2.Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері. Қазіргі кезеңде қоғамның бірте – бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен ісе асыруды мектеп басшыларынан, мұғалімдерді талап етеді. Сондықтан олар үкімет заңдарының барлық салаларымен жете танысып тәлім – тәрбие жұмыстарында тиімді пайдаланудың үдемелі жолдарын іздестіреді.
Құқықтық тәрбиені замане талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланудың үдемелі формаларын, әдістері мен тәсілдерін ізестіру қажет.
Республика мектептерінде құқықтық тәрбиенің, кейбір формаларын атауға болады. Олар: құқықтық лекториялар, кинолекториялар, жасөспірімдердің заң тану мектебі, құқықтық білім клубтары т.б.
Құқтық лекториялыр.Мектептерде жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекториялардың мақсаты – жеткіншектер мен жасөспірімдердің еліміздің заңдарына және халқына құрметсезімін білдіруге тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі. Мысалы:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – халқымыздың Негізгі