Семинардың тақырыбы : «Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануды көрсету»



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі2 Mb.
#27245
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Қалалық білім бөлімі

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Семинардың тақырыбы: «Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануды көрсету»

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық денелер және модельдердің проекциялары

Пәні: сызу және географиядан кіріктірілген сабақ

Пән мұғалімі: Лаззат Жузеева, Замира Исаева

Өткен орны : Мирас университеті

2015 жыл

Уақыты:19.02.15

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық денелер және модельдердің проекциялары


Сабақтың мақсаты:

Техникада кездесетін тетіктердің пішіні әртүрлігеометриялық денелер мен олардың түрлі бөліктері болатынын өткен тарауды таныстық. Өткен сабақтарды қорытындылау мақсатында, геометриялық денелерге тән барлық қасиеттерді қайталау, еске түсіру

Сабақтың міндеттері:

*Геометриялық денелердің үш көрінісі бойыншаизометриялық проекцияларын табу;

*қиылысатын екі призманың өзара қиылысуының сызбасын , изометриялық проекциясын салу.

*конустың бетіне АВ нүктесін белгілеп, көлбеу жазықтықпен қиғандағы сызбасын сызу, изометриялық проекциясын, жазбасын дайындау.

*тесігі бар немесе ойығы бар цилиндрдің, сызбасын салып изометриялық проекциясын орындау.

тақырыпқа байланысты топтық тапсырмалар орындап,сұрақтар дайындау;

*сабаққа байланысты рефлексия жазу.



Күтілетін нәтиже:

*Геометриялық денелердің үш көрінісін және бөлшектің сызбасын үш көріністе салып,проекцияға сала біледі, көлбеу жазықтықпен қиып, жазбасын дайындай алады.

* ойығы бар цилиндрдің, сызбасын салып, изометриялық проекциясын орындай алады.

* тапсырманы топтық тапсырмада талқылай алады;

*алған білімдерін өмірде қолдана алды;

*өздіктерімен жұмыс орындай білді.


Пәнаралық байланыс

География, геометрия,сурет, технология.


Сабақтың ресурстары

Интерактивті тақта, слайдтар, топқа бөлінуге арналған кеспелер, плакаттар, мәтіндер жазылған кеспеқағаздар, маркер,жеке және топтық бағалау парағы, кері байланыс парақшалары,





Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

1

2

3.


3


Сабаққа дейінгі кезең

Сабақ кезіндегі кезең

Мағынаны тану

1.Сыныпты топқа бөлу.
Әр қатысушылардың алдына жеке бағалау парақшасы беріледі.

2.Ой қозғау. «Қанша шар немесе қанша куб» бар?


3.Қызықты тест тапсырмаларын орындау.

1.Түрлі геометриялық денелердің алдынан қараған көрінісі берілген, үстінен қараған көріністің 6 нұсқасы бар, қайсысы дұрыс?
2.Топтасқан 3 геометриялық денелердің алдынан және сол жағынан қараған көрінісі берілген үстінен қараған 4 нұсқаның қайсысы дұрыс?

4.Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

Нәтижесінде – «Пирамида» , «цилиндр», «Призма», «Конус» денелерінің аты шығады.

5.Мәтінді оқығаннан 10-минуттық эссе жазады.


Әр топтан үздік эссе топтың келісімімен жарияланады

6.Топтық тапсырма .


Тапсырматехникалықсуреттеорындалады.

География пәнімен байланыстыру.



Геометриялық денелер бейнеленген парақшалар арқыылы топқа бөлінеді.

1топ- пирамида

2 топ- призма

3 топ- конус

4 топ- цилиндр

Слайд арқылы тапсырмадан «Қанша шар немесе куб» барекенін табады.

1--11;

2-14;


3-10.

1-тапсырма.Алдынан қараған көрініске үстіндегі көріністің қайсысы сәйкес келеді?

1-5;

2-1;6;


3-6;

4-2,4,5.


2-тапсырма.Мына сызбаға, үстіндегі көріністердің қайсысы сәйкес келеді? Берілген тапсырманың дұрыс нұсқасын белгілеп отырады.

1-2;


2-3;

3-4;


4-2.

Дұрыс жауабын айту арқылы, өзін-өзі бағалау.


Әр топқа мәтінмен танысу үшін жеке жұмыс беріледі. Мәтін геометриялық денені сипаттауға, суреттеуге, мағынаны тануға арналған. Мәтінмен танысу арқылы, қандай геометриялықдененің сипатталғандығын табады.Сол табылған дене атымен топ өздерінің аттарын анықтайды. Анықталған дененің атын бағалау парақшасына жазып қояды.

1-ші топ«цилиндр».

Тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі.Тік төртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасы оның осі болып табылады,ал оған қарама- қарсы қабырғасы – жасаушысы оның бүйір бетін және қалған екі қабырғасы оның табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызады. Оның жасаушылары табанына перпендикуляр немесе көлбеу болуына қарай тік немесе көлбеу болуы мүмкін. Тік айналмалы дененің бүйір беті жасаушының АВ кесіндісіносы кесіндіге параллель осьтің маңында айналдыру нәтижесінде пайда болады. . ( Денені техникалық суретте орындап , эссе жазу)


2-ші топ«пирамида».

Дененің табанында дұрыс көпбұрыш жатып,оның биіктігі табанының центрі арқылы өтетін болса ,онда бұл қандай дене болады.Оның шаршылы табаны горизонталь жазықтыққа нақты шамасымен проекцияланады .Оның табанының проекциясында диогоналдары болып табанының төбелерінен дене төбесіне сызылған дене қырлары кескінделеді Оның фронталь және горизонталь проекциялары тең бүйірлі үшбұрыштар болады.Оның өлшемі табанының екі қабырғасының ұзындығы b және h биіктігімен анықталады.Изометриясын тұрғызу табанынан басталады.Алынған фигураның центрінен перпендикуляр тұрғызып ,оның бойына биіктігін белгілеп,табылған нүктені табанының төбелерімен біріктіреді.


3-топ «призма».

Дененің бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болса тік деп аталады,ал қырлары табанына көлбеу болса көлбеу деп аталады,ал табандары тікбұрыштар болса ол параллелепипед деп аталады.Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель,табандары оның нақты шамасымен ,ал фронталь және профиль жазықтықтарға түзу сызық түрінде кескінделеді.Бүйірінің жақтары параллель проекция жазықтықтарына нақты шамасымен ,перпендикуляр проекциялар жазықтықтары сызық түрінде бейнеленеді. Проекция жазықтықтарына көлбеу жақтар бұрмаланып бейнеленеді.


4-ші топ «конус».

Тік бұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуіне айналдырғанда шығатын айналу денесі.Оның бүйір беті BS кесіндісінің осіне бағыттаушысы –табан шеңбері бойынша айналдыру нәтижесінде пайда болады.Оның изометриясын тұрғызуды табанының изометриясын тұрғызудан бастайды ,содан кейін центрден z осі бойынан биіктігін белгілейді және жасаушылыры овалға жанама ретінде жүргізіледі.Изометрия проекциясында оның бетінде орналасқан А нүктесіне үш координаты бойынша тұрғызады.


Мәтінді оқығаннан және жалпы талдағаннан кейін 10-минуттық эссенің көмегімен өз ойларын ұйымдастыру ұсынылады (еркін хат әдісі бойынша).

Әр геометриялық дененің қандай дене екенін, ұқсас қандай денелер бар екені, сипаттама беріп, қмірмен байланыстыра отырып өз ойларын еркін жеткізеді.


Келесі орындалатын тапсырмамен танысып, өздеріне берілген топтық жұмысты техникалық жұмыста орындайды және өмірмен байланыстыра отырып өздерінің идеяларын қосады.

1-ші топ бес бұрышты пирамиданың сызбасын, аксономиялық проекциясын және макетін дайындайды.

2-ші топ қиылысатын екі призманың өзара қиылысуының сызбасын , изометриялық проекциясын салу.

3-ші топ конустың бетіне АВ нүктесін белгілеп, көлбеу жазықтықпен қиғандағы сызбасын сызу, изометриялық проекциясын, жазбасын дайындайды.

4-ші топ тесігі бар немесе ойығы бар цилиндрдің , сызбасын сызып изометриялық проекциясын орындау.
Әр топ өздерінің түйінді ойлары мен жаңалықтарын ортаға шығып қорғайды,

Геометриялық денелерді карта жасауда пайдаланылады. Карталарды түрлі проекциялар арқылы жасайды. Цилиндрлік, конустық, азимуттық ( призма) түрлері бар. Геометриялық денелерді өмірде көп қолданылады. Геометриялық денелерді география пәнімен де байланыстырып өткізуге болады екен. Цилиндрлік проекция арқылы дүние жүзінің картасын жасайды. Конустық проекция арқылы орта ендіктегі мемлекеттердің карталары жасалынады. Азимуттық ( призма) проекциялар аймағының карталары жасалынады. Геометриялық денелер арқылы картадағы бұрмалануларды анықтауға болады.



2минут

2минут


2минут
2минут

1 минут
Мәтінмен танысуға 2 минут беріледі

10 минут

3 минут

Топтық талқылауға 5 минут

8 минут
6 минут



5

Рефлексия

Топтық жұмыстың қандай жағымды жақтырын байқадыңыз?Бірлесе жұмыс жасау тиімді болды ма





2минут







Осы сабақтан өзіңізге не алдыңыз?

Нені ұсынар едіңіз?











Рефлексия

Мирас университетінде ұйымдастырылған «Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануды көрсету» тақырыбында өткен семинарда «Геометриялық денелер және модельдердің проекциялары» тақырыбында тренинг сабақ жүргіздім. Бұл тренинг сабағымызда сызу және география пәндеринен кіріктірілген сабақ түрде көрсеттік. Қатысушы әріптестерді « пирамида », « призма», « конус», « цилиндр» деп топқа бөлдім. Әр қатысушылардың алдына жеке бағалау парақшасы беріліліп онымен қалай жұмыс жүргізілу керектігі түсіндірілді. Ой қозғауға арналған «Қанша шар немесе қанша куб» бар? тапсырмасы логикалық, яғни оқушыға осындай тапсырма берсең балалардың қызығушылығы артып бәрі жұмылып жұмыс жасайды. Әріптестеріміздің арасында жауабын таба алмай жатқандар да кездесіп жатты. Қызықты тест тапсырмасын жылдам орындау керек. 4 нұсқаның дұрыс жауабын табамыз. Дұрыс жауабын бағалау парағына белгілеп отырды. Келесі тапсырма геометриялық денелерді суреттейтін мәтін берілді. Сол тапсырма бойынша әр топқа мәтінмен танысу үшін жеке жұмыс беріледі. Мәтін геометриялық денені сипаттауға, суреттеуге, мағынаны тануға арналған. Мәтінмен танысу арқылы, қандай геометриялық дененің сипатталғандығын табады. Сол табылған дене атымен топ өздерінің аттарын анықтайды. Анықталған дененің атын бағалау парақшасына жазып қояды.
Каталог: uploads -> doc -> 0161
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0161 -> Сабақ жоспары: Пән аты : Информатика Сынып : 5
0161 -> Сабақ Бейнелеу өнері 5 сынып I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет