2. Мектептік жылдық жоспарының сырқы көрінісі. Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар – графиктен толтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар – график түрінде де қарастырылады). Жоспар – графиктің ең қарапайым түрі 3 графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралары тізімі, екінші графа – осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады.
Жоспар – графиктік басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу бағытын бақылау графасы, тараудың орындалғаны турлы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексерудің негізгі әдістері
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.
3. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
4.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы-2003ж.
5. М. Жұмабаев. Педагогика Алматы-1992ж.
Бақылау мен есепке алудың мәні.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.
Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік – ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет етеді. Ал ,екінші жағынан оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы.Мектептерде логикалық қызмет әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген
Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу – тәрбие процесін жан – жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір – бірімен тығыз байланысты және әр қайсысы белгілі бір қызмет атқаратынбөліктердің тұтастығынан тұрады.
Қазіргі зерттеушілер бақылауға келесідегідей талаптар қояды:
бақылау мазмұнының талаптарға сәйкес болуы
алынған ақпарат мазмұнының обьективтілігі мен анықтылығы
оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі
бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:
жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттеледі:
тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты
Бақылаудың үш түрі бар:
Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекітуәдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу:
Күнделікті бақылау; сабақты немесе сабақтардың бақылау, оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу:
Қорытынды бақылау; белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеужұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ – жауап өткізу.