8-лекция. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты



бет4/6
Дата26.04.2023
өлшемі44,45 Kb.
#175521
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЖАК 7-8-9-10-лек

Бақылау сұрақтары
1. Қауіпсіздік саясат дегеніміз не?
2. Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері?
3. Кепілдік дегеніміз не және оның мақсаты?
4. Қорғаныш жоспарын құрастыру?
5. Ақпараттық қорларды түгендеу?
6. Қатынас маниторы және оның қасиеттері?


9-дәріс. Аппаратураға қатынауды бақылау. Деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (ДӨАЖ) ақпаратына қатынау шектерін айыру және бақылау. ДӨАЖ-дегі ақпараттарды қорғау әдістері.


Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттері:

  1. Талданады және жүйені тұрғызу принцпінің негізінде тұрғызылады және басқарылады;

  2. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылады;

  3. Ақпараттық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдану қажет етіледі;

  4. Ақпараттық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау құрайтын ақпарат табылады;

  5. Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдейтін адам-компьютерлік жүйе ретінде қабылдау керек.

Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы жағдайда ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады. Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.[16]

  1. Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;

  2. Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;

  3. Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;

  4. Қолданылатын ақпараттық технологияның түрі.

Ақпараттық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып табылады. Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз құрылуына жауап береді. Ақпараттық жүйелердің сенімділік функциясы шығатын нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан үлкен мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты шығарылуын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпарттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз: 1) Ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Олар ақпаратты жинап оны пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын жүйелер. 2) Ақпаратты-іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі; 3) Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер; 4) Ақпараттық-басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру; 5) Ақпаратты есептеуіш жүйелер. Мекемелерді, кәсіпорындарды дамытудың бірден-бірі қаржылық есептеуіш жүйелері. Ол жүйенің жұмысын жүзеге асыруға алдына қойған мақсаттарға жетуге жеңілдік жасайды. Мысалы, 1С бухгалтерлік есептеу жүйесін алуға болады.
Ақпараттық жүйелерді құру барысында еңбек шығынының негізгі үлесі қолданушылы бағдарламалық жасақтамамен мәліметтер қорына түседі. Сондықтан бағдарламалық жасақтама өндірісі бүгінгі күннің дүниежүзілі экономиканың ең ірі саласының біріне айналып отыр. Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе — бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйенің белгіленуі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастыру және сенімді ақпаратты беруден тұрады. Ақпаратты қамтамасыз ету бұл классификацияның және ақпараттық кодтаудың біртұтас жүйелерінің, құжаттамалаудың унифицирленген жүйесі, ақпараттық ағымдар суреті, сонымен қатар мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы жиындары. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелері мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Ең бастапқы мақсатты қоғамдық өндірістің кез-келген сферасындағы көрсеткіштерді қамтамасыз ету. Келесі талаптар орнатылған стандарттарға әзірленген:

  1. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелеріне;

  2. Басқарудың әртүрлі жүйелеріндегі құжаттың унифицирленген формалары;

  3. Реквизиттермен көрсеткіштердің құрамымен құрылымына;

  4. Құжаттың унифицирленген формасын реттеуді ендіру, жүргізу және тіркеу.

Алайда унифицирленген құжаттамалар жүйесін реттеу барысында көптеген типтік кемшіліктер кешені пайда болды. Қолмен өндіру үшін құжаттың мөлшерден тыс үлкен көлемі; Әртүрлі құжаттарда бірдей көрсеткіштің қайталануы; Үлкен көлемді құжаттармен жұмыс жасау мамандардың тікелей есептерді шешуде көңілін аударады.
Сондықтан көрсетілген кемшіліктерді болдырмау, ақпараттық қамтамасыз етуді құру барысындағы міндеттің бірі болып табылады. Ақпараттық ағындар сызбалары ақпараттар қозғалысының маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болу орнындағы оның көлемін және нәтижелік ақпараттарды қолдануды бейнелейді. Осындай сызбаның құрылымдарын талдау үшін барлық басқару жүйелерінің дамуы бойынша шараларды жүзеге асыруға болады. Мәліметтер ағынының қарапайым сызбаның мысалы ретінде қызметтік жазбаның жүруінің барлық кезеңдері бейнеленген немесе қызметтің жұмысқа орналасуымен оның жұмыстан шығуы туралы мәліметтер қорындағы жазбаның кезеңдері бейнеленген сызбаны алуға болады. [16]
Ақпараттың көлемін және оның детальды талдауын анықтауға мүмкіндік жазбайтын ақпараттық ағындар сызбасын тұрғызу үшін: Қолданылмайтын және қосарлануды болдырмайтын ақпараттарды; Ақпаратты классификациялау және рационалды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Басқару деңгейі бойынша ақпараттар қозғалысының өзара байланысын толығырақ қарауға болады. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау үшін қандай көрсеткіштер қажет, қандай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау керек. Әрбір орындаушыға тек қолданылатын ақпараттар туралы ақпарат түсуі қажет. Мәліметтер қорын тұрғызу методологиясы оның жобалауының теориялық негіздеріне бағытталады. Методология концепциясын тәжірибеде жүзеге асатын оның негізгі идеялары 2 кезеңмен түсіндіріледі.
1 кезең. Келесі мақсаттар бойынша фирманың барлық функционалдық бөлімдерін зерттеу. — оның қызметінің спецификациясының құрылымын түсіну; — ақпараттар ағындар сызбасын тұрғызу; — құжат алмасудың жүйесін талдау; — ақпараттық объектерді және оның қасиеттері мен белгіленуін сипаттайтын сәйкес реквизиттер (параметрлер, сипаттамалар құрамын анықтау).
2 кезең. Қызмет сферасының 1-ші кезеңдерде зерттелу үшін мәліметтерін концептуалды ақпараттық логикалық модельін тұрғызу. Бұл модельде объекттер мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар оптимизацияланған және орнатылған болуы тиіс. Ақпараттық логикалық модель мәліметтер қоры құрылатын фундамент болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін: 1) ұйымды басқарудың барлық жүйелерінің мақсатын, міндетін функцияларын нақты түсіну; 2) ақпараттың пайда болуынан оның ақпараттық ағындар сызбасы түрінде талдау үшін ұсынылатын басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі қозғалысын анықтау; 3) құжат алмасу жүйесінің жетілуі; 4) классификациялармен кодтау жүйесін қолдану; 5) ақпараттың өзара байланысын бейнелейтін концептуалды ақпараттық логикалық моделін құру методологиясын меңгеру; 6) қазіргі заманғы техникалық қамтамасыз етуді қажет ететін машиналық тасымалдаушыларды ақпараттар массасын құру қажет.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған, сонымен қатар осы құралдар мен технологиялық үрдістерге сәйкес келетін құжаттамалардың техникалық құралдар кешені.
Техникалық құралдар кешені келесілерден тұрады:

  1. кез-келген модельді компьютер;

  2. ақпараттарды жинау, жинақтау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;

  3. деректерді беру құрылғылары және байланыс линиялары;

  4. ақпараттарды автоматты алынып-салыну құрылғысы,

  5. эксплуатациялық материалдар және т.б.

Құжаттамалаумен техникалық құралдарды алдын-ала талдау, олардың эксплуатациялануын ұйымдастыру, деректерді өңдеудің техникалық үрдісі, технологиялық жабдықтар рәсімделеді. ҚұӨұжаттамалауды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттардан тұратын жалпы жүйелік;

  2. техникалық қамтамасыз етуді әзірлеудің барлық кезеңдері бойынша әдістемелер кешенінен тұратын арнайыландырылған.

  3. техникалық қамтамасыз ету бойынша, есептеулерді орындау барысында қолданылатын нормативті анықтамалық.

Қазіргі кезде техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары бар (техникалық құралдарды қолдану формалары): орталықтандырылған және бөлшекті немесе толығымен орталықтандырылған. Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйеде үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарын қолдануға бағытталған. Орталықтандырылмаған техникалық құралдар дербес компьютерлерде жұмыс орнымен тікелей функционалды бағыныңқы жүйелерді жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет