8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Мұғалімнің кәсіптік қызметі



бет15/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

2. Мұғалімнің кәсіптік қызметі.
Өмірдің әр салалары секілді педагогикалық істе де талантар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін мамандарды айтады.
Шеберлікіті көтерудің жолы озат – мұғалімдердің, іс – тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі. (Ш.А. Амонашвили, И.П Иванов, В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, В.А. Краковский т.б.)
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты.
Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.
Талант – дарындылықтың жоғары дәрежесі, онеы зерттеу, анықтау күрделі мәселелердің біріне жатады.
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқуту процесін басқарады.Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам.
Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруде жоғары болуы тиіс. Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу – мұғалімге тән кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым педагогикалық міндеттерлі шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды болуы, мұғалімнің кәсіби мінез – құлқы мен әрекетіне өзіндік сипат береді.


5- ТАҚЫРЫП
Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімі қызметінің стилі

Қарастырылатын мәселелер:



  1. Стиль туралы жалпы түсінік

  2. Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімі қызметінің әр түрлі стиліне сипаттама.

  3. Мұғалімнің басты функциялары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:



  1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

  2. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

  3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.

  1. Е.Сағындықұлы. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы1992ж.

  2. Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы 2000ж.

  3. Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.

  4. Под. ред. Б. А. Ашмарина Теория и методика физического воспитания. Москва 1979.

  5. Қ. Бержанов, С. Мусин Педагогика тарихы. Алматы,1986






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет