8-лекция. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты



бет6/6
Дата26.04.2023
өлшемі44,45 Kb.
#175521
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЖАК 7-8-9-10-лек

Қауіпсіздік тамғасы. Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.
Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және категориялар.
Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.
Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті - деректер жататын аймақтың тақырыбын сипаттау.
Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты негізгі проблемелардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте (қолдануға ыңғайлы) саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден, қорғалынатын деректермен қандайда болмасын операциялар орындалмасын, қауіпсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек.
Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады.
Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды басқару мәжбүрлі деп атаудың себебі - қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі.
Егер субъектінің құпиялылық деңгейі объектінің құпиялылық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда субект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, «өте құпия» субъект «өте құпия» және «құпия» файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда «субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым» деп атайды.


Бақылау сұрақтары
1.Қауіпсіздік саясат дегеніміз не?
2. Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері?
3. Қауіпсіздік тамғасы?
4. Қауіпсіздік тамғасының түрлері?
5. Қорғаныш тәсілдерінің бірі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет