8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны



бет33/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
Контрольные работы2019, Тест физика 9 сынып, Сөж педагогика Нұрбақыт, Әлеуметтік интеллект, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
2. Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
Құлық тәрбиесінің міндеттері:
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден тәрбие процесінің объективті
және субъективті жақтарының бірлігіне яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі - бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты.
Адамгершілік тәрбиесінің принциптері:

        1. Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі.

        2. Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі.

        3. Педагог балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципі.

        4. Сезімге, санаға, мінез – құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.

        5. Мектепте және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі.

        6. Жеке - дара тәсіл принципі.

Оқушыларының дамуында бір-бірімен сабақтастыққа байланысты болуы айрықша орын алады. Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас-көз болумен құлықтық ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру барысында біртіндеп қабылдайды. Алайда, құлықтық ережелер, үлгілер, нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес. Ол қоғамдық - экономикалық әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін
басшылыққа алу.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата – аналар баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар деп – оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балаларды айтамыз. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер мыналар:
Бірінші себеп – отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбилеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік – маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу – неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткілдіксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата – аналар балалардың күндеолікті өмірі мен іс - әрекеттеріне басшылық жасайды. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасеттері дамиды және қалптасады.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиеі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру, олардың ата – аналары істейтін жеріне хабарлау т.б.
Ғылыми деректерге қарағанда қиын баларжа байқалатын белгілер:
Біріншіден, аномальді қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық т.б.)
Екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейірімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік)
Үшіншіден, ата – аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары.
Төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін - өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алуы қажет:
а) Тәрбиесі қиын блалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу;
ә) Олардың кешіліктерін терең зерттеу, психологиялық – педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) Мектептерде мақсатқа бағытталан жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұймдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат мектептердің іс – тәжірибесінен көруге болады:
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата – аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оын іске асыру үшін шаралар белгілейді;
Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын балаларды әртүрлі жұмыстарға- жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс - әрекетіне, бастауыш сынып балаларын қамқорлыққа алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық – психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет