- 1-сыныпта 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты;
- 2-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі
Арнайы медициналық топтағы білім алушылардың шалдыққан сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады:
А кіші тобы – денсаулықтары түрлі сырқаттармен әлсізденген, бірақ қалпына келтіруге болатын ауытқулары бар білім алушылар
Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан, қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар білім алушылар (жүрек-қан тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көз түбінің өзгеруі салдарынан көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы)
.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлуге рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |