2. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі. 1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жжоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай–ақ сбақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
4. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдары, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарам –қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.
9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
3. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін еме.
Сыныптан–сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі–оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық–сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатынд оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына бйланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меғгергенін, соғн орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт–бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жзып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.