№8 дәріс тақырыбы: Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқытудың тәжірибелік-бағдарлы сипаты Жоспар



бет3/6
Дата19.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#136299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-дәріс

«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
Оқушы іс-әрекетін бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.
Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар беріледі.
  • «5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.
  • «4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.
  • «3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса, қойылады. Тапсырманы орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.
  • «2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін қолданбаған жағдайда қойылады.

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет