Жоғары оқу орынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, доктарантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадорларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамассыз етеді.
Кадрлардың бірлестігін арттыру және оларды қайта даярлау.Жұмысшылармен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнайы білім беру мекемелерінде, кәсіп орындарында , ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру–сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті үкімет басқару орындары бекітеді.
Сонымен білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының құзретін және адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.
Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы. Дүние жүзілік білім кеңестігіне кіру және халақаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, отандық білім жүйесін дүние жүзілік үлгңге салу деңгейіне жеткізу ең басты мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, аспиранттар) шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Бұл мәселе мемлекет аралық келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын орта және жоғары оқу орындарын бітірген дарынды жастарды шет мемлекеттеріндегі жоғарғы оқу орындарына, аспирантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.
Қазақстан Республикасында тұратын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тең дәрежелі білім алуға, қызымет істеулеріне қақылы. Ал шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтарды халақаралық келісімі бойынша білім алуға, жұмыс істеулеріне мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері шет елдік мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілік білдіреді. Олардың өзара қарым–қатынастары және ұнтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.
Елімізде білім жүйесін дүние жүзілік үлгіге сәйкес жетілдіру зертеуді қажет ететін келеі мәселелерге байланысты. Сондықтан Білім министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясы, ірі университетер және институттар мен бірлесіп, Қазақстанда ұлттық білімнің стратегиясы мен тактикасын және интеграцияның нақты саясаты мен принциптерін жасайды