7лекция. Сұйытылған ерітінділердің кристалдану және қайнау температуралары



бет3/4
Дата01.04.2022
өлшемі17,37 Kb.
#137543
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
7 лекция Сұйытылған ерітнділердің кристалдану жіне қайнау температуралары

5.3 Рауль заңы
Егер тепе-теңдіктегі сұйық А-буы жүйесіне В затын қоссақ, түзілген
ерітіндінің XА еріткішінің мольдік көлемі бірден аз болады; Ле Шателье –
Браун принципіне сәйкес тепе-теңдік А затының конденсациялану жағына
қарай ығысады; яғни РА қаныққан бу қысымының азаю жағына қарай.
Ерітіндідегі А компонентінің мольдік үлесі аз болған сайын оның ерітінді
үстіндегі қаныққан парциалды бу қысымы аз болады. Шексіз сұйылтылған
ерітінділер үшін кез-келген идеалды емес ерітінді үстіндегі еріткіштің
қаныққан бу қысымы Раульдің бірінші заңы деп аталатын теңдеумен
өрнектеледі:P1=p1*N1 (5.4)
мұнда ρ1 – ерітінді үстіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымы;
p01- берілген температурадағы таза еріткіш үстіндегі қаныққан бу
қысымы;N1 – ерітіндідегі еріткіштің мольдік бөлшегі.
Ерітінді компонентінің қаныққан буының парциалды қысымы
ерітіндідегі оның мольдік үлесіне тура пропорционал, мұнда
пропорционалдық коэффициенті таза компонент үстіндегі қаныққан бу
қысымына тең.
N1-ді 1 – N2 деп белгілесеr
(5.5)
- айырымы еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуі деп аталады
- еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі.
Ерітінді үстіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының
салыстырмалы төмендеуі еріген заттың мольдік бөлшегіне тең.
Еріген заттың молекулярлық салмағы келесі формула бойынша
Өрнектелед3
(5.6)
5.5 Сұйылтылған ерітінділердің қату температуралары
Ерітінділердің қату температуралары таза еріткіштерге қарағанда
төмен болады. Ерітіндінің қатуын таза еріткіштің қату температурасы
мен Тқ ертінідінің кристаллдану басталатын температурасы арасындағы
айырмаға тең ∆Тқ қату температурасының төмендеуі өлшемімен
сипаттауға болады:
ΔТқ = - Тқ(5.7)
Әр түрлі концентрациядағы еріткіш пен ерітіндінің Р – T
диаграмма күйін қарастырайық. (сур. 5.3), Мұнда ОF қисығы бу
қысымының қатты ертікіш үстіндегі тәуелділігі, ал ОА, ВС, DE қисықтары
– өсетін концентрацияларына сай таза ертікіш үстіндегі және ерітіндідегі
бу қысымының тәуелділігі. Кристалл үстіндегі және ерітінді үстіндегі
қаныққан бу қысымы бірдей болғанда еріткіш кристаллдары ерітіндімен
тепе-теңдікте болады. Өйткені ерітінді үстіндегі еріткіштің бу қысымы таза
еріткішке қарағанда төмен; бұл жағыдайға қатысты температура таза
еріткіштің қату температурасына қарағанда әрқашан төменірек болады.
Мұнда ерітіндінің қату температурасының төмендеуі ΔТқеріген заттың
табиғатынан тәуелсіз және еріткіш пен еріген заттың бөлшек сандарының
қатынасымен анықталады.
Сур.5.3 Сұйылтылған ерітіндінің қату температурасының төмендеуі
Ерітіндінің қату температурасының төмендеуіΔТқ ерітіндідегі еріген
заттың концентрациясына тура пропорционал.
ΔТқ = Кқ∙m (5.8)
мұнда , Тқ– еріткіш пен ерітіндінің қату температуралары;
Кқ –пропорционалдық коэффиценті немесе криоскопиялық тұрақты;
m – еріген заттың молялдлық концентрациясы
Криоскопиялық тұрақты 1000 геріткіште 1 моль еріген заты бар кезіндегі
қату температурасының төмендеуіне тең. Криоскопиялық тұрақтыны келесі
теңдеу бойынша есептейді:
(5.9)
мұнда - таза еріткіштің қату температурасы, К;
ΔНбалқу– таза еріткіштің балқуының мольдік жылуы, Дж/моль.
Еріген заттың молекулалық массасын келесі формула бойынша анықтауға
Болады
(5.10)
мұнда
g1 – еріткіш массасы,
g2 – еріген зат массасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет