8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны



бет22/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс - әрекеттінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.
Сонымен, Санкт – Петербург педагогикалық институтның ғалымдары жасаған тәбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасуы қажет.
Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолдануда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.
Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
Екінші топ. Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез – құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін - өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т.б.). қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.
Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады. Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт – Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.
Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т.б.
Жарыс балалардың ұжымында іс - әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар – намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т.б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу б) мектеп және үй режимін сақтау в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет