Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
И.П. Подласый. Педагогика.Москва –2000ж.
ҚР Білім беру туралы заңы. Астана-2000ж.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық университеті. Педагогика
пәні бойынша лекциялар жинағы. Алматы-1991ж.
9. Сабыров. Оқыту теориясының негіздері. Алматы-1993ж.
1.Педагогика қызметінің инновациялық бағыттылығы. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясына жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдщер мен тәрбиелеушілердің ролі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модулдық және басқа – жетекші педагогикалық өызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу – тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғаліммен арнайы психологилық – педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.