8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту



бет27/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
Контрольные работы2019, Тест физика 9 сынып, Сөж педагогика Нұрбақыт, Әлеуметтік интеллект, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
3. Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: "Дұрыс тәрбиелеудің бірден - бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады." — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.
Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.
А.С.Макаренко талап қоюдың алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
А.С.Макаренко: "Өз тәжірибесінде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын" деген.
Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш тірегі ретінде қараған.
Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет