8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Экономикалық тәрбиенің формалары және әдістері



бет45/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

4. Экономикалық тәрбиенің формалары және әдістері.
Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегін мәніне түсінетін мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар керек.
Осы тұрғыдан қарастырсақ оқу мектепте экономикалық тәрбие мәселелеріне байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін мынандай көрсеткіштер еске алынады:
- қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен міндеттері;
- жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдардлы меңгеру деңгейі;
- жұмысты жэоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру;
Мұны бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік, тәртіптік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Экономикалық тәрбиенің, білімнің өзігне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынандай әдістерді қалыптастыруға болады.
1. Жаттықтыру – бұл әр түрлі іс - әрекеттерін істей білуге машықтандыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, газды, суды үнемді пайдалану т.б.
2. Практикалық жұмыстар және эксперимент – бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативке, жанұялық фермаларда, мектептерде шағын мал, құс фенрмаларында қолдануға болады.
3. Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақына, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқада экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
4. Цифрлы материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жинлаған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да бір экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы материалдарды талдау т.б.
5. Ғылыми – техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
6. экономикалық сөздік жасау онда рыноктық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардыңі сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезеңде болыфп жатқан жан әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әр бір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуына қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шағармауы керек.
Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымдарының төл ісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет