7лекция. Сұйытылған ерітінділердің кристалдану және қайнау температуралары


§ 5.6 Сұйылтылған ерітінділердің қайнау температурасы



бет4/4
Дата01.04.2022
өлшемі17,37 Kb.
#137543
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
7 лекция Сұйытылған ерітнділердің кристалдану жіне қайнау температуралары


§ 5.6 Сұйылтылған ерітінділердің қайнау температурасы
Ұшқыш емес заттардың қайнау температурасы, сондай қысымдағы
таза еріткіштердің қайнау температурасынан әрқашан жоғары болады.
Әртүрлі концентрациядағы еріткіш пен ерітіндінің Р – T диаграмма күйін
қарастырайық. (сур.5.4). Кез-келген сұйық – еріткіш немесе ерітінді –
қаныққан бу қысымы сыртқы қысымға тең болғанда, сондай температурада
қайнайды. Соған сәйкес, температура изобара Р = 1 атм. болғанда ОА, ВС
және DE қисықтарын кесіп өткенде, температураға сай, жоғарылайтын
концентрацияларына сай ерітінді мен таза еріткіш үстіндегі бу қысымының
тәуелділігін көрсететін қисығын кесіп өтетін изобара, осы сұйықтың
қайнау температурасы болады. (сур. 5.4).
Ұшқыш емес ерітінділердің қайнау температураларының
жоғарылауы
қаныққан бу қысымының төмендеуіне
пропорционал, және соған сай ерітіндінің молялдық концентрациясына
тура пропорционал.

Ұшқыш емес заттардың сұйылтылған ерітінділерінің қату


температураларының төмендеуі және қайнау температураларының
жоғарылауы ерітіндінің молялдық концентрациясына тура пропорционал
және еріген заттың табиғатына тәуелсіз.
Сур. 5.4. - Сұйылтылған ерітінділердің
қайнау температураларының жоғарылауы
Мұнда Тқ, – еріткіш пен ерітіндінің қайнау температуралары,
Е – пропорционалдық коэффициентінемесе эбуллиоскопиялық тұрақты,
келесі теңдеумен өрнектеледі:
(5.12)
мұнда ΔТқ - таза еріткіштің қайнау температурасы,
ΔНбулану–таза еріткіштіңбулануының мольдік жылуы, Дж/моль.
Еріген заттың молекулалық салмағын келесі теңдеумен есептейді:
(5.13)
Криоскопиялық Кқ және эбуллиоскопиялық тұрақты Еқ еріткіштің
табиғатына, тәуелді, еріген заттың табиғатына тәуелсіз.
Кристалдану – кристалдардың булардан, ерітінділерден, балқымалардан, қатты күйдегі (аморфты және басқа кристалдық күйдегі) заттардан, электролиз процесі кезінде электролиттерден (электрлік кристалдану), сондай-ақ химиялық реакциядан пайда болуы. Кристалдану үшін алғашқы (аналық) ортаның термодинамикалық тепе-теңдігі бұзылуы, яғни ерітіндінің немесе будың аса құрғауы, балқыманың асқын суынуы және т.б. жағдайлар орындалуы тиіс. Кристалдануға қажетті аса құрғау немесе аса суыну температураның, концентрацияның, қысымның, фазааралық электр потенциалының тепе-теңдік мәндерінен ауытқуымен сипатталады.

Кристалдану – заттың аса суыған (құрғаған) аналық ортасынан еркін энергиясы төмен кристалдық күйге фазалық ауысуы. Бұл ауысу кезінде артық жылу кристалданудың жасырын жылуы түрінде бөлінеді. Осы жылудың бір бөлігі механикалық жұмысқа айналып, өсетін кристалл үстіне қойылған жүкті көтеріп, ондаған кгс/см2 қысымға шыдауы мүмкін. Жасырын жылудың бөлінуі балқыманы қыздырып, аса суынуды азайтады да, кристалдануды баяулатады. Нәтижесінде заттың қалыптасуы аяқталады немесе температурасы, қысымы және концентрациясы тепе-теңдік күйге көшеді. Аса суытылған орта кристалданбай, ұзақ уақыт орнықсыз күйде болуы мүмкін. Нашар суытылған булардан, ерітінділерден және балқымалардан пішіні көп жақты кристалдар алынады. Кристалдану процесі кристалл ұрықтарының түзілуі және әрбір ұрықтың әрі қарай өсуі деп аталатын екі кезеңнен тұрады. Кристалдану нәтижесінде минералдар пайда болады.



Кристалдану – металлургияда, шалаөткізгішті, оптикалық, пьезоэлектрлік, т.б. материалдарды алудың негізі. Ол химияда, тамақ, медицина өнеркәсіптерінде, тыңайтқыш, тұз, қант, т.б. өндіруде кеңінен пайдаланылады.[1]

Кристалдану сызаттары (Трещина кристаллизационная) — жік аумағында қыздыру, суыту жылдамдығының өзара алшақты болуынан жікте кристаллиттер аралығында сызаттану, тұтастығының бұзылуы орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет