8-9 сыныптағы оқушылардың дене шынықтыру сабағында күш қабілетін дамыту әдістемесі Методика развития силы у мальчиков 8 – 9 классов



бет1/30
Дата11.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#62207
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
dip -8-9-synyptagy-oqushylardyn-dene-shynyqtyru-sabagynda-kush-qabiletin-damytu-adistemesi-2015-66

8-9 сыныптағы оқушылардың дене шынықтыру сабағында күш қабілетін дамыту әдістемесі

Методика развития силы у мальчиков 8 – 9 классов

Methods of force development in boys 8-9 years

МАЗМҰНЫ


КIРIСПЕ

1. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. 8-9 сынып оқушыларына күш дайындығын қысқаша түсіндіру.

1.2. Орта буын оқушыларына күш дайындығын түсіндірудің әдістемелік ерекшеліктері.

1.3. Орта сынып оқушыларының статикалық дамуының ерекшеліктері.

1.4. 8-9 сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.

2. КҮШ ДАЙЫНДЫҒЫНДА СТАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Спорттық ойындарды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.

2.2. Спорттық ойындарды статикалық жаттығуларды пайдалану.

2.3. Сыныптан тыс спорттық ойындар, дене шынықтыру

3. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.

3.1. Спорттық ойындарды 8-9 сыныптарда жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.

3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

3.3. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.

4. ҚОРЫТЫНДЫ.

5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.



КIРIСПЕ
Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру.

Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. Мектеп дәрігері оқушыны дене тәрбиесі сабақтарына жалпы баідарлама бойынша жіберу - жібермеуді анықтайды немесе кейбір оқушыларға денсаулығы нашар балаларға арналған арнаулы топтарда шұгылдануды ұсынады.

Оқушыны дене тәрбиесі сабақтарынан босату түрлі мәселені де мектеп дәрігері шешеді. Еліміздегі барлық ересек халыққа да медициналық тегін көрсетіледі.

Медициналық емдеу мекемелерінің желісі көп болып, халыққа дәрігерлік қызмет керсету тегін болып отырып жағдайда ауруларды емдеуге және алдына алуға баса кеңіл бөлінетін біздің елімізде еңбекшілердің денсаулығын бақылау ісі дүниежүзіндегі басқа қай елдегіден болса да жақсы жолға қойылған, сондықтан оның өзі біздің адамдарымыздың орында мақтаныш сезімін турызады.

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі – балалар мен еңбекшілердің денсаулығын нығайтудың басты құралдарының бірі екені сөзсіз. Ден саулық сақтау ісі адамдардың денсаулығына игілікті әсер ететін басқа да көптеген әлеуметтік жағдайларга байланысты. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту да, өндірісті енбекті қорғауда, жақсы өткізу де осылардың қатарына қорғау да, демалысты жақсы өткіу де осылардың қатарына қосылады.

Алайда, мемлекеттік қолданып жатқан осы шараларының бәрі адамның денсаулығын сақтауға бағытталған. Ал дене тәрбиесі адамның өз денсаулығын белсенді түрде нығайта беруіне бағытталған. Аурулардың баты адамның өзі қолданалатын шаралар арқылы денсаулығын нығайту, адамның өз денсаулығына өзі бақылау жасах^болуға тиіс.

Мектеп оқушыларын өз денсаулығына саналы тұрғыдан қарауға баулу мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Мұның өзі ең алдымен жеке бас тазалығының ережелерін сақтаудан, күнде таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасауда, шыңдалудан, спорттың алуан түрлерімен – коньки, шанғы тебумен, спорт ойындарымен -волейболмен, баскетболмен, стол үстіндегі тениспен, футболмен т.б. шұғылданудан айқын көрінеді. Сонымен мектеп оқушыларды осының бәріне үйрету тиіс.

Ең алдымен мектептегі аптасына екі сагаттан өткізілетін физкультура сабақтары, күн режиміндегі дене тәрбиесі сауықтыру жұмысы және сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін алуан түрлері дене шынықтыру спорттық және туристік жұмыс мектепке оқушылардың денсаулығының ныгаюына және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге көмектеседі. Жаңа оқу бағдарламасында әрбір сынып үшін дене тәрбиесінің нақты міндеттерін қою кезделген, оны үстіне бала организмнің жас ерекшеліктері жаңсы әрі толығырақ ескерілетін болады.

Мәселен: 1) Төменгі мектеп жасында қимыл анализаторы жедел дамиды. Сонымен бірге 8-13 жастагы әр балалардың да, қыздардың да барлық буындары қимылының саралану дәлдігі едәуір артады. Сондықтан жас мөлшері бұлшық ет түйсіктеріне талдау жасау қабілеттерін дамыту үшін өте қолайлы болып табылады, ендеше бұл кезеңде әдейі іріктеліп алынган жаттығулардың көмегімен балалар негізгі қимылдардың бәрін және үйлесімді керек ететін қозғалыс қимылдарын жасауды үйрене алады.

2) Бастаушы мектепте бұл қимыл дағдыларына үйренудің негізгі – қозғалыстың табиғи түрлері мен жүріп ойналатын ойындар, сонымен бірге оқушылар сапқа тұрыдың ең қарапайым түрлерін үйренеді, қол, аяқ, кеудеге арналған жалпы даму жаттығуларын жасайды. Симметриялық салмақ түсетін жаттығулар дұрыс сымбаттың қалыптасуына ерекше себепші болады.

Сымбат дегеніміз – қимыл дағдысы, ал қимылдың бұзылуы екінің бірінде иық тұсыда және өкшеде кездеседі, ал симметриялық салмақ түсіретін жаттығулар мұндай кемістіктерді тіүзеуге көмектеседі.

3) Жоғарғы класстарда қимылды ұдайы және ауысып үйлестіретін жаттығулар, жеңіл атлетика мен гимнастиканың түр- түрлерін жасау техникасын үйрететін, сондай-ақ бірқатар спорт ойындарының (футболдың, баскетболдың, волейболдың, теннистің, хокейдің) қимылдарын үйретеді арнаулы жаттығулар енгізіледі.

4) Сонымен бірге жоғарғы сыныптарда қыздармен жас өспірімдерге арналған жаттығулар сараналады, атап айтқанда бұл сыныптарда оқитын қыздарға көркем гимнастика еңгізіледі. Оқушылар сондай-ақ жергілікті жағдайларға байланысты суда жүзу және шанғы мен коньки тебуге үйренеді. Жаңа багдарламада оқушыларға берілетінілімдік білімдерін көлемі ұлғайтылады. Мәселен; бастауыш мектеп оқушыларға мектеп оқушысының жүріп - тұру режимі туралы, шынығу туралы, сымбатты туралы айтылады жеке бас гигиенасы туралы кейбір деректер беріледі.



1. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КҮШ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. 8-9 сынып оқушыларына күш дайындығын қысқаша түсіндіру.
Мектептің жоғаргы сынып оқушылары дене шынықтыру жаттығуларының организмге, нерв, жүрек - тамыр, тыныс және бұлшық ет жүйелерінің дамуына жасайтын ықпалын естіп -біледі. Жоғарғы сыныпта ілімдік қужат негізіне алғанда жалпы және арнаулы жаттығуды қамтиды.

Сабақтарының негізгі міндеті. Қимылдың белгілі бір комплексін жасап үйрену болып табылады: осындай қимылдарды жасау процесінде оңушылар әрбір қимылдың, оның жылдамдығының, ыргағаның, күшінің, т.б. элементтері туралы түсінік алады. Дене тәрбиесі сабақтары үйренетін қимылдарын комплексі мен алға койған мақсатқа байланысты түрлеріне өткізілуі мүмкін. Алайда, ереже ретінде, физкультура сабақтарында әуелі кіріспе жаттығулар тобы беріледі, содан кейін бұліпық еттін негізгі топтарының жалпы серігуін қамтамасыз ететін сапта тұру, жүру, жүгіру басталады. Осыдан кейін бұлшық еттің жаңа қимыл комплексін жасап үйренуге қатысатын бөлегін шынықтыруға бағытталған дайындық жаттығулары жасалады. Мұның өзі таяқтан секіру, доп лақтыру, жіптен секіру, орындықтан секіріп гимнастика жасау, гимнастика түғырларында жаттығулар жасау болуы мүмкін. Бұдан кейін сабақтың негізгі бөлігі – сабақтың жеке міндетіне кіретін жаттығулардың араулы комплексін (жүгіру, лақтыру, етпеттеп жүру, кедергілерден өту) үйрену және орындау болады. Сабак, әдетте организмді тепе-тең күйіне түсіруге арналған жай жаттығулар тобын жасаумен: жүрумен, сапта тұрып жаттығулар жасаумен, маршпен аяқталады.

Сапта және қатарда жүру, дене шынықтыру жаттығулары, қолданылмайды (етпеттпен жүру, тепе - тендікті ұстап жаттығулар жасау, т.с.) жаттығулар, гимнастикалық снарядтарда жаттығулар жасау негізгі гимнастикалық жаттығулар болып табылады. Әдетте қолданымалы сипаттағы гимнастикалық жаттығулар жеңіл атлетика бойынша жаттап үйреніп жүрген қимыл түріне -жүгіруге, секіруге, лақтыруға немесе спорт ойындарының үйреніп жүрген қимылдарына -баскетболға, волейболға, т.б. сай келеді. Сапта тұрып жасалатын жаттығулар, олар: сапқа тұр, қатарында түзі, тік тұр, жай түр, солга бұрыл, айналып тұр, тура жүр, тоқта және басқалар. Кейбір мектептерде таза ауаның әсеріне дене шынықтыру жаттығуларының ықпалын күшейту мақсатымен сабақтар бүкіл оқу жылы бойында, сонын да ішінде қыста да (балалар, жылы әрі ыңгайлы киім киеді) ашық далада өткізіледі.

Оқушылардың сымбатты болып, дұрыс жүріп - тұруына қамқорлық жасау – дене тәрбиесі сабағы мұгалімдерінің ғана ісі емес.

Мұғалімдердің бәрі де оқушылардың партада дұрыс отыруын, жауап беруге ңалай шығатының тақтаның алдында қалай тұратының қадағалап жүруге ұмтылады.Үнемі тынбастан ескертіп, мінін көрсетіп отыру оқушылардың сымбаттыдағы байқалған кем-кетіктерді түзеуге немесе олардың болуына жол бермеуге көмектесуі мүмкін.

Барлық мектептерде дене тәрбиесі сабақтарымен қатар күн режімінде дене шынықтыру – сауықтыру шараларының тұтас бір бөлігі жүргізіледі. Мәселең, сабақ басталғанға дейін дене шынықтыруға шығады, ал төменгі сыныптардағыы әрбір оқушының науәсының ерекшелігін ескере отырып, арнаулы программа бойынша өткізілуге тиіс. Денесінің кем-тарлығы бар (омыртқасы қисайган, сымбатында міні бар, табанаяқ т.б.) балалар аудандық балалар емхананың жанындағы емдеу гимнастикасының сабақтарына барып жүреді. Бұл сабақтарды мамандар мектептерде де өткізуі мүмкін. Ал жүрегі, өкпесі ауратын науқастарды бар балалар сабақтан тыс уақытта аптасына бір-екі рет дене шынықтыруымен шұғылданады. Олармен сабақты арнаулы бағдарлама бойынша көбіне дәрігердің бақылауымен өткізеді. Егер олар жалпы сабақтарга қатысатын болса, дені сау балалар орындайтын, салмақ неғурлым көп түсетін жаттығулардың орнына оларға жаттығулардың айрықша тобын жасатады. Алайда, бұл сонғы жағдайда мұғалім әрбір оқушы науқасының сипатты жөнінде әбден хабардар болуы сараланған жаттығулар мен тлісырмалар берген кезде мұны есі еріп отыру тиіс. Бір нәрсе айқын — денсаулығы нашар балалардың бәріне шамасы келетін әрі сараланган жаттығулар жасату пйдалы да, керек те.

Оқу күні бойындагы дене тәрбиесі жөніндегі бүкіл жұмыс сабақтан тыс кезде өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру жұмысымен толықтырылып, ұлғайтылып отырылады. Мәселен: ең алдымен әрбір мектепте спорттың барлық негізгі түрлері (немесе кейбір түрлері) бойынша спорт үйірмелерді ұйымдастырылады. Бұл үйірмелерде құру мектеп спартакиядаларын өткізу шаттарында көзделген. Неғурлым кең тарағындары волейбол, баскетбол, футбол, басқа күрес түрлері, шахмат, дойбы үйірмелері болып табылады. Мектеп оқушыларына барлық спорттың түрі ұсынылады. Жоғарғыда аталғандардан басқа, олардың қатарына акробатика, велоспорт, көркем және спорт гимнастикасы, байдаркада жүзу шаңғы, мылтық ату бадминтон және басқалары жатады. Өдетте, үйірмелердің сабақтарын мектептегі денетәрбиесі пәнінің мұгалімдері өткізеді, бірақ арнайы шақырылган (көбіне ата - аналар активті қатарынан) басшылар да болуы мүмкін. Үйірмелерде тәртіптілік, жаттығуларға және жарыстардың өзіне жауапкершілікпен қарау толап етіледі. Мектеп командаларының аудандық немесе қалалық спорт жарыстарында қол жеткен нәтижелері мектептердегі спорт үйірмелері ойдағыдай жұмыс жүргізіп отыргандыгының айғагы болып табылады, дәлелді себепсіз жаттығуларға келмей қалған немесе жарыстарда тәртіп бұзган жағдайда мектепте оқитын спортшыларды тіпті белгілі мерзімге «ойынга қатыстырмай қою» шарасы ңолданылады. Үйірмелердің жұмысындағы басты кемшілік олардың мектеп оқушыларының негізгі көпшілігін әлі де тарта алмай отырғаны болып табылады. Дене тәрбиесі сабагының кейбір мұгалімдері оқушылардың бүкіл бұқарасын спорттың түр-түрімен шұғылдануға тартуға көңілді аз бөледі, егізгі назарын айрықша қабілет көрсеткен, сол себептен де жарыстарда бәйгелі орындардың бірін алу тұрғысынан неғұрлым жақсы оқушыларға аударады. Рекорд жасаушылардың жетістіктерді барлық оқушыларды спорт пен шұгылдануға тарту мен ұштастырылатын ең жоғарғы баға алады. Спорттың жекелеген түрлерінің шеберлерімен, олимпиадалық ойындарға және басқа халықаралық жарыстарға

қатысушыларымен кездесу оқушылардың дене тәрбиесі және портпен шұғылданұга ынтасын қатты күшейтеді. Олардың спорттық шеберлікке жетуге жұмсаған көп еңбегі туралы, бұл үшін керек болатын ерік күші, шынығу, тәртіп тұралы, спорттағы қол үшін беру, достық пен жолдастық сезім туралы, халықарлық спорт майданындағы күресте сезімінің ролі туралы айтқан әңгімелері әдетте оқушыларға қатты әсер етеді, олардың дене тәрбиесі және спортпен мықтап шұғылдануға деген ынтасын тәрбиелеуге көмектеседі. Жекелеген оқушылар спорттың түр - түрлері туралы, баяндамалар жасайтын, біздің елімізде және басқа елдерде спорттың бұл түрлері бойынша өткізілген негізгі жарыстар мен жасалған рекордтар туралы хабарлары да спорттың жекелеген түрлері женінде арнаулы білімдер алуға себепші болады.

