7сынып. Табиғат құбылыстары



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата30.05.2020
өлшемі1,35 Mb.
#71763
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
7-11fizika teoria

R

= F

1

 + F

2

 ;   F

R

 = F

2

- F

1

   ;   F

R

 = 0 

9.Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды. Демек, денеге әрекет ететін 

ауырлық күшінің модулі дене массасына тура пропорционал:  F

a

= m*g  


Әр түрлі планеталарда массалары бірдей денелерге әрекет ететін ауырлық күші түрліше 

болады.Планетаның массасы неғұрлым аз болса, оның денелердің өзіне тартатын күші соғұрлым 

аз болады. Жерде g= 9,8 Н/кг, Меркурий g= 3,7 Н/кг, Шолпан g= 8,8 Н/кг, Марста g= 3,8 Н/кг, 

алып планета Юпитерде g= 24 Н/кг, Сатурнда g= 9,1 Н/кг , Уранда g= 9,8 Н/кг, Айда g= 1,6 Н/кг. 



10.Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Дененің 

салмағы векторлық  шама және ол Р әрпімен белгіленеді. Дене мен тіректің (аспаның) 

деформациялануы серпімділік күшінің пайда болуына әкеледі.Дененің деформациялануы анық 

байқалмайтын және тірек өлшемдерін өзгерісін елемеуге болатын жағдайда серпімділік күшін 

тіректің реакция күші деп атайды. Тіректің денеге әрекет ететін күші тіректің реакция күші деп 

аталады.Егер дене горизонталь орналасқан бер үстінде жатса, онда дененің салмағы, тіректің 

реакция күшіде сан мәні бойынша денеге әрекет ететін ауырлық күшіне тең болады, яғни Р=N=F

a

 

Алайда бұл күштер әр түрлі денелерге түсірілген. 



11.Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. 

Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай үйкеліс сырғанау үйкелісі, домалау 

үйкелісі, тыныштық үйкелісі болып бөлінеді. Үйкелістің пайда болу себептерінің біріне 

жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы жатады.Үйкелісті азайту үшін үйкелетін беттерді 

өңдейді.Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы үйкелістің пайда болуының басты 

себебі болып табылады. Азайту үшін кейде үйкелетін беттерді майлау арқылы арасын ажыратады 

да, олардың бір-біріне жанасуына кедергі жасайды. Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу 

бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Нормаль қысым күшін 

тіректің реакция күші сияқты    әрпімен белгілейді. Дененің горизонталь бет бойымен қозғалысы 

кезінде нормаль қысым күші н/се тіректің реакция күші сан мәні бойынша ауырлық күшіне тең 

болады.   N = m*g , Жүргізілген көптеген тәжірибелер бойынша үйкеліс күшінің модулі қысым 

күшінің модуліне пропорционал болады.  F





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет