№8 дәріс тақырыбы: Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқытудың тәжірибелік-бағдарлы сипаты Жоспар


Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды



бет2/6
Дата19.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#136299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-дәріс
Оңғарбаева Әмина, кмж жібек 25.09, кмж жібек 25.09, 123, Перевод по фото онлайн с английского и других языков – Яндекс.Переводчик 11, Каталитикалық риформинг қондырғыларының аппаратурасы мен жабдығы-melimde.com, Рег сброс пароля Договор Starbanking рус каз, 7
Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру пәнінен қосымша сабақтар немесе оқушылар мен ата- аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу бағдарламасының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.
  • Дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты 2 топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады
  • Дене шынықтыру гендер бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ер (немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады
  • Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады
  • Сонымен қатар, дене шынықтыру сабақтарын сенбі күндері таза ауада спорттық жарыстар түрінде өткізу және ол жарысқа балалардың ата-аналарын шақыру ұсынылады
  • Сабақ уақытында немесе сенбі күндері спорттық жарыстар түрінде өткізілген сабақтар дене шынықтыру мұғалімдерінің жүктемесіне енеді. Егер дене шынықтыру сабақтарын бір параллелдегі сыныптарға әртүрлі мұғалім өткізетін болса, онда бұл сағаттар әрбір мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізіледі
  • «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы қойылады. Дене шынықтыру пәнінен әр тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пәннен жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы журналға қойылады
  • Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді
  • Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сынып пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқу процесін ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер» 3-бөлімінде «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес мектептер үшін), «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары енгізілген. Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында оқыту мақсаттарының ішінде – Қазақстанның ресми емес рәміздерінің маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы)

Спорттық-патриоттық. Тәрбиелеу процесінде жұмысқа қабілетті адамды қалыптастыру; білім алушының тұлғалық моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту (күш, ептілік, төзімділік, бәсекеге қабілеттілік және т.б.); дене шынықтыру сабағында және спортпен айналысу арқылы Отанға қызмет ету және отанды қорғауға дайындық тәжірибесін қалыптастыру. Осы бағыт бойынша тәрбие жұмысының жүйесі - аурулардың алдын алу құралдарының бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды әдеттерді болдырмау.
Бірінші сабақтан бастап, ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет