7лекция.Сұйытылған ерітінділердің кристалдану және қайнау температуралары. Ерітінді – құрамы ерігіштік шегіне дейін өзгеруі мүмкін, екі немесе
одан да көп компонент санынан тұратын гомогенді термодинамикалық
тұрақты жүйе.
Ерітінділер үш агрегаттық күйде болуы мүмкін: газ тәрізді (газдардың
қоспасы), қатты (қатты ерітінділер) және сұйық.
Еріткіш басқа компоненттермен салыстырғанда артық болатын
ерітіндінің сұйық компоненті. Ерітіндіде аз мөлшерде болатын
компоненттерді еріген заттар деп атайды. Ерітінділер: идеалды, шекті
сұйытылған, идеалды емес ерітінділер деп бөлінеді.
Идеалды ерітінділер – бірдей агрегаттық жағыдайда кез-келген
қатынаста алынған компоненттерден түзілген ерітінділер жылу эффектісімен
және көлем өзгерісімен бірге жүрмейтін, ал энтропия өзгерісі идеал газдарды
араластырғанда энтропия өзгерісіне тең болатын ерітінділер.
∆Н = 0; ∆U=0; ∆S=∆Sид
Шекті сұйытылған ерітінділер - еріген зат концентрациясы шексіз аз
ерітінділер.
Барлық ерітінділер идеалды ерітінділердің және шекті еріген
ерітінділердің термодинамикалық заңдылықтарына бағынбайтын ерітінділер
идеалды емес деп аталады
.