанрының негізін салушы болды. Бұл жанр уақыт өте келе әдебиет әлемінде өзге жанрлардан оза шауып, суреткерлер жиі қалам тербейтін жанрға, тіпті (Марсель Пруст, Гюнтер Грасс, Альбер Камю, Кэндзабуро Оэ, Андре Моруа, Хосе Ортега-Гассет, Жан Поль Сартр және де басқа) кірпияз өнер тудырушылар мен ойшылдардың сүйікті жанрына айналды. Абайдың шығармашылық данышпан тұлға және сұңғыла көрегендігі де осында. Хәкімнің тарих алдында, ұлт және өз тағдыры алдында сіңірген еңбегі де осында. Өйткені, Абайдың «Қара сөздері» Мишель Монтеннің «Тәжірибелері» сияқты әлемдік әдебиеттің іргелі шығармалары санатына жатады. Осы ой-пікірлерімізді салмақтай келе, қазақ ғалым-филологтарының жаңа буыны Хәкім Абайдың ұлы кітабы «Ғақлия – Қара сөздерін» негізге ала отырып, қазақ әдебиетінде жаңа жанр – эссе жанрының негізін қалаушы ретінде Абайдың творчестволық мұрасын зерттеуде ғылымның тағы бір креативті тыңына түрен салу мүмкіндігін тиісінше пайдала алады деген сенім білдіруге хұқымыз бар. Әрине, алға қарай, осы қысқа ғана мақалада өзіміз нобайын сызып қана қойған маңызды тақырып қазіргі қазақ филолог-абайтанушыларымен қатар Қазақстанның философия және мәдениеттану саласы ғалымдарының да Абай еңбегін тереңіне бойлай зерттеулеріне өзек боларына сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет