Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау жолдары



Дата18.06.2017
өлшемі41,19 Kb.
#19335
  • Ритмопластика Динамикалық пауза Релаксация Саусақ гимнастикасы  Тыныс гимнастикасы  Таңғы гимнастика  Физкультура сабақтары Өзіндік массаж Салауатты өмір салтын үйрету. Белсенді демалыс Түзету технологиялары. Артикуляциялық гимнастика Музыкалық әсер ету технологиясы Ертегі терапиясы Сергіту  гимнастикасы Көз гимнастикасы Денсаулық сақтау және ынталандыру

Мұғалімдердің құзіреттіліктерін анықтау

  • Әрбір сектор туралы білімдерімізді 1 ден 5-ке дейінгі шкаламен белгілейміз. баллдардың араларын қосып, бірінші дөңгелегімізді аламыз. Жұптық әңгіме жүргіземіз. Бір-бірімізге сұрақтар қойып, жауап береміз:
  • 1. Сіз қай сектор бойынша мықты білімім бар деп есептейсіз?
  • 2. Қай сектор бойынша біліміңіз тайыз деп ойлайсыз?
  • 3. Сіз үшін бұл секторлардың қайсысы маңызды? Неліктен?
  • 4. Технологиялардың қайсысы сізге жақын? Неліктен?
  • 5. Қай сектор бойынша біліміңізді жетілдіру керек деп ойлайсыз?
  • 6. Қандай мүмкіндіктеріңіз бар?
  • 7. Егер сіз осы сектор бойынша біліміңізді жетілдірсеңіз ол қалған секторларға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
  • 8. Басты секторды жетілдіргенде ол қалғандарына қалай әсер етеді?
  • 9. Соны дөңгелекпен көрсетеміз.
  • 10. Екі дөңгелекті салыстырамыз. Қайсысы ұнайды?

Бала бақшада СӨС сақтайтын тахнологиялар

Салауатты өмір салтын сақтау технологияларыының мақсаты:

  • мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау, оған қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру, оны өмірде қолдана алауға үйрету, тәрбиелеу және сауықтыру, түзету және аурудың алдын-алудың біртұтас жүйесі, ол педагог және бала, бала және ата-ана, бала және дәрігердің қарым-қатынасы нәтижесінде жүзеге асатын шаралар

Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиялары:

  • Ритмопластика аптасына 1 рет өткізіледі (кружок ретінде). Сабақ кезінде балаларда музыкалық есту (слух), ритмді түсіну, икемділік, пластикалылық дамып, дұрыс мүсін қалыптасады.
  • Динамикалық паузалар сабақ уақытында 2-5 мин., балалар шаршағанда қолданылады. Оларды өткізгенде көзді жаттықтыруға арналған гимнастика элементтері, саусақ, тыныс алу жаттығулары қолданылады.
  • Қозғалыс және спорттық ойындар күнделікті физкультура сабағының бір бөлшегі секілді таза ауада немесе топпен бірге бөлмеде жай және орташа қозғалмалы деңгейде өткізіледі. Ойындар баланың жас ерекшелігіне, өткізілетін орны мен уақытына сай таңдалады.
  • Релаксация.  Балалардың психикалық дендері сау болуы үшін оң және теріс эмоциялардың байланысын реттеу керек. Біздің міндет эмоцияларды басу немесе тездету, балаларды өздерінің эмоцияларын сезінуді, басқаруды, өз
  • мінезін бақылауды, өз денесін естуді үйрету. Сондықтан бұл мақсатта арнайы таңдалған жаттығуларды қолдану арқылы кейбір дене бөліктерін және барлық организмді босаңсытуға болады. Бұл жұмысқа қалыпты, жайлы классикалық музыка (Чайковский, Рахманинов),   табиғат дыбыстары қолданылады.
  • Саусақ гимнастикасы күнделікті жеке немесе кіші топпен өткізіледі. Кіші моториканы жаттықтырады, сөйлеуге ынталандырады, кеңестік ойлауды қалыптастыраду, есте сақтау, қан айналу, елестету, шапшаңдық дамиды.Барлық балаларға пайдалы, әсіресе сөйлеу проблемалары бар балаларға қолдануға тиімді.
  • Көз гимнастикасы күнделікті 3-5 мин. кез-келген уақытта көзге түсетін салмаққа байланысты, көздің статикалық күшіне байланысты жүргізіледі. Педагог көрсетіп тұрады немесе көрнекілік арқылы көрсетеді.
  • Тыныс гимнастикасы  денешынықтыру – сауықтыру жұмыстары. Балаларды оттегі алмасу белсенді жүреді, ол барлық организмнің жұмысын реттейді.
  • Сергіту  гимнастикасы күндізгі ұйқыдан соң 5-10 мин. Оның комплексіне кроватта жатып, сергу жаттығулары, жалпақтабандылықты болдырмау және түзету, түзу мүсінді қалыптастыру, кеңінен жуыну жаттығулары жатады. Ата-ана әрбір балаға ілгектері бар кілемше дайындайды, оның үстінде балалар күндізгі ұйқыдан соң бар ынтасымен жүреді. Баланың табанын кілемше жақсы уқалайды, бұлшық еттерін дамытады.

