Кинолекториялыр. Әр түрлі жастағы балар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі кино филмьдерді көрсетуге болады. Кинолекториялар оқушылардың құқықтық білімін, адамгершілік тәжірибесін байытады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсаты – жас түлектерді құқықтық және еңбек, азаматтық және қылмыс заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Заң тану мектептерінің оқушылары мұғалімдердің басшылығымен жүргізілетін семинарларға және практикалық сабақтарға қатысады, мектеп оқушыларының арасында құқықтық тәрбие жөнінде “Оқушы”, “табиғат және заң”, “Конституция мемелекеттің негізгі заңы” сияқты тақырыптар бойынша үгіт – насихат жұмыстарын жүргізеді.
Мектептерде құқықтық тәрбиенің басқа да формалары кезеседі. Мысалы: “Құқықтық білім факультативтері”, құқықтық тәрбиенің бір рет жүргізілетін фомалары: лекйия, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар т.б. Осы формаларға сәйкес тақырыптарды құқықтық және адамгершілік тәрбиесі негізінде іріктеп алу және пайдалану керек. Мысалы, лекция тақырыбы: “Қазақстан Республикасы азаматтары міндеттерінің, еріктерінің және құқытарының бірлігі”, пікірталас тақырыбы: “Немқұрайлылық және арамзалық қылық” т.б.
Мектеп жұмысының жүйесінде әр түрлі тәрбие әдістерінің қоладанылатыны әркімге мәлім. Сол әдістердің біразын құқықтық тәрбиеде де пайдалануға да болады. Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқытық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді: