8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны


Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны



бет44/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû

3. Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны.
Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс - әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты.
Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік – экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа – рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.
2. Мемлекеттің экономикалық теолриясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндерттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу - өндірістік іс - әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатын дай, еңбектің жаңа алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін юіліктермен қаруландыруы;
4. Ақыл – ойға сиымды қажеттіктерді қалыптастыру.
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.
Ең алғашқы оқушылардың экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Мектьеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсірілетін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бьағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесіне ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижесін талдау жұмыстарына оқушылардың қатынасуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнінің өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуге қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабілдік, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, акция, бизнес, рынок т.б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен жанұяда шешіледі, мектептің қатынасы жанама ғана.А.С. Макаренко: “Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек”, - деп жазды.
Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т.б. үлкен ұжымдық, кішкенге топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына, мезгілдік, қысқа уақыттағы жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау шаруашылық, жеке тұлғалық сияқты көптеген мәселелердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл – ойға сыйымды шешу, оқушылардың ақшаға қатынасын, сонымен бірге сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет