Мендельдің бірінші заңы – бірінші ұрпақтың будандарының біркелкілік заңы. Г.Мендель ата-анасы ретінде «таза сорттармақтар» - 1 жұп белгісі: тұқымы сары және жасыл түсі бойынша айырмашылық жасайтын өсі
Мендельдің бірінші заңы – бірінші ұрпақтың будандарының біркелкілік заңы. Г.Мендель ата-анасы ретінде «таза сорттармақтар» - 1 жұп белгісі: тұқымы сары және жасыл түсі бойынша айырмашылық жасайтын өсімдікті алды.
АА аа А а Аа Р. гамета F1 ұрпақ ♀ ♂ Х
Р. аа Доминантты белгі Рецессивті белгі Доминанты (лат. Доминантис – басым,
артық) – бірінші ұрпақта басымдық
қасиет көрсетіп, бірден жарыққа
шығатын белгі.
Рецессивті (лат. Рецессус –басылушы,
Кейін шегінуші) – көрінбей қалған белгі.
АА аа А а Аа Аа генотип фенотип Біркелкілік заңы F1 Доминантты белгі Рецессивті белгі Гомозиготалы организмдер Р. Х
Будандастыруды ж/е оның нәтижелерін сызбанұсқа түрінде жазу үшін төмендегі белгілер қолданады:
Будандастыруды ж/е оның нәтижелерін сызбанұсқа түрінде жазу үшін төмендегі белгілер қолданады:
: - ұрпақтардың фенотиптері н/е генотиптері б/ша ажыраудың сандық арақатынасы.
Белгілердің ажырау заңы (Мендельдің 2-ші заңы)
Г.Мендель зерттеулерін жалғастырып, гибридтер болып табылатын 1-ші реттік ұрпақтарды (Ғ1) өзар будандастырды.
Алынған Ғ2 ұрпақта Ғ1-де көрінбеген белгі қайта көрінген ж/е Ғ2 доминантты белгі мен рецессивті белгінің арасында белгілі математикалық арақатынас байқалған. Ажырау дегеніміз- гетеризиготалы дараларды будандастырғанда пайда болған ұрпақтың бір бөлігінің доминантты, ал бір бөлігінің рецессивті белгіні көрсетуі.
№1 тапсырма. Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.
1. Ген – тұқымқуалаушылықтың қарапайым бірлігі.
2. Гомологиялық хромосомада әртүрлі локуста орналасқан ген аллель деп аталады.
3. Жұптасқан хромосома гомологиялық хромосома деп аталады.
4. Екінші ұрпақ будандарында ажырау заңы жүрді.
5. Гибридологиялық әдісті Г.Мендель тек бірінші заңында қолданды.
№2 Үрме бұршақтың дәні қабығының қара түсті доминантты (А), ал ақ болуы рецессивті (а) генге байланысты. Төмендегідей будандастыруларда қандай гамета түзеді.
а) Аа х Аа ә) АА х Аа
№3 Көк көзді жігіттің ата - анасы қара көзді. Ол қара көзді қызға үйленеді. Осы отбасынан бұл белгілері бойынша қандай ұрпақ күтуге болады, егер қара көзді белгі көк көздіге қарағанда доминантты болса?
№4 Қара көзділік гені доминантты, көк көзділік гені рецессивті. Әкесі де шешесі де гетерезиготалы қаракөз жұбайлардан көк көз баланың дүниеге келуі мүмкін бе?
Ақпараттық парақпен жұмыс. Белгілеп оқу.
Топтық жұмыс
1 топ: «Мендель тәжірибелері»
2 топ: Буклет-брошюра «Мендель және оның еңбектері»
3 топ: Постер «Грегор Мендель»
Дескрипторлар:
Мендель жүргізген шағылыстырулар мысалдарын қамту;
Басында оның жұмысының неліктен қабылданбағандығы және осы жаңалықтар оның идеясын растауға қанша уақыттан кейін көмектескендігі туралы түсініктер;
Мендель зерттеулерінің кемшіліктері мен артықшылықтары.