8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің педагогикалық міндеттері



бет14/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû


4 ТАҚЫРЫП


Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің педагогикалық міндеттері


Қарастырылатын мәселелер:
1. Мұғалім мамандығы туралы ұғым
2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі.

Пайдалатынатын әдебиеттер:

  1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

  2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-1004ж.

  3. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

  4. Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы 1000ж

  5. Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.

  6. Под. ред. Б. А. Ашмарина Теория и методика физического воспитания. Москва 1979.

  7. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 2003

  8. К.Б Сейдалиев Тәрбие теориясы Алматы 1986



1. Мұғалім мамандығы туралы ұғым
Еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.
“Халық мұғалімі” – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, өрасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде “жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін”- деді. Я.А Коменский “мұғалімнің қызметі мәртебелі”- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен тде айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры” – деп атап көрсетті.
Қоғамды жан - жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы – адам, сондықтан адам дакторына ерекше мән беріледі.
Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір – бірімен тығый байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адамқоғамды соншалықты дәрежеде дамыады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын - адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалшылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.
Ұстаздың адам өміріндегі ролі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға,-
десе, Қазақтың ғұлама ғалымы Әл – Фараби “Жаман мінез- құлық рухани кесел”- деді, Жүсіпбек Аймауытұлы “Дәрігерденде ұстаздың көп болғаны артық, дәрігер адамның денін сауықтыратын болса, ұстаз адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады” – деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет