73.«Сократ және қазіргі уақыт» Жан дүниесі өнегелі тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа қауіп әкелуі мүмкін. Адамзаттың жинақтаған өнегелі тәрбие арқылы адамның бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне сол арқылы адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз. Рухани адамгершілік тәрбие бүгінгі жаһандану заманында ғана емес қай заманда болмасын өзекті мәселе болып қала береді. Адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары,ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс - әрекетін анықтайды.Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.
Рухани адамгершілік құндылықтарының ғұламалары өте көп, бірақ бірде біреуі көптік қылмайды.Соның ішіндегі Сократты мен үлгі ретінде алдым. Себебі оның ерте заманда айтқан құнды пікірлері мына күн айын, сағат сайын дамып бара жатқан уақытта өз мағынасын жоғалтпаған. Осындай құнды пікірлерді ұрпаққа қалдыру өзі де бір ғалам дүние. «Адамның аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»,- демекші Сократ – тек ежелгі Грек елінің үздік ойшылы ғана емес, барша ғаламның ұлы ойшылы. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі. Ол ең алдымен табиғат тылсымдарын емес, алдымен тұлға ретінде адамды қарастыру керек деген ой-пікірін ұсынды. Сократтың өзі ешқандай шығармалар жазбаған, тек ауызша айтқан. Біздің Сократ туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазғандарынан алынған. Ендеше Сократтың бір топ сүбелі сөздері балаға рухани құндылықтарды сіңіру, жүрегіне жол табу, тереңінен түсіндіру жұмысы кезінде қолданылатан таптырмас ең бір құнды дүние. Мысалы оқу үдерісі кезіңде «Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деген қағидасы ұстаздар қауымына үлкен ой береді, өз жұмысына тереңінен қарау, алдында отырған оқушының қалайда «нұрын» ашуға мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызу керек екендігін ойынан шығармайды. «Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей», деген сөздерінің сөзі бүгінгі жас ұрпақтың материалдық жағдайды ғана емес, биіктен ойлауға, тереңінен асылдар іздеуге ұмтылдыру, күнделікті пенделік тіршілікке бас ұрмай әрқашанда алға үйретуді уағыздайды. Ал, "Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық»,- деген пікірі білімге ұмтылуды, надандықтан бас тартып, басты байлық ол еш уақытта кемімейтін, ешкім ұрлап алып кетпейтін байлық – ол білім екендігін ұғындырады. Сондай – ақ, «Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді. Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді. Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін. Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады. Ашулы адам ешқандай пайдасыз басқаларды зәбірлейді. Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ», - деген сүбелі сөздерінің әрқайсысы білген адам үшін тұнып тұрған мұхит, бала тәрбиесінде қолданылатын басты құрал, адамды адамгершілік тұрғыдан шыңдай түсетін идеал. Сократтың ілімі рухани құндылықтарды сіңірудің басты үлгісі болып қала бермек. Сократтық әлем, адам өмірі жайлы айтқан философиялық мазмұнға толы сөздері адамға көп ой салады. Мысалы «Бірде базар ішімен өтіп бара жатқан Сократ:– Бұл дүниеде адамға пайдасы аз зат дегенің көп екен ғой! Жұрт базарға келіп, қымбат нәрселер сатып алады, сонымен рахатқа бөленеді. Ал мен рахатты өзімнің ақыл-ойымнан тегін алам, – депті» ,- деген бір ғана мысалының ішінде қаншама уағыз бен құнды ой жатыр. Ендеше ең алдымен сол Сократтың сөздеріне өзіміз құлақ түріп, сүбелі сөздері мен пікірлерін бойымызға сіңірген кезде ғана оны оқушыға үйрете аламыз.
74