Салауатты өмір салтын үйрету

  • Таңғы гимнастика күнделікті 6-8 мин. Музыкалық сүйемелдеумен өткізіледі. Балаларда ритмикалық іскерлік пен дағды дамиды.
  • Физкультура сабақтары аптасына 3 рет 20-25 мин. бағдарламаға сай жүреді, (дәстүрлі, сюжетті-ойын, сауықтырушы-интеграцияланған). Олар қозғалыс іскерлігі мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Физкультурамен жүйелі жаттығу иммунитеттің күшеюіне алып келеді. Ал сабақта музыканың болуы баланың психологиялық және физиологиялық жағдайдың түзелуіне алып келеді.
  • «Денсаулық әліппесі» ойын сабақтары. Сабақтар аптасына 1 рет кружок ретінде болады.
  • Өзіндік массаж. Бұл баланың өзі жасайтын массаж. Ол қан айналуды жақсартады, ішкі органдардың жұмысын қалыпты жағдайға келтіреді, мүсінді дұрыстайды. Ол тек адамның физикалық жетілуі ғана емес, оның психикасының сауығуына алып келеді. Балалар үшін өзіндік массаж бұл сколиозды, салқын тиюді, вегетативті дистонияны жоюға керек.  Ол психоэмоциональды тұрақтылықты сақтауға, бас функциональдық қызметін жақсартуға көмектеседі. Өзіндік массажды ойын түрінде 5 минуттік сабақ үстінде үзіндісі ретінде немесе динамикалық пауза ретінде жасайды. Көңілді өлеңдер, жарқын образдар, ойын массаждар баланың позициясының өзгеруіне алып келеді, бұл оның табысты болуының, дамуының кепілі.
  • Белсенді демалыс (физкультуралық демалыс, музыкалалық демалыс, «Денсаулық күні». Демалысты өткізгенде барлық балалар әр түрлі сайыстарға қатысып, қозғалыс тапсырмаларын орындайды. Бала-бақша ауласында спорттық құралдар бар, олар максимальды қозғалыс белсендігіне тартуға көмектеседі.

Түзету технологиялары:

  • Артикуляциялық гимнастика - артикуляция органдарын жетілдіруге арналған жаттығулар (ерін, тіл, төменгі жақ), дауысты дұрыс шығаруғ арналған, дұрыс сөйлеуді тез жолға қоюға көмектеседі. Балалармен тілдік қарым-қатынасты дұрыстау логопедтің міндеті.
  • Музыкалық әсер ету технологиясы. Музыка күшті психологиялық әсер ететін құрал. Ол нервной системасының жағдайына әсер етеді (тыныштандырады, босаңсытады немесе, қоздырады), осыылай әр түрлі көңіл күй тудырады. Сондықтан біздің және балалардың қандай музыка тыңдайтыны маңызды. Тынышталдыратын музыка, қуаныш, тыныштық, махаббат сыйлайды, осылай кішкентай тыңдаушымыздың эмоциональдық жағдайын реттейді.
  • Ертегі терапиясы психотерапевтік және дамыту жұмыстары үшін керек. Ертегіні ересек адам айтады, немесе топпен айтады. Ертегіні талдаған дұрыс, одан үйренер нәрсе көп. Балалар ертегі кейіпкерлеріне ұқсағысы келеді, рольдерде ойнағанды жақсы көреді. Ол үшін қуыршақ театрын, рольдік ойындар қолданылады, онда балалар әр түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналады. Балалар өздері де ертегі құрастырады

Практикалық бөлім.

  • Тыңдаушыларды 2 топқа бөлу.
  • Тапсырма. «Ертегіні басқаша аяқта» «Бауырсақ» - түлкі немесе басқалары бауырсақты жемеуі үшін не істеу керек? «Теремок» - аю теремокты басып, жаншып тастамауы үшін не істейміз? «Мақта қыз бен мысық»- мақта қыз аяз ата таяғын қандай мақсатта қолданады леп ойлайсыңдар?
  • Тапсырма. «Мейірімділік пен зұлымдық» - Мейірімділік зұлымдықты жеңетін ертегілерді атаңдар.
  • Тапсырма. ... ертегінің атын атаңдар

Жаттығулар құрылымы- этюдтер балаларды топтарға жинақтауға:

  • - «Тышқан жүгіреді»- Тышқан інінен басын шығар-ды, жан-жағына қарады, бөлме ішінде жүгірді, қорқып кетті де, қайтадан ініне қашып кетті;
  • - «Аю лимонды жеді»- аю столдың жанына келді, иіскеледі, лимонның бөлігін алды, аузына салды да қайғылы бетін тыржитты;
  • - «Шошқаның баласының кактусқа отыруы»- шошқаның баласы жүгіріп жүр, құйрығын бұлғаңдатады, жүгіріп келіп кактусқа отырады, тікенектерін суырады.

Іскерлік ойын «Алдар Көсе мен бай».

  • 1. Қазір мен барлығыңа белгілі сүйікті халық батыры Алдар Көсені еске түсірулеріңді сұраймын. Қатысушылар Алдар Көсе туралы барлық ертегілерді еске түсіреді.
  • 2. Ал енді Алдар қандай тапқырлықпен «Алдар Косе және сиқырлы тон» ертегісінде байды алдады?
  • 3. Алдардың барлық қасиеттерін жазыңдар: Ол тез тіл тапқыш деп айтуға болады ма? Біздің қоғамда Алдармен салыстыруға болатын адамдар бар ма? Алдар косе 21 ғасырда өмір сүре ала ма?
  • 4. Сендердің топтарыңда Алдар Косе бар деп елестетіңдер, сендер оның досысыңдар, барлығың Америкаға бара жатырсыңдар, ал екінші топ Италияға кетіп бара жатыр. Сендерге Алдардың американдық немесе итальяндық стилдегі тонын шешкізу керек. Топтар ойнайды (фишкаларды таратқанда артистизм, импровизация, актерлік шеберлік ескеріледі). Фишкаларды санап, жеңімпазды жариялау.
  • - Мен аяздан да, желден де қорықпаймын, себебі мен ерекше тон кигенмін, оның тесіктерінің бірінен суық жел кірсе, екіншісінен шығады. Бай бұл тонды маған сат дейді. Алдар оны сата алмаймын, оның құны жоқ дейді. Бай алғысы келген затын алмай қоймайтын адам. Мен саған өз тоным мен атымды берейін, сен маған тоныңды бер дейді. Алдар тонын қимағандай өтірік жылайды, ал көкірегі қуанып тұрды.
  • - (епті, артистік қабілеті жоғары, іскер, ақылды, мақсатқа ұмтылғыш…).
  • - Қазір тапқырлық, тіл тапқыштықтың арқасында көптеген адамдар бизнесмен, жеке кәсіпкер, компания басшысы болды.

Мастер-класс «Арт-терапияны мектепке дейінгі ұйымда қолдану».

  • Мақсаты: педагогтарды арт-терапия элемент-терін қолдану іс-тәжірибемен таныстыру.
  • Құралдар: сурет салатын қағаздар, қаламдар, карандаштар, фломастерлер, алма, алма шырыны, лотерея салатын қалта, «Ормандағы жаңбыр» атты музыкалық туынды

Жазбаша рефлексия. (мастер-класқа қатысушылардың жұмысқа дайындығын анықтау).

  • -Фигураны сүйікті түсіңмен_________________
  • -Сүйікті түс адамның мінезі, оның эмоциональ-дық жағдайы туралы көп нәрсені білдіреді ( қо-сымшаны қара).
  • -Сіз қазір не сезіндіңіз?____________________
  • -Сіздің осы қарым-қатынастан күтетініңіз?____
  • ________________________________________

Арт-терапия

  • Арт-терапия – бұл өнер туындыларын қолдануға негізделген психотерапияның арнайы формасы. Оның мақсаты жеке тұлғаға өзіндік дамуы, өзін өзі көрсете алуына жағдай тудыру. Арт-терапия үдерісінде өзін-өзі танудың, позитивті көңіл аударудың, өзіндік жетістікке жетудің өзектілігі қанағаттандырылады. Баланың тиімді емес нәрсеге жұмсайтын психикалық энергиядан құтылуға мүмкіндік береді. Бала өзін жайлы сезініп, босаңсиды. Өзін-өзі демонстрациялау, негатив, агрессия (психикалық қорғау түрлері) бастамашылдық, шығармашылыққа жол береді.
  • Арт-терапия модельдері қазіргі денсаулық сақтау технологиялары болып табылады және балалардың жас ерекшеліктерін, нерн-психикалық мүмкіндіктерін ескеріп даму деңгейін анықтайды. Шығармашылық арқылы балалар өзі туралы жаңа ақпарат алады: «мен табыстымын», «менде қабілет бар», «мені басқалар мойындады», «менің ойым ескерілді», «мен қиындықпен күресе аламын». Осылай баланың өзі және қоршаған орта туралы оң көзқарасы қалыптасады.
  • Ерекше символикалық формада: ойын, сурет, ертегі, музыка- біз балаға өзінің эмоцияларын шығаруға көмектесе аламыз, конфликтілік ситуациялардан шығуға мүмкіндік береміз. 

Арт-терапия әдістерін жіктеу:

  • Изотерапия
  • Дәстүрлі емес сурет салу .
  •  Түстітерапия және бейнелеу өнері терапиясы
  •  Түс және оның өзіндік көңіл күйге әсері, түрлі түсті физүзілістер, бейнелеу өнері туындылары (сенсибилизация, синестезия).
  • Ойын терапиясы .
  •  Қозғалыс ойындары.
  •  Ертегі терапиясы.
  •  Ертегі кейіпкерлерінің образдарын сомдау, ертегі тыңдау.
  •  Музыкотерапия .
  •  Музыканы тыңдау және қабылдау, вокаль-ды  терапия .
  •  Драматерапия .
  •  Ертегілерді инсценировкалау.
  •  Би-қозғалыс терапиясы.
  •  Музыка әуеніне қозғалу, билеу, импровизациялау.
  •  Құм терапиясы .
  •  «Образдарды суретке салу», құммен ойнау.
  •  Су терапиясы.
  •  Сумен ойнау.

Оқу мен тәрбиенің мақсатына жету қандай әдіс тәсіл қолдануға да байланысты.

  • Әдістер
  • Тәсілдер.
  • Ақпараттық
  • - қарау;
  • - бақылау;
  • - экскурсия ;
  • -тәрбиешінің үлгісі;
  • - тәрбиешінің көрсетілімі.
  • Әңгімелесу
  • - әңгімелесу;
  • - баяндау, өнер туралы баяндау;
  • - педагогтың үлгілерін қолдану;
  • - әдеби сөз.
  • Репродуктивті.
  • Эвристикалық
  •  -сабақ уақытының белгілі кезеңінде өз бетімен жұмыс жасау.
  •  Зерттеушілік
  •  Барлық жұмысты өз бетінше орындау

Арт-терапия сабақтарының құрылымы 

  • 1. Сәлемдесу ритуалы. 2-3 минут. Балалардың көңілін аударып, біріктіреді.
  • 2.«Кеңестікте сурет салу», «Дәптер бетіне серуендеу»-балаларды жұмысқа дайындауға көмектеседі.
  • 3. Негізгі мазмұн . Бұл бөлім шығармашылық жұмысқа арналады. Оған 1-3 тапсырма енуі мүмкін: логикалық ертегілер байланысы, жаттығулар, саусақ гимнастикасы.
  • 4.Балалар жұмысымен жүздесу, образдарды табу, олардың құндылықтарын анықтау.
  • 5. Сабақты қорытындылау.

Шай ішу үзілісі.

  • ( Барлығы алма шырынын ішеді.)
  • - Қандай шырын іштіңіз?
  • - Осы сәтте не сезіндіңіз?
  • - Күнделікте өмірде ақпарат жай сөйлесуден жақсы сақтала ма, әлде сезім, эмоциялар, қандай да бір кездесу, сәттерді бастан кешіргенде жақсы сақтала ма? Сондықтан дәстүрлі оқытуда баяндама оқу басты орында болса, қазір ол әдіс өз тиімділігін жояды. Қазір көбінесе балалардың танымдық қабілетін дамытуда «Белсенді оқыту әдістері» деп аталатын тәсілдер кеңінен қолданылады. Белсенді әдістер деп оларды қолданғанда оқу қызметі шығармашылық сипат алса, танымдық үдерісті жасаса және шығармашылықпен ойлану болса атайды.

Дәстүрлі және беленді оқыту әдістері 

  • Көрнекілік әдісі
  • Әдістер
  • Ұйымдастыру формасы
  • Көрнекі
  • Есту.
  • Көрнекі
  • Көрнекі-есту.
  • Заттан шығатын музыка, дыбыстарды тыңдау.
  • Көрнекі-сезіну
  • Дәмін көру, ұстап көру, заттың иісін сезіну (құбылыс-
  • тарды, объектілерді).
  • Сипаттау
  •   Сөзбен қолдау, зат туралы баяндама (құбылыстарды,
  • объектілерді).
  • Интеграция :
  • әдістерді көрнекі-көру, көрнекі-есту. көрнекі-сезіну.
  • Ойындар:
  • - рольдік
  • - имитациялық
  • - іскерлік
  • - ұйымдастырушылық-қызметтік.
  • Белсенді
  •  Көрнекі-экстрасенсорлық.
  • Өзінің сезімін, эмоциясын, ассоциациясын білдіру,
  • - рефлексия (жазбаша және ауызша)
  • - өнер түрлерінде (сурет салу, мүсіндеу, драматургияда,
  • кескіндеме, би).

Арт-терапиялық жаттығулары

  • Арт-терапиялық жаттығулар- өзін-өзі тану, көрсету құралы. Арт- терапиялық жаттығулар балаларды бір топқа біріктіреді, қарым-қатынасты жеңілдетеді, шығармашылық орта жасайды. Әсірессе бір-бірімен ауыр сөйлесетін тұйық, ұялшақ балалардың жұмыс жасауына тиімді.
  • а) Жаттығу«Лотерея» ---------------------------(ойын терапиясы)
  • Мақсаты :ойлауды, қиялды дамыту.
  • Нұсқау: қатысушылардың алдында сиқырлы сандық пайда болады, онда тосын сый бар. Әрбір қатысушы тапсырмасы бар жазылған қағазды алады, оқиды, орындайды.
  • жұмбақты шеш,
  • тақпақ оқы,
  • оң жақтағы көршіңді мақта,
  • жаңылтпашты оқы «Мамам Мағзұмды мадақтамас алдында мақта қызға мақтады...»,
  • өлеңнен үзінді айт,
  • модель секілді залда жүр.

Жаттығу-ойын «Ормандағы жаңбыр».

  • Мақсат: релаксация, эмпатия сезімін дамыту.
  • Нұсқау: қатысушылар дөңгелекке бірініен соң бірі тұрады, олар ормандағы ағаштарға айналады, мәтінді тыңдап, қозғалысқа келеді.  
  • Орманда күн жарқырап шықты, барлық ағаштар өзінің бұтақтарымен күнге тартылды. Олар жоғары-жоғары тартылып, жапырақтарын қыздыруды ойлайды (аяқтарының ұшымен тұрады, жоғары қолдарын көтереді, саусақтарымен жоғары тартылады).
  • Бірақ жел соқты, ағаштар жан-жаққа шайқала бастады. Ағаштар тамырларымен мықты тұр, тек шайқалады (ары-бері шайқалады, аяқтарының бұлшық еттерін шынықтырады).
  • кенеттен жел жаңбырдың бұлтын алып келді де ағаштар алғашқы жаңбырдың нәзік тамшыларын сезді. (қатысушылар саусақтарымен алдында тұрған баланың арқасына жеңіл өозғалыспен қағады)
  • Жаңбыр барған сайын күштірек ұрады (саусақтың қозғалысын күшейтеміз)
  • ағаштар бір-бірін аяй бастады, олар өздерін жаңбырдың ірі тамшыларынан бұтақтары арқылы қорғай бастады (алақанмен алдында тұрған баланың арқасын жабады).
  • Бірақ қайтадан күн пайда болды. Ағаштар қуанды, жапырақтарынан жаңбырдың артық тамшыларын сілкіп тастады, тек қажет ылғалды қалдырды. Ағаштар өздерінің бойында балғындық, сергектік, қуаныш пайда болғанын сезді.  

Жаттығу «Өзіме бала болуға мүмкіндік беремін…»----(изотерапия)

  • Нұсқау: Сол жақ қолмен жақсы көретін ойыншығың-ды салу, астына атын жазу. Талдау жасау. Неге сен мұны салдың? Сен образды сомдауда өзіңді қалай сезіндің? Қазір не сезіп тұрсың?
  • Қорытынды.
  • Арт-терапия сабақтары элементтері балаларға танымдық шығармашылық, қуаныш сыйлайды. Олар осы сезімді бір рет көрсе, кейін суреттерінде, аппликацияларында, ойындарында т.б. ол туралы айтқысы келеді, не сезгенін, көргенімен бөліскісі келеді.
  •  

Мектепке дейінгі балалардың сыни ойлауын дамыту

  • Сыни ойлау термині Ж. Пиаже, Дж. Брунер, Л.С. Выготский. Жұмыстарынан белгілі. Бұл ашық ойлау, бағалаушы, рефлексия жасалатын ойлау. Мұнда жаңа ақпарат өмірлік жағдаяттарға салынады. Сонысымен шығармашылық ойлаудан ажыратылады. Дегенмен сыни ойлау мен шығармашылық ойлау арасында нақты айырмашылықты айту қиын.

Сыни ойлау әдістері:

  • 1. Синквейн - (от фр. cinquains, англ. cinquain) бес жолды ол АҚШ XX ғасырдың басында жапон поэзиясының әсерінен келген. Соңғы уақытта 1997 Россияда да) дидактикалық мақсатта қолданылады. Ол образды сөйлеуге көмектеседі. Синквэйн құрылымы:
  • 1 жол– кілттік сөз, мазмұнын анықтайды; 2 жол – 2 сын есім, берілген түсінікті сипаттайтын; 3 жол – 3 етістік, берілген тақырып бойынша қимылды білдіреді; 4 жол – тақырыптың мәнін ашатын қысқа сөйлем;
  • 5 жол зат есім қорытынды
  • Мысалы: 1.Бауырсақ 2.Бауырсақ дөңгелек, сары. 3. Бауырсақ домалайды, сөйлейді, қашады.
  • 4. Бауырсақ әжесінен атасынан қашты. 5. Айлакер.

Кластерлер (англ. cluster —шоғырлану) —Жүзім бұтағы

Әдістемелік кірпі

Кім? Не істеді? Не болды?

  • Термин
  • Гипотеза
  • (терминге анықтама айту)
  • Анықтама
  • Мақалдар
  • Шығармашы-лық тапсырма
  • (ребус, синквейн т.б.)
  • Денсаулық
  • Ауру
  • Профилактика
  • Норма
  •  
  •  
  •  
  •  

Дұрыс және дұрыс емес пайымдаулар

  • Оқылған тақырып бойынша бірнеше пайымдаулар ұсынылады. Балалар «дұрыс» пайымдауларды тыңдаған мазмұнға сай атайды.
  • Жаңаны оқуға дайындық жүреді, кілттік көздері анықталады. Рефлексия кезеңінде қайсысы дұрыс болғанын білуге болады.
  • Келесі тәсіл–   »Идеялар себеті».
  • «Идеялар себеті» тақырып бойынша балаларда қандай білім бар екенін анықтауға керек. Себетке оларға белгіліні сал дейміз.
  • Топырақ дегеніміз …
  • … жер … өсімдік өсетін жер … зат … құрлық , су емес … мекендейтін орын, жануарлар үйі

Логикалық тізбек

  • Жалпы белгілерді орнатуды дамыту. Сөздердің қатарын жалғастыр: шапка, шляпа, панама, кепка … т.с.с.

“Сіз сенесіз бе...?”

  • Педагог сұрақтарды оқиды, балалар бірінші жолға дұрыс болса, плюс қояды, ал егер келіспесе минус қояды. Екінші жол әзірше бос тұрады.
  • Сұрақтар:
  • … жел тауды бұза ала ма? … күзде жерге түскен жапырақтар топырақты бүлдіре ме? … 300 жылда 1см топырақ түзіле ме? … топырақта өмір сүретін жануарлардың індері оны бүлдіре ме? … өсімдіктер топырақ түзе ме? … топырақ пен тас туысқан ба? … топырақ– біздің асыраушымыз ба?
  •  
  •       
  •   
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет