1326857514265



Дата27.07.2020
өлшемі24,33 Kb.
#75841
Байланысты:
my vstrechaem novyy god, 251 Znatoki sporta zadaniya na russkom yazike, Topic 14. Photoelectric effect. Compton effect. Structure of atom and atomic nucleus

Тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі және тәсілі.
Гимназияның мақсаты: үйлесімді дамуына жағдай туғызып, бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, даралап оқыту арқылы ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару.
Іске асыру жолдары:

  1. Қосымша сабақтан тыс шаралардың ұйымдастырылуы.

  2. С.Ж.С.(ай сайын)

  3. Отбасы педагогикалық-ынтымақтастығы, құқықтық оқу, жиналыс сынып жетекшілерімен жеке кездесу.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқару.

  5. Сыныптан тыс жұмыстар (үйірме, секция, қызығушылығын тудыратын клубтар)

  6. Кітапханамен жұмыс

  7. Көрнекілік-сынып бұрышы, құжаттар актісі, тақырыптық газет лис.

Тәрбие жұмысының негізгі міндеті мектеп ұжымы алдына қойылған жалпы және тәрбие жұмысының жоспарын жүйелі түрде нәтижелі орындау.
Тәрбие жұмысының басты бағыттары.
-құқықтық саяси мәдениет тәрбиесі;-патриоттық тәрбие;
- салауатты өмір салты тәрбиесі; - рухани-имандылық тәрбиесі;
- әлеуметтік отбасы-ынтымақтастық тәрбие бағыты;
-Гармония(қоғамдық К.Т.Д, және байқау)
Төмендегі іс-әрекеттер арқылы тәрбие жұмысы жүзеге асты:

  • Қоғамдық саяси белсендігі мен азаматтың көз-қарасын тәрбиелеу және саяси мәдениеттілік дайындылығын қалыптастыру бағытында Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, еңбек ардагерлерімен және еңбек мүгедектерімен кездесу күні;

  • Саяси-қоғамдық фильмдер көру және оны талқылау және көрме залдары, мұражайларына жорық;

  • Қоғамдық-саяси мерекелерге, шеруге қатысу;



Танымдық іс-әрекеттік шараларға:

  • Білім күні; Тіл күнінің айлығы; Пән апталығы, олимпиадалар;

  • Кабинеттер және сынып бұрышы байқауы;

  • Тілашар мерекесі;

  • Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай мектептің кіре берісінде үлкен стенд жасалып, жыл бойы мазмұны түрлі тақырыптарға орай ауыстырылап отырады;

  • Соңғы қоңырау, үздіктер шеруі;

  • Мектеп бітіру кеші іс-шарасы өтеді.

Экологиялық мәдениет тәрбиесін қалыптастыруды дамыту мақсатында өткен тәлімдік шараға:

  • «Біз ауламызды таза ұстаймыз»;

  • Төтенше оқиғадан сақтану күні;

  • Денсаулыққа зиянды кесапатқа қарсылық жиыны және АнтиСПИД-ке күрес-хабарлама листогын шығару;

  • «Экология және балалар» конференция;

  • Планета күні – айлық;

  • Жазғы практика;

  • Мектеп жанындағы сауықтыру лагері;

  • Әскери-патриоттық тәрбие айлығы жасалады.

Спорттық –денсаулықты шынықтыру әрекеті. СӨС қажеттілік тәрбиесі. Бала өмірін сақтау үшін:

  • «Алтын күз» мектепішілік кросс;

  • Денсаулық бағдарламасын жасау және жүзеге асыру.

  • Спорт жарыстары (мини-футбол, шахмат, волейбол, баскетбол, қазақша күрес)

  • «әке,шешем және мен», білек сынасу, тоғызқұмалақ, қысқы және жазғы сопрт ойындары бірінішілігі, велосипед, шанамен сырғанау;

  • Фестиваль «Спорттық көңілді эстафета»;

  • ЖИТС, нашақорлық, алкоголизм, темекіге қарсы бағытталған шаралар.

  • «Жаман әндет-індет» - мамандармен кездесу;

  • « Есірткісіз болашақ» қабырға газетінің қалалық байқауы;

  • «Денсаулық –басты байлық»- валеология кеші;

  • «Алтын күз» балы, жәрмеңке;

  • «Салауаттылық деген не?» сауалнама (әр айдың бірінші аптасы);

  • Қамқорлық акциясы - қарттар, жетімдер үйіне көмек жасалады. Еңбек белсендігі. Еңбек жасауға саналы көзқарасын қалыптастыру үшін төмендегі шаралар:

  • Мектеп участігіндегі еңбек жұмыстары;

  • Ауланы тазалау, тазарту айлықтары;

  • Ертегілік мүсіндер көрмесі, Сырғанақ мұз айдыны, спорт алаңын тазалау;

  • «Қар қалашығын» жасау;

  • «Күз мерекесі» жәрмеңке;

  • Кәсіптік мамандық таңдау жұмысы(кездесу) өткізіледі.

Эстетикалық – имандылық, халық педагогика мәдени құндылықты тану, түсіну әрекетін қалыптастыру мақсатында «Бала санасындағы- Қазақстан» стенд жасап, «Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан», «Менің Отаным –Қазақстан» онкүндік, «Елім менің» тақырыптарында патриоттық әндер сайысы жүргізіледіді.
Тәрбие жұмысын орындауға кездесетін проблемалар педкеңесте қаралады. Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуын жетілдіру, бағдарлы сыныптарға бөлу арқылы оқыту, оқушыға қажетті жағдай жасау - мектептің негізгі жұмыс бағыты. С.Ж семинарында сынып сағатының, сабақ үстіндегі тәрбие сағатының жаңа технологиямен өткізілу түрлері, өзін-өзі басқарудың принципі және нәтижесі, оқушылардың тәрбиелілігінің мониторингісі, диагностикасы, СӨС- шаралары, бос уақытын ұйымдастыруы қаралып кеңестер беріледі. Мектеп ұжымы ата-аналар жиналысын, «Шырақ» ата-аналар университеті әр отырысы тақырып бойынша өткізуге үлкен көңіл бөлінеді. Жиналысқа психолог, пән мұғалімдері, кітапханашы, ГДН, құқық қорғау ұйымының қызметкерлері СПИД және НАРКО орталық мамандары шақырылады. Ата-аналар комитетінің отырысында ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы, мектептің материалдық-техникалық базасы туралы сұрақтар қаралады.
Сонымен бірге отырыста туристік саяхат, экскурсия және мектептің дәстүрлі мерекелерін өткізу қаралады. Бұндай жұмыстардың жүйелі жүргізілуі оқушының тәрбиелік дейгейін көтеріп нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет