Үйрету – бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына мақсатқа орай ескеру қажет:
жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;
жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.
8 - тақырып
Дене шынықтыру және спорт сабағында оқушылардың ұжымын қалыптастыру
Қарастырылатын мәселелер: Ұжым тәрбие құралы.
Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір - бірімен сабақтастығы.
Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
Ұжым өмірінде жеке қатынас, өзара жауапкершілік қатынас және
гуманистік қатынастың мәні.
Пайдаланатын әдебиетер: Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық университеті. Педагогика
пәні бойынша лекциялар жинағы. Алматы-1991ж.
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
1. Ұжым тәрбие құралы. Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу" деп анықталған.
Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден — бір көзі — адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.
Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуметтік ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
бөлігі.
Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым — бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың "Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т.б баяндалды.
ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.