Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ. Оқу-жаттығу
шаралары басталды
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған
ең өзекті, тағдыршешті мәселенің
бірі – қазақ тілін латын әліпбиі-
не көшіру. Тарихи тамыры терең
тұғырлы тілімізді түлетіп, сана-
мызды сілкінткен, заманның өзі
талап еткен бұл бастама көпшілік-
тің қызу талқысына түсті.
«Қоғамдық сана жаңғырудың
негізгі қағидаларын қалыптастыр-
уды ғана емес, сонымен бірге,
біздің заман сынағына лайықты
төтеп беруімізге қажетті нақты
жобаларды жүзеге асыруымыз-
ды да талап етеді. Осыған байла-
нысты, алдағы жылдарда мықтап
қолға алу қажет болатын жоба
біріншіден, қазақ тілін біртіндеп
латын әліпбиіне көшіру жұмыста-
рынан бастауымыз керек», деген
еді Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
ев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақа-
ласында.
Уақыт сынынан өткен өмір-
шең латын графикасын қазіргі
таңда әлем халқының 80 пайы-
зы меңгерген екен. Әлемде көп
таралған жазбаның бірі – латын
алфавиті екенін, әлемдік ақпа-
раттың 70 пайызы осы таңба-
мен таратылатынын, ғылымның
тілі, халықаралық терминдер,
формулалар да негізінен латын
әріптерімен жазылатынын еске-
рер болсақ, жаңа әліпби бізге зор
мүмкіндіктер туғызады. Латын
жазуына көшу бүгінгі күннің ке-
зек күттірмес қажеттілігі екенін,
латын жазуы әлемдік өркениет-
ке бағыттайтын күре жол бола-
тынын қазақстандық әр азамат
білуге тиіс.
«Мәңгілік ел» болып қалып-
тасу – жарқын болашаққа бастар
жол болса, латын әліпбиіне кө-
шу-уақыт талабы. Азияның кін-
дігінен ойып тұрып орын тепкен,
бүгінде бірнеше елдермен бәсе-
келестік орнатып, терезесі тең
тұрған, 18 миллион халқы бар
бүтіндей бір мемлекетті бір ғасыр
бойы қолданып келген «кирилл»
қарпінен латын әліпбиіне көшіру
– бір айда немесе бір жылда жүзе-
ге аса салатын оңай іс емес. Мұн-
дай үлкен жобаны іске асыру үшін
біршама уақыт пен еңбектің қажет
екендігі белгілі.
Ұлы Дала елінің тарихына
көз жүгіртсек, бірінші тұғыры
байлық – жер, екіншісі – тіл,
үшіншісі – мемлекет және оның
тарихы болуы керектігі айқында-
лады. Ағартушы-педагог ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы айтып
кеткендей, «Ұлттың сақталуына
да, жоғалуына да себеп болатын
нәрсенің ең қуаттысы – тілі» де-
ген. Алаш қайраткерлері де латын
әліпбиін жазу-сызуда қолданды.
Біздің елімізде латын қарпі іс-
қағаз құжаттарында, әдебиет,
мәдениет және басқа да барлық
салаларда 1929-1940 жылдары
пайдаланылғаны тарихтан бел-
гілі. Латын әліпбиі әлемде кеңінен
қолданылады. Орта ғасырда латын
әліпбиі Еуропаға тарады. Африка,
Америка және Азия халықтары
пайдаланды. Қазіргі латын әліп-
биінде 32 әріп бар.