Арнаулы кезекшілер мектептегі тазалықты қадағалайды, сыныптар мен мектептің үнемі ауасы тазарып және жиналып отыруын қамтамасыз етеді. Төменгі сыныптарда санитарлар киімнің тазалығын, қолының, жұмыс орнының, дәптерлері мен оқулықтарының тазалығын ерекше мұқият қадағалайды. Қоғамдық пайдалы еңбек, сондай-ақ еңбекке үйрету бағдарламасын бойынша орындалатын жұмыстардың басқа да кептеген түрлері мектеп оқушыларының денесі шынығуына көмектеседі.

Балалардың спорт мектептері – болашақ спортшыларды спорттың жекелеген түрлері бойынша арнайы даярлаудың бастапқы басқышы. Бұл мектептер өздері өмір сүрген көптеген жылдардың ішінде спорт кадырларын даярлаудың жақсы дүкеніне айналады. Сонымен бірге олар мектеп жасындагы жастардың қалың бұқарасын спортпен шұгылдануға тартып та отыруға тиіс. Балалардың спорт мектептерінде, сондай-ақ мектептердегі үйірмелерді спорт шеберлігінің жоғары разрядтарын алуға немесе жарыстарда бәйгелі орындарды алуға қабілеттері бар балалармен жұмысқа басқа көңіл бөлінеді.

Көптеген стадиондар, мұз айдындары, шанғы базалары, бассейіндер және басқа қоғамдық - спорт мекемелері жүргізетін бұқараларық жұмыстың да зор маңызы бар: олар шаңғы тепкісі, суда жүзгісі, тенис ойнағысы, мәнерлеп коньки тепкісі, гимнастикамен, т.б. шұгылдангысы келетін жастардың бәрін жазып алып, үйрету ісін үйымдастырады.

Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.

Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.

Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.

Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.

Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.

1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.

Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды.

Жиырмасыншы жылдары алғашқы әлемдік кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.

1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.

ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.

Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді.

КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.

1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.

Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.

1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.

Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды деген болатын.
1.2. Орта буын оқушыларына күш дайындығын түсіндірудің әдістемелік ерекшеліктері.
Мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», - деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.

Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861–1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай). Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған.

Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған.

Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген.

1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады. Командадағы ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын – оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын.

Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены – кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.

Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.

Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.

Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.

1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.

1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды.Сондықтан,қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.

Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.

Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындсы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.

Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.

Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.

Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Аз комплектілі мектептер дегеніміз -сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынып оқушыларын қосып оқытады.

Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктер:

1.Спорт зал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.

2.Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде. Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе айналмалы, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады.
Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket»себет және»boll»доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол командалық спорттық,оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру,сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды.

Орта сынып оқушылары қатарына 5-8 сыныптарда оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;

- негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;

- дене қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті әрі қарай дамыту;

- жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;

- негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;

- таңдап алған спорт түрлерінің жаттығуларымен өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;

- сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;

- өзінің дене мүмкіншіліктерін бағалау біліктілігін қалыптастыру;

- тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ынталықты тәрбиелеу;

- психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.

Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.

Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.

Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.

Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста - қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек.

Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады.

Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы.
Балалар мен жасөспірімдер өкпесінің ауа сыйымдылығы.


Балалар


Жасы


6

7

10

12

15

17

Ер балалар

1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз балалар

1100

1200

1460

1905

2530

2760

Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиілігі сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алу оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады.

Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзасына келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмысқа іскерлігі тез төмендейді.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі.




Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет

1

44

5

26

15-20

20

20-25

18

25-30

16

30-35

18

Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық жүйке жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзалары дене жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек – қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономикалық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық қызметінің жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады.

Жасөспірім кезеңде дене қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қасиетерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К. Холодов, В. С. Кузнецов, 2003).
Мектеп жасындағы оқушылардың дене қасиеттерінің өсу қарқыны ( %)


Дене қасиеттері


Бір жылдағы орташа дамуы

Жалпы дамуы

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

Жылдамдық

3,9

2,9

15,4

11,5

Күш

15,8

18,4

79,0

92,0

Жалпы төзімділік

3,3

2,1

13,0

8,4

Жылдамдық төзімділігі

4,1

1,0

16,4

4,0

Күш төзімділігі

9,4

3,3

37,5

13,1




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет