Сабақ: Тәрбие сағаты Мектеп.№81 «Astana English school»



Дата08.12.2019
өлшемі18,61 Kb.
#53220
түріСабақ
Байланысты:
Табигат жане біз


Сабақ: Тәрбие сағаты

Мектеп.№81 «Astana English school» гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: М.В.Вакпаева

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар;

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтижелер

Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан халықтар туралы білімдерін арттырады.




Тілдік мақсат




Пәнге қатысты лексика мен терминология;

  • бірлік

  • татулық

  • ынтымақ

  • халықтар достығы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы


Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ануар:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Аслима:
Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.

Мансұр:
Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,


Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
Тархан:
Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
Айлана:
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Аяжан: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Алижан:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
8 - оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
9 - оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ән: «Дос болайық бәріміз».
10 - оқушы: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір - бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
11 - оқушы: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.



үнтаспа

Ортасы


Топпен жұмыс.

1-топ: Өзбек халқы

2-топ: Қазақ халқы

3- топ: Орыс халқы

4 – топ: Ағылшын халқы

Мақал – мәтелдер:


1. Татулық – достық кепілі.
2. Әрқашан тілектес.
Досыңа көмектес.
3. Татулық – табылмас бақыт.
4. достық – мызғымас қол.
5. Бірлігі – жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
6. Достық малға емес басқа жарасады.
7. Досыңа өтірік айтып, сеніміңді кетірме.
8. Адал болса досың жақын.
9. Досы көппен сыйлас.
10. Достық деген ізгіліктің алаңы.



Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.



Соңы


«Жаса Қазақстан» әні





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет